«Gulbolsyn» жобасы қорғансыздардың құқығын қорғайды

25 қазан 2021, 12:39

Елімізде жыл сайын отбасылық зорлық-зомбылықтан мыңдаған аlам зардап шегеді. Ең қасіреті зарап шегушілер – нәзік жанды әйелдер мен қорғансыз балалар. Қамқорлыққа зәру әйелдер мен балаларға пана болып, олардың құқығын қорғаумен айналысып жүрген ұйымдар да, жобалар  аз емес. Сондай жобалардың бірі – Алматыдағы  «Gulbolsyn» жобасы.

Қазіргі таңда Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұрынғы Кеңес Одағының көптеген елдерінде де бұл мәселе үнемі қоғамды алаңдататын. Өзге емес, өз үйіңде жауыздықты көріп, содан зардап шегу қаншама адамның денсаулығына зиян келтірді, кейбіреудің өмірін қиды, енді біреулердің психикасына соққы болды.  

«Gulbolsyn» жобасы Алматы қаласындағы нәзік жандылардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек беріп, қолдау көрсетуге, өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларының алдын алу мақсатында жұмыс істейді.

Бұл жоба Алматының дағдарыс орталықтарымен, «Бақытты отбасы» әлеуметтік ана орталықтарының желісімен бірлесіп белсенді жүзеге асырылуда. Орталықтарды паналап жүрген көптеген әйелдер «Gulbolsyn» жобасының алғашқы қатысушылары болды.

Отбасы, ошақ қасында туындаған дау-дамайды шешіп, теңдік мәселелерін шешу үшін, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ай сайын пікір алаңдары мен кездесулер ұйымдастырылып отырады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз-отбасында немесе күнделікті өмірде бұрынғы немесе қазіргі ерлі-зайыптылар немесе серіктестер арасында болатын физикалық, жыныстық, психологиялық немесе экономикалық зорлық-зомбылықтың барлық әрекеттері. Отбасылық өмірде бір адам өзінің жұбына үстемдік көрсетеді, жыныстық және тұрмыстық зорлық жасайды, қатігездікпен аяусыз ұрып-соғады немесе мүлкіне заңсыз мелік етеді, адамның барлық құқықтарын аяқасты етеді.

Психологиялық зорлық-зомбылық әр түрлі болуы мүмкін, ол обсессивті назар, қудалау немесе мәжбүрлі бақылау болуы мүмкін. Күшті бақылау арқылы зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқы жәбірленушіге/зорлық-зомбылықтан аман қалған адамға қорқыту, қорлау, қорқыту немесе жәбірленушіні/зорлық-зомбылықтан аман қалған адамды кез-келген қолдаудан зиян келтіру, жазалау, қорқыту және оқшаулау үшін қолданылатын басқа да теріс қылықтар арқылы бағынуға және/немесе тәуелділікті қалыптастыруға бағытталған.

 Экономикалық зорлық-зомбылыққа жүгінетін адамдар адамның жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен экономикалық ресурстарға қол жеткізуіне жол бермеуге тырысады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың нәтижесі физикалық, психикалық және эмоционалды денсаулыққа қатысты ұзақ мерзімді проблемалар болуы мүмкін; төтенше жағдайларда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық өлімге әкелуі мүмкін. Бұл әйел кездестіруі мүмкін қысымшылықтың ең төтенше түрлерінің бірі.

Жанұя бұзылып, ерлі-зайыптылар екі жаққа ажырасқан кезде мүлікті бөлу, баланың болашағын қамтамасыз ету секілді мәселелерге қарапайым адамдардың сауаты жете бермейді. Мұндай кезде оларға кәсіби мамандардың көмегі қажет. Сондықтан иаталған жобада құқығы тапталып жатқан қыз-келіншектерге заңдық және психологиялық кеңес беру үшін қабылдау бөлімдері құрылып, психологтар, заңгерлер, жаттықтырушылар сияқты мамандар тарапынан кеңес беру қызметтерін көрсету бойынша сенім телефондары жұмыс істейді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде ондаған алматылық әйелдер өздеріне қажетті көмекке қол жеткізіп, жаңадан өмір бастауға ұмтылып жатыр. Олар ең алдымен өздерін билеген үрейден арылып, өздеріне деген сенімдері пайда болады. Жоба басталғаннан бері 1552 адамға құқықтық, психологиялық көмек көрсетілген.

Таяуда Алматы қаласында «Жас Отан» бөлімінде жобаның ашылуына байланысты баспасөз конференциясы өткен болатын. Сол жиында жоба мамандары жарты жылға жуақ уақыт ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісіп, алдағы қойылған мақсаттарды айқындады

«Gulbolsyn» жобасы аясында Алматы қаласында қыздар мен әйелдерге көмек көрсететін 3 кеңес беру пункті жұмыс істейді, олар «Жас Отан», «Қазақстан еріктілер лигасы» базаларында және «Бақытты отбасы» орталығында орналасқан. Негізгі кеңес беру нүктесі – Бақытты отбасы орталығы базасындағы пункт. Барлық үш кеңес беру пункті жобаның басынан бастап жұмыс жасайды

«Gulbolsyn» жобасы 2021 жылдың желтоқсанына дейін жалғасады, бірақ ұйымдастырушылардың болашаққа үлкен жоспарлар құрып отыр. Жоба меңгерушісі ауқымын кеңейтіп, тек Алматы қаласын ғана емес, бүкіл Қазақстанды қамтуды мақсат етеді. Болашақта барша қазақстандық көмекке зәру әйелдер қауымы  жоба бойынша қажетті көмекке қол жеткізбек.  

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң Қазақстанда бірнеше жыл бұрын қабылданған болатын, бірақ сарапшылардың айтуынша, бұдан жанұялық зорлық-зомбылық құрбандары азаяр емес.  Қазіргі уақытта Парламент қабырғасында "отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы"жаңа заң жобасы талқылануда.

2009 жылы қабылданған қолданыстағы "тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" заң 26 баптан тұрады. Заң жобасының авторлары қолданыстағы заңның нормалары зорлық-зомбылық фактілері анықталғаннан кейін ғана ықпал ету шараларын қарастырады және көптеген функциялар ішкі істер органдарына жүктеледі деп мәлімдейді. Оны әзірлеушілердің бірі Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова жаңа заң жобасында зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл механизмі: алдын алу, анықтау, Бақылау, жолын кесу, ықпал ету, оңалту көрсетілген.

Жоба авторлары зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласына барлық мемлекеттік құрылымдар мен жалпы қоғам тартылуы тиіс деп атап өтіп, жобада тек ішкі істер министрлігінің ғана емес, білім, денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің де әрекеттері нақтыланды.

Айнұр Нұрсабет