Адамзат тарихындағы ең ірі жануар табылды

03 тамыз 2023, 12:26

Адамзат тарихындағы ең ірі жануар Перуден табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Кит 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген.

 

Ұзындығы - 20 метр, ал салмағы 340 тоннадан асады.

 

Бұған дейін Аргентинадан табылған динозавр әлемдегі ең ірі жануар деп есептеліп келген еді. Оның салмағы - 76 тонна.  

 

РОДОЛФО САЛАС ГИСМОНДИ, палеонтолог:

 

– Перуден табылған кит теңіздің жағаға жақын бөлігінде тіршілік еткен. Әзірге бұл киттің бас сүйегі табылған жоқ. Бірақ жамбасы, 12 омыртқасы мен 4 қабырғасы бар. Мұның өзі бізге көп ақпарат береді.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz