Қоғамдық палата

Қазақстанда діни сараптама барысында тыйым салынған материалдар мен сайттар анықталды

  • Қазақстанда діни сараптама барысында тыйым салынған материалдар мен сайттар анықталды

    Қазақстанда діни сараптама барысында тыйым салынған материалдар мен сайттар анықталды

2017 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жүргізген діни сараптама жұмыстары барысында 4 332 материалға (діни әдебиеттер, діни бағыттағы басқа да материалдар) зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 196 нысанға теріс қорытынды берілді. 


Діни сараптама жүргізудің негізгі міндеті - Конституция нормалары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына теріс әсер ететін заңбұзушылықтарды анықтап, оларға сараптама жүргізу болып табылады.

Дінтану сараптамасының объектілеріне діни мазмұндағы және діни бағыттағы нысандарды қамтитын ақпараттық материалдар, рухани (діни) білім беру бағдарламалары, жарғылық және діни мазмұндағы басқа да құжаттар жатады.

Бұл ретте діни әдебиетті, діни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарды, заттарды тарату діни ғимараттарда (құрылымдарда), рухани (діни) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда, облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен арнайы белгіленген стационарлық орындарда ғана рұқсат етіледі. Елімізде діни материалдар мен бұйымдарды саудалауға арналған 257 арнайы орын бар.

Жеке пайдалануға арналған заттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды әкелуді діни сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана тіркелген діни бірлестіктер жүзеге асырады.

Бұдан бөлек, діни радикализм мен экстремизмді насихаттауға қарсы іс-қимыл интернет-ресурстарды талдау арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, 2017 жылы тек Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 10 174 интернет-ресурстың мазмұнына сараптама жүргізіп, оның ішінде 3 555 сайттың заң бұзушылық бағыттағы қызметін анықтады.

Заңбұзушылықтар анықталған сайттар бойынша теріс сараптамалық қорытындылар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберіледі.




Көрілген: 1167    Пікірлер: 0

жұма, 26.01.2018, 22:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30