Қоғамдық палата

Қазақстандағы волонтерлер қозғалысын дамыту келешегі талқыланды

  • Қазақстандағы волонтерлер қозғалысын дамыту келешегі талқыланды

    Қазақстандағы волонтерлер қозғалысын дамыту келешегі талқыланды

Астанада волонтерлік ұйым өкілдері, мемлекеттік органдар мен сарапшылардың қатысуымен «Қазақстанда волонтерлер қозғалысын дамыту келешегі» тақырыбында республикалық «дөңгелек үстел» отырысы өтті. 


Шара барысында волонтерлік қызметтің әл-ахуалын талдау, волонтерлер қозғалысын дамыту әлеуетін зерттеу, сондай-ақ, әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу мәселелері талқыланды.

Саясаттанушы Ерлан Саиров Қазақстанда волонтерлердің құқықтық әлеуетін арттыру мен мемлекет тарапынан қолдау қажеттігін айтты.

«Жақында «Волонтерлік қызмет туралы» ҚР Заңы қабылданды. Қабылданған заң жобасы мемлекеттегі волонтерлік қызметтің әрі қарай дамуына қол ұшын созады деген ойдамын. Волонтерлік қызмет мемлекеттік қолдау жүйесі арқылы ерекше мәнге ие болады, бұл өз кезегінде, азаматтық белсенділіктің осы түріне бастамашылық ететін адамдардың құқығы мен міндеттерін қамтамасыз ете отырып, қоғамдық қозғалыстан әлеуметтік институтқа ауысуға мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстандағы волонтерлік қызмет берік негізге және әлі де ашылуы тиіс ауқымды әлеуетке ие» - атап өтті Ерлан Саиров.




«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк өз сөзінде қазіргі заманның үш тренді – әмбебап тәжірибе, әлеуметтану және байланыс, қызметті таңдау еркі туралы айтты. «Волонтерлік қызмет– болашақ адамдарының мектебі деуге болады, себебі, әр волонтер заманауи қоғамның даму трендіне сәйкес келетін машықтарға ие болады. Осылайша, волонтерлік қызмет әлеуметтік жаңғыру мен адами капиталдың алға дамуының негізгі әдістерінің бірі бола алады», - деп атап өтті Татьяна Миронюк.

Сонымен қатар, іс-шара аясында 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында волонтерлік қызметті дамыту жөнінде Жол картасының жобасы талқыланды.

Іс-шара барысында волонтерлік ұйымдар, ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар өкілдерінен Қазақстандағы волонтерлік қызметтің қазіргі механизмдерін жетілдіру және жаңа әдісін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру ұсынылды.




Көрілген: 1160    Пікірлер: 0

жұма, 15.12.2017, 09:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30