Уақыт және оның бірліктері

Уақыт және оның бірліктері

Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы, Күршім ауылы
“№5 Күршім орта мектебі” КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Бауыржанова Дина

2- сынып. Математика

Мақсаты: 1.Уақыт және оның бірліктері секунд жайлы түсінік беру
2. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту
3 Уақытты үнемдей білуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: сағат бойынша
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:- Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.-Қане үйге қандай тапсырма берілді? 21-бет №6 есеп
ІІІ. Өткенді пысықтау
20 1 кг неше г бар?
21 1 т неше кг бар?
22 1 дм неше см бар?
23 1 км неше м бар
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс.а/ № 1 Суретпен жұмыс жүргізе отырып, көрсетілген уақыт бірліктерін қолдануға мысалдар келтіру.
Есте сақтау: 60 с =1 мин 24 сағ=1 тәул.60 мин= 1 сағ 100 жыл = 1 ғасыр.№ 2 Нүктелердің орынан сәйкес уақыт бірлігін қойып, сөйлемді оқу
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
№ 3 Сұрақтарға жауап алу
Ата Заң – 31 тамыз, Жеңіс күні – 9 мамыр ,Наурыз мейрамы 22- наурыз,Халықаралық әйелдер мерекесі 8- наурыз,Жаңа жыл қаңтар айынан басталады, көктем, жаз,күз, қыс айларын атау
№ 5 Әр қатардың сандарын оқып, салыстыру. Ұқсастығы мен айырмашылығын айту. Сергіту сәті. 1.Оңға ,оңға түзу тұр
Солға,солға түзу тұр
Артқа бір адым,алға бір адым
Жоғары ,төмен қарайық
Орнымызды табайық.
2.Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желмен бірге жайқалған
№ 4 Есепті шығару.
Бүркіт – 46 жыл
Жапалақ – 31 жыл қысқа
Қарға ? 44 жыл ұзақ
Жапалақ - ? / 46 – 31 / + 44 = 59
Үкі – 68
Аққу – 44 жыл қысқа
Аққу - ?
68 – 44 = 24 Жауабы: 24

№ 6 Сурет бойынша жұмыс 3 + 3 + 3 = 9
9 – 3 – 3 – 3 = 0
ҮІІ. Қорыту: Тест тапсырмалары.
1.Уақыт бірліктерін ата?
а/ Сантиметр Ә/ килограмм б/ Минут
2. 1 ғасырда неше жыл бар?
а/ 100жыл ә/ 80 жыл б/ 150 жыл
3. 1 мин неше секунд бар?
а/ 60 с ә/ 40с б/ 100с
4. 1 тәулікте неше сағат бар?
а/ 12 сағ ә/ 36 сағ б/ 24 сағ

ҮІІІ. Үйге тапсырма:уақыт бірліктерін жаттау. № 5 Әр қатардың сандарын оқып, салыстыру. Ұқсастығы мен айырмашылығын айту. 1-топ 189 бет логикалық есеп

Бағалау

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-сынып Әдебиеттік оқу 13.01.2015ж

Сабақтың тақырыбы. « Шал мен балалар» Спандияр Көбеев
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп , дауыс ырғағын, интонациясын келтіріп оқуға
үйрету.
2. Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын толық баяндап
жеткізуге, теріп оқу, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.
3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу.
Көрнекілігі. Сөзжұмбақ, тыйым сөз.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе.
-Бүгінгі сабақта біз келесі бір « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімінің Шал мен балалар мәтінін оқимыз.
-Балалар, сендердің үйлеріңде аталарың, әжелерің бар ма?
- Сендер ол кісілерді қалай көресіңдер? Кім айтады?
- Егер сендердің ата -әжелерің емес басқа үлкен кісілер болса, онда оларды сыйлар ма едіңдер?
2. Мұғалімнің түсіндіруі.
Олай болса, бүгінгі сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастайық. Ол үшін алдыңғы сабақты есіңе түсір. (өткенді қайталау)
Сөзжұмбақтағы күлгін көк түсті торкөздегі сөзді оқы. Ол кім?
- Спандияр Көбеевтің тағы бір әңгімесін түсініп оқып көрелік.
Оқулықпен жұмыс. - Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу.
                                - Мәтіннен шалмен мен балалардың сөздерін тауып оқу.
                                - Балалар неліктен ұялды?
Сергіту сәті
Жаңа сабақты бекіту
1. Дәптермен жұмыс.
- Мына тыйым сөздерді оқып көрелік « Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа.» оны қалай түсінесің?
2. Балалардың іс-әрекетіне өз көзқарасың қандай?
3. Мәтінге басқаша ат қой.
Қорыту.
- Бүгінгі сабақтан не білдік?
- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?
- Ойланып жауап бер.
Асқар дастарқан басында шешесіне:
- Сен шайды көп ішесің, - деп кінә тақты.
- « Сен » деме, « сіз» деп сөйле, -деді оған әкесі.
- Менің досым Сергей әке- шешесіне « сен » деп сөйлейді ғой. «сен» деп сөйлейді ғой.
« Сен » деген ең жақын адамдарға айтылады емес пе ?- деді Асқар.
Кімнің пікірі дұрыс? Сен ата- анаңа не дейсің?
Үйге тапсырма: 118- бет оқу мазмұндау
1-топқа « Ар-ұят» тақырыбына шағын шығарма жазып келу
2- топқа Шешуі ар-ұят туралы мақал немесе нақыл сөз шығатын ребус құрап келу
3-топқа Ар-ұят,намыс туралы мақал-мәтелдер,нақыл сөздер жазып келу
Оқушылардың білімдерін бағалау

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2-сынып. Әдебиеттік оқу. 09.01.2015

Тақырыбы: Ата ақылы

Мақсаты:1. С.Көбеевтың ата ақылы, атасы мен немересі жайлы түсінік беру.
2.Дұрыс оқу,түснігін айтуға дағдыландыру
3.Үлкенді құрметтеуге,сыйлауға,көмек көрсетуге баулу
Көрнекілігі: суреттер,сызба
Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Өткенді қайталау.
Қазір қай жыл мезгілі? Қыста қандай өзгерістер болады? Қысқы еңбектер жайлы не білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ
а/кіріспе жазушы ұстаз С.Көбеев Қостанай облысында туған.Ол кім екенін білесің бе?
Б) Мұғалімнің түсіндірмесі. Сызбамен жұмыс.Пысықтау
1.Кітаппен жұмыс
ә/ Өлеңдерді оқу, талдау.
б/ Сөздік жұмысын жүргізу.
Оқулықпен жұмыс: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу
Сергіту жаттығулары: 1.Көтереміз қолымызды
Созыламыз жоғары
1-2-3
Денеңді солға бұр
Қолыңмен көмектесіп
Беліңді шынықтыр

2. Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі

ҮІ. Түсінгендерін тексеру
Өлең кімге арналған? Түн ұйқысын төрт бөліп дегенді қалай түсінесің? Күшті болып өсу үшін нелер қажет? Қайталанып тұрған сөздерді табу. Өз уақытыңды қалай пайдаланасың?

ҮІІ. Қорыту. Мақал-мәтелдер.
ҮІІІ .Үйге тапсырма
Өлеңдерді мәнерлеп оқу, мақал – мәтелдер жазып келу, бағалау

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2-сынып. Әдебиеттік оқу . 12.01.2015 ж

№68. Сабақтың тақырыбы: Атасы мен немересі.
Сабақтың мақсаты: 1.Дұрыс, түсініп, дауыс ырғағын, интонациясын келтіріп оқуға үйрету.
                                 2. Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын толық баяндап жеткізуге, теріп оқу, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.
                                 3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі. Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу.
Көрнекілігі. С. Көбеевтің суреті, сызба, сөздік.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе.
а) -Бүгінгі сабақта біз келесі бір « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімін оқимыз.
-Балалар, сендердің үйде аталарың, әжелерің бар ма?
- Сендер ол кісілерді қалай көресіңдер? Кім айтады?
-Ата, әжесін жақсы көретін балалар Сырбай Мәуленовтың « Ата ақылы» деген өлеңін тез жаттай алар ма екен ?
-Кәне жаттап көрелік.
ә). Балалар, мына нақыл сөзге көңіл бөліп көрелік: « Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер ». Осы нақыл сөздің « Ата ақылы» өлеңіне қатысы бар деп ойлайсың ба?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы нақыл сөзге құрылған әңгімені түсініп оқып көрелік. Мәтіннің авторы-Спандияр Көбеев
- Ол кім? Сызба бойынша кім түсіндіріп береді?
3. Оқулықпен жұмыс. - ( жалғастырып, түсініп, шапшаң оқу)
Рөлмен оқу. Теріп оқу.
4. Сөздік жұмыс. (дәптерге жазу)
Сергіту сәті. 1. Біздер тату баламыз
Гүл-гүл жайнап аламыз
Жаттығулар жасайық
Жақсы сергіп қалайық
- Қандай жаңа сөз кездестірдіңдер
- « Аяқ » деген сөз нені білдіреді? Қай сабақта біз осындай сөздер жайлы оқыдық? (қазақ тілінде) Оны қандай сөздер деп айтушы едік? (көп мағыналы)
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Мәтіннен әкесі мен баласының сөздерін тауып оқу.
2. Баланың неге осылай сөйлегенін түсіндір.
3. Жазушы не айтпақшы болды? « Ата ақылы» өлеңін пайдаланып жауап беріп көр.
ІҮ. Қорыту.
- Бүгінгі сабақтан не білдік?- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?
Ү.Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау,бағалау

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2- сынып. Еңбекке баулу 12.01.2015 ж

Тақырыбы: Матамен жұмыс, маталар туралы мағлұмат.

Мақсаты:1. Матамен жұмыс істеу, маталар туралы мағлұмат беру.
               2.Танымдық қабілеттерін дамыту.
               3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: мата түрлері
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Наурыз мейрамы
ІІІ. Өткенді пысықтау.Қандай мейрамдарды білесіңдер? Наурыз мейрамы қандай мейрам? Наурыз көже қалай жасалады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ.а/ Маталар әртүрлі болады: тақыр, түкті, жеңіл және ауыр, тығыз және босаң. Оларды тоқу станоктарында тоқиды. Мата түрлері туралы түсінік беру. ә/ Тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу
Сергіту сәті.
ҮІ. Білімдерін тексеру. Барлық маталарға ортақ қасиет не? Жіптің түрлерін атаңдар?
Қатты аязға шыдамды киімді тігуге арналған матаның ерекшелігі туралы әңгімелеңдер?
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не білдік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны, бағалау

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тақырыбы: Жіп иіру, жіппен жұмыс.

Мақсаты:1. Оқушыларға жіптен не жасалатыны жайлы түсінік беру.
2.Тілін сөздік қорларын дамыту.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Түсіндіру, сұрақ-жауап
Әдісі: Тақырыптық суреттер
Түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Қазіргі уақытты жіпті үлкен машиналармен иіреді. Иіру машиналарында қызмет ететін адамды, жіп иіруші деп атайды. Машина мақта, зығыр жүн жіптерді өзі иіреді және бірден көп жіп иіреді. Ал әжелеріміз бен апаларымыз жіпті ұршықпен иіреді. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Жіпті немен иіреді? Апаларымыз ше? Жіптен не жасайды?
Қорытындылау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқу, бағалау.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

№ 36. Тақырыбы: Бет белгі жасау

Мақсаты: 1.Оқушыларға жіптен бет белгі жасау жайлы түсінік беру.
2. Тілін, сөздік қорларын дамыту.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнеілігі. Түсіндіру, сұрақ-жауап
Әдісі: Тақырыптық суреттер
Түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Қазіргі уақытты жіпті үлкен машиналармен иіреді. Иіру машаналарында қызмет ететін адамды, жіп иіруші деп атайды. Машина мақта, зығыр жүн жіптерді өзі иіреді және бірден көп жіп иіреді. Ал әжелеріміз бен апаларымыз жіпті ұршықпен иіреді.
Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу
Оқушының еңбегі, мұғалімнің көмегі
Жіп, бау, таспадан өрім өру арқылы төрт таспалы бет белгі өру
1. Тасаны төртке бөлу
2. Өру
ІҮ.Түсінгендерін тексеру: Қорытындылау.
Ү. Үйге тапсырма:Түсініп оқу, бағалау.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тақырыбы: Уақыт жайында түсінік. Сағат минут.

Мақсаты: Уақыт жайында түсінік беру. Сағат және минутты түсіндіру.
Есте сақтау қабілетін дамыту.
Уақытты тиімд пайдалануға тәрбиелеу.
Көрн: сағат
әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену.
Түрі Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі
Уақыт жайында түсінік, Сағат. Минут.
Ү. Жаңа білімді меңгерту.
Күн ретін жазу.
Көркем жазу
70 70 70
Сағат
12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24, 1,2, 3 ,4,5,6,7,8,9,10,11
№1
Сағат туралы түсінік беру.
1 сағатта 60 минут бар.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру.
№ 2 1 минут ішінде санау.
№ 3
2,7,72,20,70
33 83 30 80 3 8 30+70 3+7 80-30 8-3
№ 4
Сұрақтарға жауап беру.
7 7.30 13.00 15.00 22.00 17.00
№ 6
жауаптарын ғана жазу.
қосылғыштардың орны ауысқанымен қосындының мәні өзгермейді.
Шығармашылық тапсырманы орындау.
Орал, Тараз, Қостанай , Қызылорда, Алматы, Қарағанды Астана

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2- сынып Математика 13.01.2015 ж

Тақырыбы:Уақыт аралығы. Уақыт бірліктері Тәулік.Жыл.Ғасыр
Мақсаты: 1. Уақыт бірліктері тәулік.Ғасыр.Жыл туралы түсінік беру.
2. Есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сағат
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
20+ 5 =25 Жауабы: 25 минут
ІІІ.Білімдерін тексеру
1 сағатта неше минут бар?
60 минут неше сағатқа тең
математикалық диктант
7онд 2 бірл. 8онд 8бірл. 5 бірлік 2 ондық.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі
Уақыт бірліктері Тәулік,жыл,ғасыр
Ү. Жаңа сабақ.
№ 1 Уақыт аралығы минутпен және сағатпен өлшенеді. 24 = 1 тәулік.
7 күн = 1 апта
30күн немесе 31 күн /ақпан28-29/ 1 ай
12 ай 365-366/ 1 жыл
12 жыл-1 мүшел
100 жыл-1ғасыр.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру
№ 2
54,54,50,4,54 сағ
№ 4
90мин=1 сағ 30 мин                 70 мин = 1сағ.10 мин
100 мин= 1 сағ 40 мин              80 мин =1сағ. 20 мин
№ 5
1сағ 20 мин =80 мин.
1сағ 30 мин =90 мин
№ 6
1 сағ = 60 мин           1 сағ 10 мин >65 мин
1тәул= 24 сағ            1сағ 9 мин =69 мин
ҮІІ Қорыту
бір жылда неше ай бар
аптада неше күн бар?
Бір ғасырда неше жыл бар?
ҮІІІ Үйге тапсырма
1. № 6 , 36 бет
2. бағалау

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-сынып Қазақ тілі 13.01.2015 ж

Тақырыбы: Диктант. Қамқорлық
Мақсаты: 1.Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру.
2.Сауатты , көркем жазуға баулу.
3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Диктанттар жинағы
Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік
Түрі: бағалау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- сабаққа даярлық

ІІ Мақсат қою кезеңі.
Қамқорлық
ІІІ Білімдерін тексеру.
Диктант тақырыбын тақтаға жазу.
Ережелерді еске түсіру
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
Сөйлем неден басталады?
Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

Қамқорлық
Аулада биік емен ағашы бар. Ағашқа көктемде құстар ұя салатын. Таңертең өткінші жаңбыр жауды. Жел тұрды. Емен ағашы теңселе ырғалады. Ұялардың бірі құлағалы тұр. Балапандардың аянышты даусы естіледі. Сайран шыдап тұра алмады. Ол биік еменге өрмелеп шықты. Ұяны жайлы орынға көшірді.

Диктантты аяқтаған соң, асықпай бір рет оқып шығып, тексертемін. Дәптерлерін жинап алу.

ІҮ. Сабақты аяқтау
Бағалау.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста