Тақырыбы: Жай сөйлемнен өткенді қайталау

Тақырыбы: Жай сөйлемнен өткенді қайталау

Астана қаласы
№66 мектеп-лицейі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жилхайдарова Рабиға Абдумәлікқызы

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша
Мақсаты: Жай сөйлем түрлеріне байланысты жаттығулармен жұмыс жасау.
1.Білімділік: Оқушылардың жай сөйлем түрлеріне байланысты алған алған білімдерін пысықтау мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың жай сөйлемнің түрлерін ажырата білу және сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ана тілін қадір тұтуға, ізденіспаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: талдау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау; СКТ
Көрнекілігі: кітап
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Оқушыларға сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Жай сөйлем құрылысына қарай неше түрге бөлінеді?
2. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
3. Жайылма сөйлем дегеніміз не?
4. Жақты сөйлем дегеніміз не?
5. Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
6. Толымды және толымсыз сөйлемдегеніміз не?
Мұғалім оқушылардың білетіндерін қорытындылап, жаттығумен жұмыс жасау.
ІІІ. Талдау жұмыстарын жүргізу.
Үш топқа үш сөйлем беріледі. Оқушылар сөйлемдерді СКТ-ға салып талдайды.
І топ «Көз-қорқақ, қол-батыр»
ІІ топ «Халық сөзі қаһарлы»
ІІІ топ «Ердің екі сөйлегені өлгені»
Талдау үлгісі:
«Ер-ырыстың кілті»
І.Синтаксистік талдау:
І.1. Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Олар: сызықша (-), нүкте (.). нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемде тиянақтап тұр. Сызықшаның қойылу себебі бастауыш пен баяндауыш есім сөздерден болып тұр. Сондықтан бастауыштан кейін сызықша қойылған.
І.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай –хабарлы сөйлем. Себебі ой баяндай жеткізілген.
І.3. Құрылысына қарай-жай сөйлем. Себебі бірнеше сөзден құралып келіп, тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр.
І.4. Жай сөйлемнің түрлері.
І.5. Жай сөйлемнің түрлерін анықтау үшін, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне қарай талдаймыз. Ол үшін ең алдымен сөйлемнің баяндауышын табамыз. Себебі: а)баяндауышсыз сөйлем болмайды;
б)баяндауыштың орны шартты түрде тұрақты.
І.5. а) Несі?-кілті-дара, зат есімді, тәуелдік тұлғалы (і) баяндауыш.
б) баяндауыш арқылы бастауышты табамыз.
ә) Кілті кім?-ер-дара, зат есімді, атау тұлғалы бастауыш.
в) бастауыш пен баяндауышты қатыстыра отырып сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін табамыз.
І.5. б) Ненің кілті?-ырыстың-дара, зат есімді, ілік тұлғалы (тың) иелік анықтауыш.
І.4. а) Жай сөйлемнің түрлеріне қарай-жайылма. Себебі сөйлемде тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелерде бар.
б) Толымды. Себебі ойға қатысты сөйлем мүшелері толық.
в) Жақты. Себебі бастауыш бар және ол айқын.
І.6. Сөйлемдегі сөздерді байланысу түрлері мен тәсілдеріне қарай талдаймыз:
а) Ер-кілті-қиысу. Себебі бастауыш пен баяндауыш жақ-жағыны, түр-түріне сәйкес келіп, қиыса байланысып тұр. Тәсілі-интонация.
ә) Ырыстың кілті-матасу. Себебі бағыныңқы сыңары ілік септігінде, басыңқы сыңары тәуелдік жалғауында тұрып, матаса байланысып тұр. Тәсілі-жалғаулықты.
І.7. Сөйлемде:
а) ырыстың кілті деген сөз тіркесі бар. Құрылысына қарай-еркін тіркес. Себебі бағыныңқы сыңарын кез келген сөзбен алмастыра беруге болады. Мысалы: білімнің кілті, жүректің кілті т.б.
ә) тұлғасына қарай-есімді тіркес. Себебі басыңқы сыңары есім сөзден болып тұр.

Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап ұйымдастыру.
1. Жай сөйлем құрылысына қарай неше түрге бөлінеді?
2. Жақты, жақсыз сөйлемдедің айырмашылығы неде?
3. Жалаң мен жайылма сөйлемдердің айырмасы неден көрінеді?
4. Толымды, толымсыз сөйлемдердің ерекшеліктерін білесіңдер ме?
5. Атаулы сөйлем дегеніміз не?

Үйге тапсырма: 83-жаттығу. Бес мақал-мәтелге СКТ талдау.
Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау.

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста