Қоғамдық палата

Азаматтық қоғамының жандануы елдің дамуына ықпал етеді

  • Азаматтық қоғамының жандануы елдің дамуына ықпал етеді

    Азаматтық қоғамының жандануы елдің дамуына ықпал етеді

Қоғамның дамуына әрбір адам жауапты. Сондықтан азаматтық қоғам дамыған жағдайда ғана елдің ілгерілеуі, нығаюы арта түспек. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет бірін-бірі толықтырып отыратын тұтас ұғым. Екеуі бір-бірінсіз дами алмайды. Елімізде азаматтық қоғамның дамуына барлық жағдай жасалған. Бұл мәселелерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жіті мән беріп отыр. Барлық жағдай «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында» жан-жақты нақтыланған. Аталмыш тұжырымдамада «азаматтық қоғамды және оның институттарын дамыту үшін жағдайлар жасау, идеологиялық және саяси әралуандылық пен бәсекелестікті, пікірлердің плюрализмі, азаматтық белсенділік нысандары мен әдістерінің әртүрлі болуын ескере отырып, мемлекет пен қоғамның түйінді міндеттерін толыққанды шешу мақсатында оларды талқылауға азаматтарды тарту жөніндегі шаралар бекітіледі» деп тайға таңба басылғандай көрсетілген.

Біздің елде азаматтық қоғамның дамуы мен нығаюы Елбасымыздың жүргізген сарабадал саясатымен тікелей байланысты екені анық. Өйткені Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ азаматтық қоғамды дамытуға көп көңіл бөлінді. Тіпті азаматтық қоғамды дамытудың қазақстандық үлгісі пайда болды деуге де болады. Тәуелсіздік жылдарында осындай ұстанымдардың арқасында  азаматтық қоғамды алға сүйрейтін буын қалыптаса бастады. Заманның, өмірдің, тіршіліктің, мемлекеттіміздің даму барысы азаматтық қоғамның қатысуынсыз болуы мүмкін емес.

Азаматтық қоғам дегеніміз – еліміздің азаматтары, нақтылап айтсақ оның негізін ел тұрғындары, олардың отбасы құрайды. Оның негізгі қағидаларының бірі адамның құқығы мен бостандығы. Өйткені еркін елдің азаматы да еркін ойлы болғанда толыққанды нәтиже болады. Еліміздегі әрбір азамат өз өміріне, айналасына, тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдағы оқиғаларға ерікті түрде қатысып, белсенді өмір салтын қалыптастырған жағдайда ғана азаматтық қоғам нығаяды, дамиды. Ал мемлекеттік органдар халықты ашық түрде ақпаратпен, өздерінің қызметімен қамтамасыз етіп, хабардар етіп жан-жақты қолдау білдіреді.

Азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара әрекеттесуі айтарлықтай жетістікке жетуге мүмкіндік берді. Бұл азаматтық қоғамның мәселелерін мемлекет қолдап, түсінуге де, оның қалыптасу процестерін түсіндіруге де қатысты. Азаматтық қоғамды белгілі бір ұйымдардың жиынтығы ретінде ғана емес, белгілі бір сала, қоғамдық өмірдің бір түрі деп түсінеміз. Азаматтық қоғамның тіршіліктің әр тарапымен тікелей және кері байланыстары әр түрлі.

Кейбір ғалымдардың пікіріне қарағанда қазіргі уақытты бұрынғымен салыстырғанда азаматтық қоғамның іргетасы бекіп, нығая түскен. Азаматтық қоғамның құрылымдық сипаттамалары, оның институттары, ресурс көздері, әрекет ету әдістері мен мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынастары өзгеруде. Кеңірек панорамалық көзқарас және өзін-өзі ұйымдастыру процестері мен олардың сипаттамаларын анықтайтын факторларды жан-жақты түсіну өзектілікке ие бола бастады.

Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында азаматтық қоғамның қызметін кеңейту және азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту қажет екені де нақтыланған.

Әлемдік тәжірибеде азаматтық қоғамның негізгі қағидасы мемлекет пен қоғамның өмір сүру сапасын арттыру екен. Барлық салада әрекет ете отырып, халықтың мемлекеттік құрылымдарға ерікті әрі белсенді түрде қолдау білдіруіне ықпал ету. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірлесе жұмыс істеуін нығайту. Бұндай ынтымақтастық түсіністікпен, сеніммен және өзара тең жағдайда ғана қалыптасады. Ал бұған қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар халық үшін атқарылатын қызметтердің сапасын арттырып, өздері жасаған жұмыстарды халықпен, қоғаммен келісе отырып атқарады. Ол үшін шетелдік тәжірибелердің озық үлгілерін қолданысқа енгізіп, тәжірибе жинақтау ауадай қажет. Жалпы алғанда, азаматтық қоғам мен билік арасындағы бірлікте атқарылған іс-әрекет жасасуының озық тәжірибесі жан-жақты талқыланып қолданысқа енеді.

Елімізде үкіметтік емес ұйымдардың қатары артуы – мемлекеттегі азаматтық қоғамның ілгерілегенінің, белсенді адамдар көбейе түскендігінің басты белгісі деп айтуға болады. Бұл өз кезегінде билік пен қоғам арасындағы диалогтың нығая бастағанын білдіреді. Қазір үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант беру қағидалары жетіле түсті. Ол жоба азаматтық қоғамды зерттеп, қадағалап жүрген сарапшы мамандармен бірлесе отырып дайындалған.

Отыз жылда елімізде азаматтық қоғамның дамуына көп күш жұмсалды. Ол ұйымдар да өз кезегінде біршама биікті бағындырды. Бұл алдымен Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесі.  Елімізде азаматтарға көзқарас өзгерді. Қаншама қоғамдық ұйымдар бірлестіктер құрылып, жұмыс атқарып келеді. Олар үкіметтен қолдау тауып, көптеген тапсырыс бойынша жұмыс атқарды. Нақты айтсақ үкіметтік емес ұйымдар да қоғамды дамытуға өзіндік үлес қосты.  Үкіметтік емес ұйымдар әлемді дүрліктірген індет кезінде өте белсенді әрекет ете алды. Соның арқасында жан-жақтан бір мүддеге жұмыла отырып ауқымды жұмыстарды атқарды. Осы үрдіспен ол ұйымдар бірлікпен, ынтымақпен, жоспарлы түрде жұмыс атқара берсе, мемлекетіміздің дамуына қосар үлесі де арта түседі.

 

Нұрлы Еділов 




Көрілген: 1099    Пікірлер: 0

сенбі, 31.07.2021, 01:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30