Қоғамдық палата

Алматы қаласының барлық білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірыңғай сағат өткізілді

  • Алматы қаласының барлық білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірыңғай сағат өткізілді

    Алматы қаласының барлық білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірыңғай сағат өткізілді

2018 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Білім, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалары бірлесе отырып, қаланың 202 жалпы білім беру мектептерінде, 82 колледж бен 38 жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында Бірыңғай сағат өткізіліп, 42 мың адам қамтылды.




Бірыңғай сағатта Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңдардың негізгі міндеттері мен бағыттары және ережелері жан-жақты түсіндіріліп, академиялық адалдық қағидаттары мен білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, оқушылар мен студенттер тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында ғылыми баяндамалар жасалып, сурет көрмелері, стендтер және флешмобтар ұйымдастырылды.




Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Е. Игіліков Алматы мемлекеттік энергетика және жаңа электронды технологиялар колледжінде өткізілген Бірыңғай сағатқа қатысып, студенттерге білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мәселелер төңірегінде сөз сөйлеп, Департамент тарапынан түсірілген кең көлемді бейне роликті студенттерге көрсетті.

Бірыңғай сағатқа қатысушылар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңдардың негізгі ережелері жөнінде ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, пікір алысты.


 




Көрілген: 1384    Пікірлер: 0

жұма, 16.03.2018, 13:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30