Алматыдан 58 шақырым қашықтықта жер сілкінді

16 тамыз 2022, 17:27

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 16 тамыз күні 16 сағат 16 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 58 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы -9.5. Магнитудасы - 4.1. MPV Жер сілкінісінің бағыты 42.83° с.е. 77.42° ш.б.

Тереңдігі - 10 км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.