Қоғамдық палата

Өңірлердегі халықтың 95 %-ы мемлекеттік тілде сөйлейді - Назым Жангазинова

  • Өңірлердегі халықтың 95 %-ы мемлекеттік тілде сөйлейді - Назым Жангазинова

    Өңірлердегі халықтың 95 %-ы мемлекеттік тілде сөйлейді - Назым Жангазинова

Дауыс беру қорытындысы бойынша жаңартылған ADAL партиясы қажетті 7 пайыздық межені еңсерген жоқ, бірақ мұның алдындағы сайлаумен салыстырғанда сайлаушылар даусының пайызы мен партия мүшелерінің санын бірнеше есеге 53 мыңнан 300 мыңға дейін арттырды.

PR қызметінің жетекшісі, ADAL партиясының ресми өкілі Назым Жанғазинова сұхбатында сайлау науқанының негізгі көрсеткіштері мен саяси нарықтағы жария коммуникациялардың ерекшеліктері туралы айтып берді.

 Сіз ешқашан саясатта өзіңізді сынап көрмегеніңізді көпшілік алдында атап өттіңіз. ADAL партиясының ресми өкілі болғанға дейін қандай шаруамен айналыстыңыз?

 Соңғы бес жыл бойы мен коммуникациялар бойынша тәуелсіз маман ретінде жұмыс істедім, сондай-ақ Z Agency брендімен өз PR-агенттігімді дамыттым. Ал одан ілгеріде жұмыс істеген жобаларыма келетін болсақ, олар негізінен коммерциялық компаниялардың PR-қолдауына, жеке брендингтерге байланысты. Алматы қаласынан елордаға қоныс аударғанымда мемлекеттік сектордан да тапсырыс берушілер пайда болды. Алайда, бұған дейін қоғамдық саясат аясында үлкен істермен айналысқан жоқпын.

 Жаңа бағытқа бейімделу қаншалықты қиын болды?

 PR және жарнама нарығының кез-келген маманы үнемі нөлден бастап жаңа салаларды және бұрын белгісіз ақпараттың үлкен көлемін зерттеуге мәжбүр болатыны анық. Мен саяси партиялармен көп таныс емес едім, сайлау құқығын қалыптастыратын мемлекеттік-құқықтық нормалар туралы жалпы түсінікке ғана ие болдым. Сондай-ақ сайлау науқандарын өткізу процесін егжей-тегжейлі білген жоқпын.

Партия өкілдерімен алғашқы кездесу кезінде ADAL-да азаматтарымыздың өмірін жақсы жаққа өзгерте алатын бастамалар бар екенін түсіндім. Алайда, мен партияның Саяси кеңесінің құрамында саяси тәжірибесі бар тұлғалар жоқ екеніне назар аудардым. Бұл қызметті 2013 жылдан бері атқарып келе жатқан Серік Сұлтанғалиды есептемегенде, мұнда мүлдем жаңаша ойлай алатын, сауатты жандар керек. Бұл дегеніңіз &ndash бірқатар әлеуметтік жобаларды сәтті жүзеге асырған жастардың кез келгені болуы мүмкін. Менің түсінуімше, біздің елде электоратты ынталандыратын және адамдарға сайлау құқығы конвенция емес екенін дәлелдейтін жаңа саяси күш пайда болуы керек.

Партияның PR-командасының құрамында жұмыс стратегиясы қалай құрылды?

Қараша айында партия ребрендинг өткізді, сондықтан барлық жұмысты нөлден бастауға тура келді. Менің міндеттерімнің қатарына коммуникациялық стратегия құру, интеграцияланған маркетингтік коммуникациялар, соның ішінде БАҚ-пен өзара іс-қимыл, SMM-кампаниялар, контент өндірісі, халықпен кері байланыс жүйесін құру кірді. Сонымен қатар маған идеялық блок пен бағдарлама бойынша жұмыс істеуге қатысу керек болды.

Біз екі негізгі бағыт бойынша әрекет еттік: партияны өзінің идеологиялық тұғырнамасымен ілгерілету, сондай-ақ оның негізгі мүшелерін дербес брендингтеу. Мен партиялық тізімдер бойынша дауыс беру дегеннің азаматтар саяси өрісті өздері дауыс беретін тұлғалардың призмасы арқылы қарауға дағдыланған біздің еліміз үшін жаңа нәрсе екенін түсіндім.

Алғашқы күндерімді сайлауалды бағдарламаның жобасын зерттеуге арнадым. Бұл үлкен құжат, алайда оны кез келген сайлаушы білуі керек еді. Сонымен қатар коммуникациялық стратегия бойынша жұмыс істедік, баспасөз-кит қалыптастырдық, "сөйлейтін тұлғаларымызбен" жұмыс істедік олар 16 адам. Біз фотосессиялар жасадық, өмірбаяндық деректерді әзірледік, месседждер қалыптастырдық, жария белсенділік деңгейін зерделедік және біздің кандидаттарымыздың имиджін қалай қалыптастыратынымызды жоспарладық.

Сонымен бірге, ішкі коммуникациялар жүйесін пысықтадық, барлық өңірлердегі партия өкілдерімен тренингтер өткіздік. Тек саяси кеңес мүшелері ғана емес, филиалдардың барлық негізгі қызметкерлері БАҚ-пен қарым-қатынас этикасының негіздерін, қоғамдық кеңістікте өздерінің орналасу нүктелерін меңгеруі тиіс еді. Мен олардың әрқайсысының медиада көрінуіне талдау жүргіздім, таңғы 8.00-ден түнгі 12.00-ге дейін көптеген кездесулер мен жиындар болды. Мұндай жұмыс режимі сайлау күніне дейін және пост-репортинг кезеңінде де сақталды.

Instagram мен Facebook-те бір күннің ішінде біз фирмалық стиль жасап, партияның әлеуметтік желілерін іске қостық. Менің тағайындауымнан бір күн өткен соң, 10 қараша күні біздің алғашқы жазбаларымыз жарияланды.

Басынан бастап бүгінгі күнге дейін екі алаң аясында да айтарлықтай шаруа атқардық. Ешқандай алдау-арбай болған жоқ, барлық жазылушыларымыз белсенді қолданушылар. Жалпы алғанда, шамамен 70 000-дай қолдаушыларымыз бар.

Саяси науқан кезінде барлық негізгі арналарды теледидар, радио, баспа және онлайн-БАҚ, әлеуметтік медиа мен сыртқы жарнаманы ескере отырып, интеграцияланған маркетингтік коммуникация форматын, кросс-медиа тәсілін пайдаландық. Коммуникациялардың басты тілі мемлекеттік тіл болды, өйткені Қазақстанның аймақтары біздің мақсатты аудиториямыздың өзегі еді. Өңірлердегі халықтың 95 %-ы мемлекеттік тілде сөйлейді. Бұл нақты факт. Сондай-ақ, месседждерді түсіндіру өте оңай жүзеге асты, сондықтан спикерлердің сөйлеген сөздері барлығына түсінікті, ұғынықты болды.

 Кампанияның негізгі нәтижелері қандай? Партияның бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қанша белгіленуі болды?

 Мониторинг сервистерінің деректеріне сәйкес, үгіт-насихат кезеңінің басынан бастап қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желілердегі сайлау туралы белгілеулер құрылымында басқарушы партия көш бастап келді. Сонымен қатар, біздің партия іс жүзінде күн сайын БАҚ-та және әлеуметтік желілерде барлық үгіт-насихат кезеңінде дәйексөзділік бойынша екінші позицияны сақтап келді. Екінші позицияны біз бүкіл науқан қорытындысы бойынша сақтадық. Жалпы, бұл БАҚ-та 18 000-нан астам белгілеу, ал әлеуметтік медиада 1 миллионнан астам белгілеу деген сөз.

Бұл орасан зор жұмыс  күн сайын біз спикерлерімізден ондаған пікір алдық, 5-тен 15-ке дейін баспасөз релизін жаздық, кем дегенде 5 сұхбат дайындадық, партияның ресми беттерінде және спикерлердің жеке парақшаларында ондаған посттар жасадық, жүздеген топтармен және ондаған пікір иелерімен жұмыс істедік.

Сонымен қатар, біз еліміздің түрлі қалаларында баспасөз ивенттерін өткіздік. Жұмыстың ең үлкен көлемі өңірлер бойынша сапарлармен және бағдарламаны халыққа түсіндірумен байланысты кезеңге келді. Халықпен кездесу кезінде әрбір кандидаттың жеке үлесін атап өткім келеді. Осы қиын жолдың жартысын олармен бірге өзім жүріп өттім. Біз сапарымызды Алматы облысынан бастадық, Талдықорған, Ұзынағаш, Қаскелең, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Маңғыстау облыстарына бардық. Мен халық біздің үміткерлерімізді қалай қарсы алғанын өз көзіммен көрдім. Өкінішке орай, карантиндік шараларға байланысты 30-дан астам адамды жинауға құқығымыз болмады. Тұрғындар көптеген сұрақтар қойды, кандидаттарымызбмен естелік суретке түсті, сайлауда жеңіске жетуімізді тіледі.

Жалпы, партияның стратегиялық құрамдас бөлігіне Саяси кеңес мүшесі Эльдар Жұмағазиев жетекшілік ететінін атап өткім келеді. Ол мықты стратег және идеолог. Финалдық және негізгі пікірталастарға қатысып, саяси сауаттылығын керемет көрсетті. Бұл еш әсіресіз, пафоссыз, нақты сандар, фактілер екенін де ескертемін.

Жалпы партия еліміз бойынша 100 мың шақырымнан астам жолды автобуспен жүріп өтті. Үміткерлердің арасында Лаззат Шыңғысбаева мен Алина Асқарова сияқты мықты әйелдер болды, олар жол бойындағы қандай да бір қиындықтарға қарамастан табандылық танытып, күніне бірнеше сағатқа дейін созылған 3-4 кездесуден өткізді. Әр кездесуге күніне шамамен 100-120 адам қатысты. Кандидаттар Олжас Ордабаев пен Лаура Маликова жол-көлік оқиғасына тап болған кезі де болды, бірақ олар сондай машақатқа қарамастан, межелі жерге жетті, өйткені өздерін тұрғындар күтіп отырғанын сезінді. Халық сеніміне жауапкершілікпен қарады.

Сапарлар барысында офлайн және онлайн-форматтарда ондаған БАҚ-пен бір мезгілде жұмыс істеу, медиа-кеңістікте бәсекеге түсе алатын және аудиторияға қызықты бола алатын ең өзекті ақпарат таратушылармен байланыс орнату қажет болды. Егер күніне кандидаттардың ондаған сөз сөйлеуі мен кездесулері болатын болса, біз соның бәріне посттар мен пресс-релиздер дайындап, орналастырдық. Әрбір материалды жедел құру қажет болды, сонымен қатар жүздеген нақтылау сәттері мен журналистердің сұраныстарын пысықтадық. Бұндай жұмыс күн сайын, соның ішінде барлық демалыс күндері де жалғасты осы кезеңде біз кез-келген демалыстан саналы түрде бас тарттық.

Мүмкін, жоба аясында осындай үлкен шаруаны атқаруға үлгеру үшін үлкен штат та жұмыс істеген шығар?

 Шын мәнінде, біздің командамыз өте жинақы бұл 6 негізгі қызметкер. Бірақ олардың әрқайсысы өз ісінің маманы. Бастапқыда жобаның жеделдігіне байланысты команда жинауда қиындықтар болды. PR-нарықтағы кадр тапшылығы бұған дейін де бар проблема еді. Бұны шешуге менің кішігірім агенттігімнің көп көмегі тиді. Бірақ бізге саяси ахуалмен таныс, тәжірибесі бар адамдар қажет болды. Сондықтан мен қажетті мамандарды бірден таба алмадым, десе де мен жетістікке жеттім деп санаймын. Біз өз міндеттерімізді іске асыру үшін қосалқы мердігерлерді тартқан жоқпыз.

Жұмыс барысында партия кеңсесінде біз өзіміздің өндірістік студиямызды іске қостық, ал қызметкерлеріміз бейнетүсірілім жасап, оны монтаждап отырды. Күн сайын әріптестеріміз 10 ролик жасады. Түсірілім штаб студиясында да, сапарларда да жалғасты. Олар бір пәсте, сөзбе-сөз жинақталып, жұртшылық назарына ұсынылып отырды. Үгіт-насихат науқанының соңында роликтер саны 300-ге жетті.

Видеоларымызды аудитория ерекше ықыласпен қабылдады. Роликтеріміз әртүрлі форматта жасалды: біреуінде халықтың проблемалары мен бағдарламаға сәйкес олардың шешімдері туралы сөз болса, басқалары халықпен кездесулердің есептері сипатында жасалды, үшіншілерін әзіл-сықақ, ойын-сауық түрінде жасадық. Қолдаушыларымызға күнделікті өмірімізде кездесетін, түрлі шынайы жағдайларды ұсындық. Бағдарлама идеяларын берудің мұндай форматы еліміздегі бірде-бір партияда болған жоқ. Бейнетүсірілімдеріміз вирустық сипатқа ие болды, кем дегенде миллион лайк пен әлеуметтік желілерде 24 мыңнан астам интерактив пайда болды. Ал соңғы күні, ҚР-дағы парламенттік сайлау тарихында алғаш рет партия кандидаттардың 12 сағаттық тікелей эфирін өткізді және оны "Тыныштық күні" басталуға бір минут қалғанда аяқтадық.

 Сайлау нәтижелері туралы айтатын болсақ, партия 7 пайыздық межеден өткен жоқ. Сіздің ойыңызша, бұл неліктен болмады?

Сайлау қорытындысы бойынша біздің ұтылған жалғыз нәрсеміз уақыт. Егер біз жаңартылған командамызбен, жасақтаған стратегиямызбен кем дегенде бір жыл бұрын жұмыс істей бастасақ, онда біз 7 % емес, одан да көп ұпай жинайтын едік. Естеріңізге сала кетейін, 2016 жылы партия бұрынғы "Бірлік" брендімен бар-жоғы 0,26 %, ал бүгін - 3,57 % дауыс жинады. Бұл 2 айлық жұмыстың ғана күшімен келді.

Бізге партияның құрылымы мен оның жұмысқа деген ынтасы қатты көмектесті. Өз міндеттерімнің аясында мен көптеген шешімдерді өзім қабылдадым. Біздің партия жас, сондықтан көптеген жаңалыққа икемді болды. Біздің материалдарымызды 2-3 күн бойы күтудің, үйлестірудің қажеті жоқ еді. Көптеген журналистер әлі күнге дейін бізбен жұмыс істеу өте оңай, тиімді болғанын айтады, өйткені біз әрқашан сұраныстарға жедел жауап беріп отырдық.

Ұйымшыл команданың және қызметкерлердің штабта тәулік бойы болуының арқасында біз болып жатқан оқиғалардан әркез хабардар болдық және қысқа мерзімде ақпарат бере алдық. Ешқандай ерекшелік жасамай, біздің басты қағидатымыз барлық БАҚ-пен коммуникацияның ашық форматын құру болды.

Біз Парламентке өтпегенімізге қарамастан, бүгінде ADAL саны бойынша Қазақстандағы екінші партия болып табылады. Өйткені, партияның бастамаларына сенетін және қолдау көрсететін 300 000-нан астам адам бар.




Көрілген: 1940    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.02.2021, 09:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31