Азаматтық қоғамды дамытуға билік те, халық та пейілді

Азаматтық қоғамды дамытуға билік те, халық та пейілді

Президент халыққа Жолдауында азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту бойынша бірқатар бастама көтерген болатын. Қоғамдық ұйымдардың қызметі елімізді орнықты және жан-жақты өркендетуде маңызды рөл атқарады. Ендігі мәселе, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру және өздеріне артылған жауапкершілікті абыроймен көтеру.

Демократиялық құқықтық мемлекет болу үшін азаматтық қоғам институтын күшейтудің маңызы зор. Президенттің саяси реформаларында бұл туралы нақты айтылды. Оның ішінде үкіметтік емес ұйым мүшелері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұлттық жобаларды, стратегиялық маңызды талқылауларды бірге жүзеге асырудың маңызына ерекше тоқталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мемлкетіміздің жаңару процесіндегі азаматтық қоғам қалыптастырудағы бірнеше нақты-нақты қадамдарды атап көрсетті.


"Қазір Қазақстанның алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуін, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде жаңғыртуды талап етеді". (Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауынан. 16.03.2022 ж).


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаевтың айтуынша, тарихқа тереңірек үңілсек, азаматтық қоғам тіркесі біздің мемлекеттік көқарасамызға, ой-санамызға жат ұғым емес. "Сонау хандық тұсында да бізде азаматтық қоғам институты болған, мысалы би-шешендер, ақын-жыраулар институты болды. Егер бізде азаматтық қоғам болмаған болса, тілдік лексиконымызда "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Екі сөзбен ердің құнын шешу", "Халық қаласа, хан түйесін сояды" деген секілді ұғымдар болмас еді.

Азаматтық қоғам қалыптастырудағы жауапкершілік билік алдында да, халық алдында да бірдей болуы керек. Біріншіден, азаматтық қоғам қалыптастыруға биліктің өзі пейілді болуы тиіс және соған жол ашуға мүдделі болғаны абзал, сондай-ақ республикамыздың әрбір азаматы, әрбір қоғам мүшесі соған атсалысуы керек.

Азаматтық қоғамды дамытудың басты факторы үкіметтік емес ұйымдар екені анық. Алайда қазіргі таңдағы басты мәселе, осындай ұйымдардың саннан сапаға өтуі болып отыр. Сондықтан кейбір қоғам белсенділері мұндай ұйымдарға үлкен мониторинг қажет екенін алға тартады. Өйткені көптеген үкіметтік ұйымдар бірін бірі қайталайды, көп адамдардың үкіметтік ұйым құрудағы мақсаты табыс табу, мемлекеттен қайтарымсыз грант алу болып кетеді. Сонда азаматтардың қолғамдық ұйым құруға құқығын шектемейтіндей, барынша демократиялы түрде осы ұйымдардың жұмысын қалай реттеуге болады? Әрине, ол үшін үкіметтік ұйымдарды қадағалаудың нақты заңды тетіктері қажет.

Деректерге сүйенсек, Орталық Азия елдері бойынша үкіметтік емес ұйымдар ең көп тіркелген ел Қазақстан екен. Елімізде мұндай ұйымдардың саны 22 мыңнан асады. Оның бес мыңнан астамы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде мемлекетке серіктес болуды мақсат еткен. Біздегі үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапсырыс, гранттар мен сыйлықақы және демеушілердің қолдауы аясында жұмыс істейді.

Ал Еуропада мұндай ұйымдарға жекелеген компаниялар мен қалталы адамдар жәрдемдеседі. Онда кейде тіпті үкіметтің өзі үкіметтік емес ұйымдардан қолдау сұрап, оларға қаржысын ұсынады. Францияда халықаралық үкіметтік ұйымдарға қаржылай көмек көрсетіледі, Мысалы, олар 2004 жылы осы мақсаттқа отыз үш милионнан астам еуро бөлген. Германияда үкіметтік емес ұйымдарды жеті адам құра алады. Австрия заңы бойыега үкіметтік емес ұйымдар қажет болған жағдайда қосымша құрылымдар құруға құқылы. Сондай -ақ Үкіметтік емес ұйымдар федерациясына қосыла алады. АҚШ-та мүшелерінің саны он мыңнан асатын үкіметтік емес ұйымдар бар. Ол жақта үкіметтік ұйымдарға мақсаты мен бағытына қарамастан кез келген адам мүше бола алады. АҚШ-тағы ең үздік Wikimedia еркін ақпарат қауымдастығы әлемдегі үкіметтік емес ұйымдардың көшін бастап тұр. Сондай-ақ үздік ұйымдар қататрында денсаулық сақтау, босқындарды қолдау қауымдастықтары бар. Жалпы, үкіметтік емес ұйымдар батыстың дамыған, бай елдеріне тән деуге болады.

Біздің еліміз де осы бағытты дамытуға ұмтылып келеді. Осы орайда елімізде халыққа пайдасын тигізіп отырған үкіметтік емес ұйымдармен қатар бюджетке қол салып отырған бір күндік жасанды ұйымдардың ара жігін ажыратуымыз маңызды болып отыр. Бұл жерде үкіметтік ұйымдарға қолдау білдіретін адамдар, олар мейлі кәсіпкерлер, мемлекет қызметкерлері болсын өз мүддесі үшін емес, ең алдымен қоғам үшін еңбек етуі керек. Қаржы бөлген тарап өзін мақтау үшін, атағын шығару үшін ғана қоғамдық ұйымдарға қол ұшын беруі көзбояушылық болатынын түсінгені абзал. Сондықтан қоғам мүшелерінің халық мүддесін алдыңғы орынға қоюы, әділ еңбек етуі маңызды. Ол үшін жалпы халықтың саяси мәдени санасын қалыптастыру мәселесі алдыңғы орынға шығады.

«Қазақстан Халқына» ҚӘҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі Алмаз Ержан мырзаның айтуынша, қазақ халқы өте зерек, тез бейімделгіш халық. Сондықтан халықты ұлт ретінде ұйыстыратын жаңа идеогия болу керек. "Қазақта "әр адам ақылы жеткенін істейді" деген сөз бар. Ал біздің мақсатымыз әр адамның санасында "мемлекет – ол менмін" деген ұғымды қалыптастыруымыз керек. Ол үшін әлеуметтік желілерде азаматтардың ойын ашық айтуына еш шектеу болмауы тиіс. Әр адамның ойында жүрген мәселе жүзеге асқанда ғана олар өзін биліктің еститініне көз жеткізеді" дейді ол.

Азаматтық қоғам қалыптастыру деген біреуге жағымпаздану емес, бір адамнан культ жасау емес, құрғақ дақпырт мақтану емес. Азамматтық қоғам қалыптастыру деген сөз - ой бостандағы болу керек екен деп ббіреуді беталды жөн-жосықсыз қаралау, ғайбаттау, біреуге күйе жағу емес. Азаматтық қоғам қалыптастыру деген қоғамдағы қордаланған нақты проблемаларға байланысты конструктивті сын айта білу, әділ шешім шығара білу. "Мен түзелдім, тыңдаушым сен де түзел" деп ұлы Абай айтпақшы, әр азамат қоғамды сауықтыруға не істей алам деп өзіне сауал қоюы керек. Әркім өзінен бастау керек деген түсінік Жаңа Қазақстан ұғымымен қатар айтылып қана қоймай, жүзеге асырылғанда ғана саналы азаматтық қоғам қалыптасары хақ.

Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста