Екібастұзда зардап шеккен үйлерге жылу берілді

07 желтоқсан 2022, 16:56

Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы мәлім етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел штаб басшысы-Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, 7 желтоқсан күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша барлық зардап шеккен үйлерге жылу берілді.

 

Желілік судың параметрлері: қысымы - 8,8 кг/см2, түзу бағытта - 83 градус, түзу және кері бағытта 56 градусты құрайды.

 

Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылумен қамтуды қалыпқа келтіру үшін барлық күштерді жұмылдыруда.

 

- Өкінішке орай, соңғы күндері орын алған оқиғалардың нәтижесінде болған гидравликалық режимнің теңгерімсіздігі, соның ішінде тұтынушылар мен ПИК-тердің жылу тасымалдағыштағы суды рұқсатсыз ағызуы бұл жұмысты қиындатты. Барлық тұрғындарға шыдамдылық танытқандары үшін алғыс білдіреміз және алдағы 2-3 күнде бірлескен күш-жігердің арқасында жылумен қамту толығымен қалпына келеді деп ойлаймыз, - деді Роман Скляр.

 

Естеріңізге сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды.