Айбар

Атақ үшін емес, ар үшін соғысқан қазақ

Бүгінгі мерейлі мереке қарсаңында жеңіс жолында жан аямай күрескен халқының батыр ұлы, әулетіміздің ар­дақ­­ты әкесі – Аманша Жұ­машұлы Меңдіғалиев жай­лы естелікпен бөліскім ке­леді.

Ол 1918 жылдың 15 тамы­зын­да Батыс Қазақстан облы­сы­ның Бөкей ордасы ауда­ны­н­да (бұрынғы Орда ауданы) дү­ниеге келген. Атамыз бізге не­міс фашистерімен шайқас­қан, жан аласып, жан беріскен зұл­мат соғыс жылдары жайлы жиі әңгімелеп беретін.



Аманша атамыз алғашқыда әскер қатарына шақырылып, борышын өтеуге Алматы қаласының маңында қалыптас­тырылып жатқан дивизияға жіберіледі. Басқа әскери қызметкерлермен салыстыр­ғанда жасы сәл үлкен болғандықтан әрі өзі­нің сауаттылығымен ерекшеленгендіктен бөлім командирі болып тағайындалып, сер­жант атағын алады. Ол сол кездерде жас жауынгерлерді әскери іске, соның ішін­де штаттық қаруды қолданудың әдіс-амал­дарына үйретеді.

Ұлы Отан соғысы басталғанда қазақ дивизиясын Мәскеуді қорғауға жібереді. Мәскеу қаласын қорғағанда 1941 жылы Аманша Жұмашұлының майдандастары ол кісіні 316-ншы атқыштар дивизиясы 1077-полкі 1-батальоны 1-миномет рота­сы­ның комсоргі және политруктің (саяси қыз­метшінің) орынбасары етіп сайлайды.

Қорғаныстың тапсырылған шептерінде қазақстандықтардың батылдықпен, жанкештілікпен шайқасқанын зор мақта­ныш­пен атап өту керек. Дивизия жүктелген міндетті абыроймен орындап, Мәскеу қа­ла­сын жау қолынан қорғап қалады. Алай­да дивизия командирі генерал-майор Иван Васильевич Панфилов өзінің әскери борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза таба­ды. Батыр генералдың құрметіне дивизия атауы – 8-гвардиялық Панфилов дивизия­сы болып өзгертіледі.

Аманша Жұмашұлы 1942 жылы Старая-Русса қаласы маңында болған шай­қас­та жараланып, Калинин қаласын­да­ғы госпитальда емделеді. 1943 жылы Ка­ли­нин майданы саяси құрамының курс­тарында оқып, сосын Чкалов атындағы мо­торлы артиллерия құрылғылары танкі учи­лищесіне түседі. Аталмыш оқу орнын 1944 жылы офицер шенімен аяқтайды. Ук­раина мен Белоруссияда, Польша мен Бал­тық маңында «самоходкада» жүріп шай­қасады. Польша астанасы – Варшав­а­ны азат етуге, Гданьск, Гдыня, Кенигсберг, Гнезе­ден, Ландсберг, Мезаритц, Води­лавск, Бервальде, Трептов, Темпельбург жә­не басқа да қалаларды алуға қатысады.

Гвардия батареясы ко­ман­дирі А. Мең­діғалиевті Кеңес Одағының Батыры атағына ұсыну жөніндегі марапаттау қағазынан үзінді көшірмесі.



Берлин қаласы үшін бол­ған шайқас­тар­да ол кісі 1-гвар­дия­лық танк әскері, 11-гвар­дия­лық танк кор­пусы 362-мо­тор­лы арти­ллерия пол­кінің ба­тарея­сын бас­­қарды. Оның бата­рея­сы­ның құрамы­на Су-76 «са­моходкала­рынан» тұра­тын үш взвод, сон­дай-ақ техникалық және тыл­дық қам­тамасыз ету бөлім­ше­лері кі­ре­ді. Бер­линді алғандағы көр­сетк­ен ерлі­гі үшін полк ко­ман­до­ваниесі Аманша Жұ­­маш­ұ­лын Кеңес Одағының Баты­ры жоғары ата­ғына ұсы­­на­ды. Алайда бұдан бұ­рын ал­ған «Қызыл жұл­дыз» және Жауынгер­лік Қызыл Ту ор­ден­де­ріне қо­са, Жауын­гер­лік Қы­зыл Ту ор­дені­мен екінші мәр­те марапатталады.

Аманша Жұмашұлының со­ғыс жылда­рын­дағы жауын­гер­л­ік жолы Алматыдан бас­­талып, Мәскеу-Варшаваны ке­сіп өтіп, Бер­линді алумен абыроймен аяқ­тал­ған. Ол кісі жауды жеңудің ортақ ісіне өзінің ла­йық­ты үлесін қосты. Омырауына тағыл­ған – «Қызыл Ту», «Жауынгерлік Қы­зыл Ту», «І дәрежелі Отан соғысы», «ІІ дә­режелі Отан соғысы», «ІІІ-дәрежелі Даңқ» ордендері мен «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Мәс­кеуді азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді ерлікпен шабуыл­дауға қатысқаны және алғаны үшін», «Гер­манияны жеңгені үшін» медальдары – со­ның жарқын дәлелі.

Жауынгерлік міндеттерді орындауда көз­ге түскені үшін Аманша Жұмашұлы Жоғарғы Әскери қолбасшының және әскери басшылықтың көптеген мақтау қағаздарымен марапат­тал­ған. Ардагер-Панфиловшы, 1-гвардия танкі әскерінің ардагері, сондай-ақ 11-гвардиялық танкі корпустарының ар­дагері болып табылады.

Кеңес Одағының Батыры, Халық Қа­һар­маны, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов ол кісінің ерен ерлігі мен еңбегін: «Мен бүгінгі күні білетін майдангерлердің ішінде Аманша Жұмаш­ұлы Меңдіғалиев нағыз батыр болып та­былады. Ол кісі Халық Қаһарманы жоғары ата­ғына әбден лайық...» – деп жоғары ба­ға­лаған екен. (Әскери журна­лист пол­ков­ник С.Жағыппаровтың «Жұл­дыз­дар сөн­бейді» («Звезды не гаснут») атты кі­табы­нан).    

Соғыс аяқталған соң Аманша Жұмаш­ұлы СУ-76 моторлы артиллериялық құ­рыл­­­ғылар батареясының командирі ретін­де қызметін жалғастырады, ал 1946 жылы әскери қызметтен азаматтық тұрмысқа ауысады. Ол кісі соғыстан кейінгі уақыттың ауырт­палықтары жайлы, сон­дай-ақ Тәуел­сіз­діктің ақ таңы атып, егемен еліміздің қа­лып­тасуы мен дамуы жайлы көптеп әңгі­ме­лейтін, Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктеріне қуанатын.

Білімге деген ұмтылыстың арқасында ол кісі бірнеше жоғары білім алды. Ол кісі жауапты қызметтерді абыроймен және адалдықпен атқара білді. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, «Құрмет белгісі» орде­ні­мен марапатталды, «Еңбек ардагері» де­ген куәлігін алды. Отан үшін сіңірген ең­бегінің нәтижесінде еліміздің жоғарғы наградаларының бірі – Отан орденімен марапатталды. Басқа да 16 медальмен, соның ішінде ТМД-ның – Украина және Белоруссия сынды елдерінің медальда­рымен де марапатталды.

Аманша Жұмашұлы құрметті демалы­сына республикалық маңыздағы зейнет­кер, отставкадағы подполковник ретінде шық­­ты. Жастар арасында патриоттық тәр­бие жұ­мыстарын жүргізді. Мектептерде, басқа да оқу орындарында, жақын маңдағы әскери бө­лімдерде кездесу өткізіп, көрген-білгені­мен, мол тәжірибесімен бөлісіп тұрды.

Ол кісіні Мәскеу маңындағы кескілескен шайқас болған – Дубосеково және Крюко­во деревняларында майдангер-ардагер­лер­мен болған кездесулерге шақырып тұр­ды. Міне, дәл осы жерлерде Кеңес Ода­ғы астанасы – Мәскеуді аталары­мыз кө­кі­регін оққа тосып қорғап, жау қолынан аман алып қалған болатын.

Аманша Жұмашұлы жұбайы Тұрсынай екеуі ғибратты да бақытты ғұмыр кешіп, жеті бала тәрбиелеп, олардан немере мен шөбере сүйген.

Ол кісі өзінің еңбек және жауынгерлік наградалары құжаттарының көшірмесін түгел дерлік Бөкей Ордасы қаласындағы аудандық орталық музейіне өткізді. Ол музейде өлкенің атақты тұлғалары туралы деректер, құнды материалдар жинақта­лып, сақталады.

Қан майданның небір ауыртпашылық­тары мен оттарынан өткен Аманша Жұ­маш­ұлы Меңдіғалиев 2008 жылы 90 жа­сында нағыз майдангерлерге тән ши­­рақ­­тықпен дүниеден өтті.

Мен, осындай батыр әрі ғибратты тұлға отбасы мүшесі болғанымды мақтан тұта­мын. Ол кісі адамзаттың ортақ жауы – фашизмді жеңу жолында қолынан кел­геннің бәрін жасады. Ол кісінің күш-жігері елі­міздің тәуелсіз ұрпағына бейбіт те бақыт­т­ы өмір сүріп, жарқын болашақ құру мүм­кіндігін сыйлаған халықтың ортақ ерен ең­бегі мен ерлігінің бір бөлігіне айналды. Өзінің адал да абыройлы еңбегімен туған жеріміздің өсіп-өркендеуіне лайықты үле­сін қосты.

Қазақстан жастары ғибратты ғұмыр кешкен осындай адамдардан үлгі алып, ол кісілерден Отанды риясыз сүюді үйреніп, өз елінің нағыз патриоттары болуы тиіс.




Көрілген: 2847    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.05.2013, 13:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31