Қоғамдық палата

«Нұр Отан» партиясының көмегін көрген қарапайым жандардың алғысы шексіз

  • «Нұр Отан» партиясының көмегін көрген қарапайым жандардың алғысы шексіз

    «Нұр Отан» партиясының көмегін көрген қарапайым жандардың алғысы шексіз

Елімізде көмекке зәру жандар көп екені айтпаса да түсінікті. Олардың көпшілігі өмірде түрлі кедергілерге кезігіп көптеген мәселелерді шешуде тығырыққа тіреледі. Осындай азаматтардың қиналғанда көмек беретін жандарды іздейтіні сөзсіз. Сол сәтте олар елдің сүйікті партиясы атанып кеткен «Нұр Отанның» көмегені жүгінеді. Ал партия мүшелері араласқан іс әрдайым оң шешімін тауып жатады. Бүгін біз осындай ізгі істің бірін ғана айтып өтсек деп отырмыз.


Жақында «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Павлодар тұрғыны Любовь Ситникова көмек сұрап келген еді.


Азаматшаны көз мүгедектігінің тобын қалпына келтіру жөніндегі әскери-дәрігерлік комиссиядан өту мүмкіндігінің жоқтығы уайымдатқан еді.


Павлодарлық партиялықтар өтініш берген тұрғынды мұқият тыңдап, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшының қабылдауына жазды. Облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен бірлесіп өткізілген қабылдау кезінде бұл сұрақ жан-жақты талқыланды. Оның қорытындылары бойынша комиссияның шешімімен Л. Ситниковаға мүгедектіктің ІІ тобы берілді.


- Мен бала кезімнен зағиппын. Үш балам бар. Оларды жалғыз өзім тәрбиелеудемін. Міне бір жарым жыл бойы мүгедектік мәртебемді рәсімдей алмай жүрдім. Үміт үзіле бастады. Таныстарым «Нұр Отанға» бар деген кеңес берді. Партияға барып көмек сұрағаннан 2 күн өтісімен барлық құжаттарды рәсімдеуге көмек берілді. Қазіргі кезде өтемақы мен өзге де жеңілдіктерге ие болдым. Үлкен рахмет, - деп партияға алғысын білдірді қала тұрғыны.


Павлодар облысында «Нұр Отан» партиясының 14 қоғамдық қабылдау бөлмесі: 1 облыстық, 3 қалалық және 10 аудандық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді.


2017 жылдың 10 айы ішінде партияның Павлодар облыстық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 3221 өтініш келіп түсті. Олардың 1121-і немесе 35% оң шешімін тапты.


Алаш айнасы


 




Көрілген: 1407    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.11.2017, 12:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30