Қоғамдық палата

«Нұр Отан» партиясының қатары талантты жастармен толықты

  • «Нұр Отан» партиясының қатары талантты жастармен толықты

    «Нұр Отан» партиясының қатары талантты жастармен толықты

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай партияға қабылдау рәсімі өтті. Онда партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед өз саласында биік белестерді бағындырған талантты 15 жас қазақстандыққа партиялық билеттерін салтанатты жағдайда тапсырды.


Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасымыздың жастарды үнемі қолдап, олардың сапалы білім алуына және бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына барлық жағдайды жасап келе жатқанына назар аударды. Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырда жеткен жетістіктері мен бүкіл әлем таңдай қаққан табыстары Тұңғыш Президентіміздің ерең еңбегінің нәтижесі екенін айтқан Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Нұр Отан» – Елбасының партиясы. Сондықтан Мемлекет басшысының саясатын қолдайтын, елін, жерін сүйетін, халқына адал қызмет еткісі келетін әрбір жас қазақстандық осы партияның қатарынан табылуы тиіс. Елбасы салған даңғыл жолдан жаңылмай жаһан көшінің алдынан көріну енді ел жастарының, яғни сіздердің абыройлы міндеттеріңіз», – деді.


Бүгін «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанған жастар қатарында белгілі әнші, алғаш рет ұйымдастырылған «Жыл таңдауы» ұлттық телевизиялық ән байқауының лауреаты Төреғали Төреәлі, бірнеше хит әндердің орындаушысы Ерке Есмахан, ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева, кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов, бидайды қайта өндеу саласында әлемдік деңгейде жаңалық ашқан жас ғалым Әуесхан Оспанов, археолог Айбар Қасеналин, республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының дәрігері Алуа Масалимова, Ақтөбе облысы, Алға аудандық балалар үйі директорының орынбасары Вероника Власова, «Ауыл шаруашылығы саласындағы ең үздік жас маман» байқауының жеңімпазы Егемен Жұмағали, республикалық және халықаралық дебат турнирлерінің бірнеше дүркін жүлдегері Уәлихан Тұрарбек, жас кәсіпкер Нұрлан Қабыштаев, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушысы Ахмет Магомедов, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Жалғас Молжігіт, жас шахтер Николай Алейников және металлург Дмитрий Бобылев бар.


Іс-шара соңында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед тағы да барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, жаңадан қабылданған жас партия мүшелері еліміздегі басты саяси күштің дамуына өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.


Алаш айнасы




Көрілген: 1329    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.11.2017, 16:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30