Қоғамдық палата

«Нұр Отан» мектеп түлектерінің қамқоршысы

  • «Нұр Отан» мектеп түлектерінің қамқоршысы

    «Нұр Отан» мектеп түлектерінің қамқоршысы

Алматыда «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының өкілдері «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе «Сәтті қадам» партиялық жобасын іске асыру аясында мектеп оқушыларымен кездесті. Партиялықтар №100 жалпы білім беретін мектептің 9, 10, 11 сынып оқушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей қалған жағдайда қолданылатын шаралар туралы айтып, қандай оқу орындарына тегін түсу мүмкіндіктері бар екенін, 16 жасқа толған азаматтарға мемлекет тарапынан жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.


Шара барысында Медеу аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Мұқанова оқушыларға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, «Сәтті қадам», «Жастар - Отанға», «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» партиялық жобалары туралы әңгімелеп берді. - Мектеп түлектерінің тағдырын назарда ұстау мақсатында «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» жобасы жүзеге асырылып келеді. Жастар арасында оқуға түсу, жұмысқа орналасу мәселелері ең өзекті тақырыпқа айналғаны жасырын емес. Жас мамандар қолына диплом тиген соң біраз уақыт жұмыс іздеп, уақыт жоғалтады. Ал, жобаның басты бағыты түлектерге алдын ала кеңес беріп, болашақта өз орнын табуға жәрдемдесу, - деді Меруерт Мұқанова.


Қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Керімқұл Жекетаевтың мәліметінше ағымдағы жыл Алматыда «Жастар жылы» деп жарялануына орай, жастар мәселесі басты назарға алынып, «2017-2020 жылдарға арналған Алматы қаласы жастарын қолдаудың жол картасы» жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы, Сәтті қадам партиялық жобасының III бағыты бойынша ҰБТ тапсырып шектік балл жинай алмаған түлек саны Алматы қаласы бойынша 377. Жалпы «Жас Отан» жастар қанатының филиалы ҰБТ-ға мүлде қатыспаған 1 330 түлектің әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіліп, растайтын құжаттар жинақталған. Алматы қаласы бойынша 2017 оқу жылының қорытындысы негізінде 1 330 түлектің 163 жекеменшік оқу орындарға, 908 шетелдік оқу орындарына, 78 арнайы кәсіптік білім беру мекемелеріне, 46 кәсіптік мамандарды даярлау орталықтарына, 65 партияның қолдауымен жұмысқа, 2-і әскерде болуына байланысты, 46 түлек отбасылық және басқа себептер бойынша қатыспағандығы мәлім болды.


Алаш айнасы




Көрілген: 1409    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.11.2017, 16:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30