Айбар

КСРО-дан қалған әскери-техникалық «мұра» отандық инвестицияға зәру

  • КСРО-дан қалған әскери-техникалық «мұра» отандық инвестицияға зәру

    КСРО-дан қалған әскери-техникалық «мұра» отандық инвестицияға зәру

Кез келген мемлекеттің қауіпсіздігі жоғары, қорғаны берік, еңсесі биік болуы үшін алдымен әскери саласы мы­ғым болуы керек. Тәуел­сіз Қазақ елінің бүгінгі тол­ғандырар мәселесі де – осы. Рас, еліміздегі Қарулы Күш­теріміздің басты құралы – әскери техникаларымыз бен қару-жарақтары­мыз­дың сапалы болуы қажет-ақ. Ал  қазірде бұл үдеден қалай шыға алып жүрміз? Отандық Қарулы Күштердің әскери техникалармен жаб­дық­талуы, сырттан келетін әскери тех­ни­ка­лар­дың сапалық стандарты қандай? Міне, бүгін біз осы мәселелерді тарқатып кө­руді жөн көрдік.


Сапа жағы өз алдына, сан жағы да аз

Жалпы, кезіндегі КСРО-ның қара­ма­ғында болған елдердің қай-қайсысы бол­сын әскери-техникалық әлеует жағынан ақ­сап жатқаны рас. Сол кеңестік кезеңнен қал­­­ған әскери-техникалық «мұраның» қыз­метіне көптеген елдер әлі де жүгініп ке­леді. Әрине, ол елдердің ішінде Қазақ елі де бар. Өзгелер тәрізді біздің еліміз  де там-тұмдап болсын әскери техникасын жа­ңа­лауға, қару-жарағын сапалы сайлап алу­ға тырысып-ақ жүр. Бірақ көрсеткіш ана­ғұрлым жоғары емес. Мамандар мұны жа­сыруға болмайтынын, себебі мұндайды жасыру күні ертең ұлтқа қауіп төндіретінін жиі алға тартады.

Абзал ТАСТАНБЕКОВ, сарапшы-маман, запастағы офицер:

– Әскери-техникалық әлеуетіміз жа­­йын­да сөз еткенде  сапа жағы өз ал­ды­­на, сан жағынан да кемшінбіз. Мы­са­лы,  елі­міз­дің Қарулы Күштері 70 мың адам­­нан құ­­ралған. Ал іргеміздегі Бе­ла­русь елінің Қа­рулы Күштері 90 мың адам­ды құрайды. Белорус­тардың ха­лық саны бізден төмен. Со­ған қара­мас­тан, олардың Қарулы Күш­терінде сан­дық көр­сеткіш жоғары. Бұдан соң біз­­дегі танктердің 30 пайызы – Т-62, 70 па­йы­зы – Т-72. Зерттеп көрсеңіз, бұл тех­­­­никалар дамыған және дамушы ел­­­дер­де мерзімі өтіп кеткен техника ре­тін­де қол­­да­­­нылмайды.    Тағы айта ке­те­тін мә­селе – Қа­­рулы Күштерде БМП-1-2 мар­кідегі бар-жоғы 400-500 тех­­ника ғана бар. Ал көр­­шілес  Ресей  елі мұн­­дай техниканы пай­­далануда БМП-3-ке қол жеткізіп отыр. Біз­­дің әс­ке­ри саланы жаңалау үшін үлкен ин­­вес­тиция қажет. Сонда ғана біз те­геу­рін­ді тех­никалық қабілет қа­лып­тастыра ала­мыз.


Расымен де, маман сөзінің жаны бар. Ба­йыптасақ, біз­дің елімізге еніп жатқан әс­кери тех­ни­каларымыздың дені сырттан әке­лінеді. Осындайда «өзге ел бізге шы­ны­мен жақ­сы­сын бере ме», сол «өзгеге тә­уел­ді бол­мау үшін қазақ неге өз қаруын өзі сай­лауды қолға алмайды» деген сауал ма­за­лайды...

Шағын зауыттар салуға  ниеттенбей отырмыз

Абзалында, әскери техникалық деңге­йі­міз туралы сөз еткенде маман­да­ры­мыз­дың басым бөлігі әскери техникалар құ­рас­тыратын шағын зауыттардың бізге қа­­жеттігін алға тартып отыр. «Мұндай за­уыт­тардың болуы, ол зауыттарда білікті ма­­мандардың даярлануы ешқандай елге тех­никалық тұрғыдан тәуелді бол­ма­уы­мызға жол ашады» деседі мамандар. Не­­гізінен,  қорғаныс техникасын шы­ға­ратын өз зауыттарымыз бар. Мәселен, Орал­да, Петро­павл­да сондай зауыттар бар. Сарапшыларымыздың пайымынша, бұл зауыттардың өнімдерін бүгінгі күні  бә­се­кеге қабілетті деуге әбден болады. Ол за­уыттарда технология да бар, мүмкіндік те мол. Жалпы, 2009 жылы еліміздің қор­ғаныс өнеркәсібінің жағдайы мүшкіл еді. Ол кездері «Қазақстан Инжиниринг» ұлт­тық компаниясының шығынды қосқандағы та­за табысы 258 млн теңгені құраған бо­латын. Кәсіпорындар Қорғаныс ми­нистр­лігі құзырына өткен соң ұлттық компания 2010 жылды 350 млн теңге, ал 2011 жыл­ды 1,7 млрд теңге таза пайдамен та­мам­дады. Демек, бізге «техникамыз тегеурінді емес» деп төменшіктеуге тағы болмайды. «Егер жыл сайын әскери тех­ни­ка­ла­ры­мыздың 10 пайызын жаңалау қажет бол­са, соның кем дегенде 3-4 пайызы отандық үлес­тің еншісінен жаңаланып жатыр» дей­ді мамандар. Ендеше алдағы уақытта біз сол елдегі зауыттарымызға инвестиция са­лудан шаршамауымыз қажет...

Жұмаділ БАЙҒҰНШЕКОВ, техника ғылымының докторы, профессор:

– Оралдағы «Зенит» зауыты елі­міз­дің әс­кери флотына арнап әскери-теңіз кеме­ле­рін шығара бастады. Сапасы жақсы. Не­гізі, қорғанысқа арналған тех­ника мен құ­рал-жабдықты өндіру қолымыздан келеді. Ел­дің қорғаныс қа­білеті ең алдыңғы ке­зекте тұруы қажет десек, онда қорғаныс өндірісін да­мыту жағы да ұмыт қалмағаны дұ­рыс. Өйткені өзге елдің бізге жақсысын бер­­мейтіні анық. Тіпті қайсыбір жыл­дары ше­телден ауқымды қаржыға пай­да­­ла­нылған, ескі техникаларды да са­тып лған жайттар кездесті. Сон­дықтан бо­ла­шақ­та қорғаныс өн­ді­рі­сі өркенде­мей еш­те­ңе өнбейді.



Түйін

Негізінде, бесқаруын қарымды етіп сайлап алғысы келген мемлекеттердің дені бүгінде әскери-техникалық базасының бабын келістіріп, бұл саланы барынша сауаттандырып жатыр. Бізге де нақ қазір керектісі – әскери техникалық әлеуетті заманға сай тегеурінді ету және ол техниканы меңгеретін әскери қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Міне, алдымен осы екі мәселені шешіп алғанда ғана әскеріміз қуатты, атар таңымыз шуақты болары хақ. Жалпы, әскер саласына барынша молынан инвестиция бөлу турасында Қазақ елінің Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовтің «Әскерге салынған инвестиция – ел болашағына салынған капитал» дегені бар еді. Ендеше, ескірген, тозығы жеткен, КСРО «мұрасы» деп танылған техникамен елдің қауіпсіздігін қорғауға 100 пайыздық кепілдік бере алмасымыз тағы анық. Олай болса, еліміздегі әскери техника шығаратын шағын зауыттарды отандық инвесторлар қолдасын делік. Мемлекеттік есеп өз алдына, жекелеген инвестицияның құйылуы да әскери-техникалық базаны баптауда артықтық етпейді...





Көрілген: 2623    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.05.2013, 13:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31