Астана күнінің құрметіне жасөспірімдер мен жастар кездесу өткізді
Алматыда «Жас Отан» Жастар Қанаты жасөспірімдер мен жастар арасында кездесу өткізді. «Жеңісім – ел үшін» акцияcы аясында, Астана күнінің құрметіне орай өткізілген бұл шара Ой қарағай сайындағы «Лесная сказка» жаздық лагерінде болды.
Жасөспірімдер Ресей Федерациясындағы РУДН Университетінің магистранты Нұрсұлтан Болатұлымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жастар ұйымының төрайымы Гаухар Мендіғалиевамен және Алматы қалалық «Жас Отан» Жастар Қанатының төрағасы Мәди Ахметовпен кездесті.
– Қоғамдағы ең үздік өкілдерден бағыт бағдар мен тәрбие алу Жасотандықтардың басты мақсаты. Біз өзіміз батырларымызды үлгі тұтып өскен ұрпақпыз. Батырларымыз елі мен жері үшін қолдарынан келгенін жасап, барлығын бізге табыстап кетті. Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің тарихи құндылықтарын атап өтті. Болашаққа салынған ең басты инвестиция ол бала тәрбиесі. Осы ретте өзінің болшағын ойлаған кез-келген мемлекет ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсат етуі тиіс деп ойлаймын, – деді акция барысында Мәди Ахметов.
Ал Ресей университетінің өкілі Нұрсұлтан Болатұлы осындай акцияны Қазақстанда кеңінен өткізу туралы ұсыныс тастады.
Сонымен қатар, шара барысында Астана күніне орай жасөспірімдер мен жастар арасында футбол турнирі ұйымдастырылды.
Таңат Жайлау