Тақырыбы:«Арайлы алтын күз»

Тақырыбы:«Арайлы алтын күз»

Өскемен қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері
шектеулі балаларға арналған «Алтын-
дән»мектеп-балабақша кешені» КММ
Ұзартылған күн тобы тәрбиешісі :
Бекжанова Жадыра Далелханқызы
«Арайлы алтын күз» 2 сынып оқушыларының арасындағы күз мезгіліне байланысты күзгі бал мерекесі.
Мақсаты:
Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және
күз ханзадасын анықтау.
Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайыс
қа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жоспары:
Бүгінгі күзгі балымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.
1.Таныстыру
2.Өнер сайысы.
3.Күз сыйы (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы,құрамы,пайдасы туралы айту)
4. Үйге тапсырма(табиғи материалдардан қол өнер бұйымдары)
5. Білгенге –маржан. (Күз мезгіліне байланысты сұрақ-жауап)
6. Күз сән үлгісі.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Бүгін 2 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған
«Арайлы алтын күз»атты күзгі балға қош келдіңіздер.
- Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық - деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
- Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
№1 жұбымызды ортаға шақырайық.
Ай секілді өзі де,
Сыңғыр,сыңғыр сөзі де.
Томирис деген арудың,
Әдемі ғой көзі де.

Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген Елдос.
№2 жұбымызды ортаға шақырайық.
Үлкендерді сыйлайды,
Сабағынан қалмайды.
Аиша қыз сіздерге,
Ән мен жырын арнайды.

Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей Нурали
№3 жұбымызды ортаға шақырайық.
Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Камила кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын.

Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын
Ғарышкер болу арманы.Әмирді шақырсақ болғаны
№4 жұбымызды ортаға шақырайық.
Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген.
Ата-анасы Руфинаға,
Әдемі есім теңгерген.

Қуантады білімімен бізді Нұрым
Қарсы алайық,қол соғып Нұрымды біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз
№5 жұбымызды ортаға шақырайық.
Қуантады біліммен,бізді ол қыз,
Қол соғып қарсы алайық Дилназды біз.
Талабыңа білімің серік болсын.
Бүгінгі тілегіміз қабыл болсын.

Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Руслан
Көрінген күштің басынын
№6 жұбымызды ортаға шақырайық.
Келесі ару Айзере,
Барлық пәнді меңгерген.
Анасы мен әкесінің
Ибалы қызы ол бүгін.
Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Ерасыл

- Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап қатысушыларымыздың өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
1-бөлім Жүргізуші:Сонымен құрметті қонақтар «Арайлы алтын күз» атты күзгі балына сайыскерлеріміздің өзін - өздері таныстыруларын тамашалайық.Әділ-қазылар 1 сайыс «Таныстыру»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.
Ән «Күз келгенде»Өлеңі мен музыкасын жазған Ж.Қалжанов
2-бөлім Жүргізуші:
Өнер жастан жаныңдар
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз
Әділ-қазылар 2 сайыс «Өнерлі өрге жүзер»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.
«Дәмін татта,тап»ойыны.
3-бөлім Жүргізуші:Молшылық күз - Береке күз
Береке күз - мерекеміз - дей келе күзгі жеміс - жидектерден, көкөністерден
дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.
Әділ-қазылар3 сайыс «Күз сыйы»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.
Би «Джентельмен биі»ұлдар өз өнерлерін көрсетеді.
4-бөлімінде жүргізуші:Үйге тапсырмасы(табиғи материалдардан қол өнер бұй-
ымдары)
Әділқазылар 4 сайыс «Үйге тапсырма»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.
Би«Жылайды жапырақ»қыздар өз өнерлерін көрсетеді.
5 бөлім- Білгенге –маржанЖүргізуші: (Күз мезгіліне байланысты сұрақ-
жауап) «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы
ағаштағы жапырақшалардағы сұрақтарға жауап бересіздер. Әділ-қазылар
5 сайыс «Білгенге маржан»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.
Ән «Біз осылай өсеміз»
6-бөлім.Жүргізуші:Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр жұп әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз. Әділ-қазылар 6 сайыс «Күзгі сән»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.
Жүргізуші:Осымен «Арайлы алтын күз»атты күзгі балымыз өз мәресіне жетті.Назар қойып тамашалағандарыңызға рақмет.Әділ қазыларымыз әділ
шешімдерін айтып өтсе болады.
Қорытынды бөлім. М а р а п а т т ау


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста