Жұмыс жасамайтын ҮЕҰ саны есеп кезінде қиындықтар тудырады
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 19860 үкіметтік ұйым тіркелген, оның ішінде ресми түрде 2919 ҮЕҰ жұмыс жасамайды деп танылды.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде «Жұмыс жасамайтын ҮЕҰ саны есеп кезінде қиындықтар тудырады, азаматтық қоғамның дамуы мен жағдайы туралы статистикалық және өзге де көрсеткіштердің бұрмалануына әкеп соқтырады. Осы мәселе үкіметтік емес ұйымдармен Қазақстанның VII Азаматтық форумында көтерілген болатын. Олармен аталған мәселені шешу үшін ұсынымдар берілді» - деп түсіндірді.
Қазіргі уақытта ҚР Парламентінде Салық кодексінің жобасы қарастырылып жатыр, оған әрекет етпейтін ҮЕҰ тарату үрдісін жеңілдететін нормалар енгізілген. «Аталған нормалардың қабылдануы әрекет етпейтін заңды тұлғаларды тарату үрдісін біршама жеңілдетеді және олардың статистикасына оң әсерін тигізеді» - деп түсіндірді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде.
Сонымен, ҚР Салық кодексінің 93-бабында салық төлеушілердің қызметін еріксіз тоқтату тәртібі қарастырылған. Еріксіз таратуға әрекет етпейтін, белгілі талаптарға сәйкес заңды тұлғалар жатқызылатын болады. Мысалы, Салық кодексінде бекітілген талап қою мерзіміне сай салық есептілігін бермесе, қаржымен операциялар жасамаса, ҚСС төлеуші ретінде есепте тұрмаса, әлеуметтік төлемдер бойынша қарызы болмаса және т.б. Салық органы 93-бапқа сай келетін субъектілердің мониторингін тұрақты негізде жүргізіп, сәйкесінше шараларды қабылдайтын болады.
Алаш айнасы