Екібастұзда тағы құбыр жарылды

06 желтоқсан 2022, 18:30

Екібастұздан шұғыл ақпар. Шаһардағы орам ішілік жылу желілерінде құбыр жарылып, көпқабатты үйлер жылусыз қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы жедел штаб өкілдері мәлімдеді. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шұғыл әрекет еткен жылу берушілер ақауды дер кезінде анықтап үлгерді.

 

Бауыржан  Момышұлы көшесінде орналасқан жеті үйдің 5-де жылу тасымалдағыштар қалпына келтірілген. Қалған екеуінде жұмыс жалғасып жатыр.

 

Апатты жоюға Петропавлдан келген бригада атсалысты. 

 

Базарбай Жаркенов, Екібастұз қалалық Жылу беру кәсіпорнының учаске басшысы:

 

- Біз шұғыл түрде алдын алып үлгердік. Құбырлардың қатуына жол берілмейді. Бір сағат ішінде қалған екі үйді жылуға қосамыз.