Қоғамдық палата

«Нұр Отаннан» көмек сұрап келген жандар разы боп аттанады

  • «Нұр Отаннан» көмек сұрап келген жандар разы боп аттанады

    «Нұр Отаннан» көмек сұрап келген жандар разы боп аттанады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде көптеген мәселелер шешімін тауып келеді. Халықтың түйіткілді мәселелерінен құлағдар бола отырып, оны шешу жолдарын қарастыру орталықтың негізгі мақсаты. Осы ретте атқарылып жатқан жұмыстар ұшан-теңіз десек те болады. Ал «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түсіп жататын барлық өтініштер сан түрлі болып келеді.


Атап айтар болсақ тығырыққа тіреген тұрмыстық мәселелермен қатар, әлеуметтік-қоғамдық түйткілдерді көтеретін өтініштер баршылық. Азаматтарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдап, көмек қолын созуда «Нұр Отан» партиясы фракциясының Парламент Мәжілісіндегі депутаттары ерекше атсалысады десек артық айтқандық емес.


Жақында ғана Астанадағы «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамраев азаматтар қабылдауын өткізді. Қабылдауға 8 адам жазылды. 


Көмек сұрап келген жандардың бірі – Жадыра Жұбаева. Ол 2014 жылы «ТК-Жағалау» тұрғын үй кешенінен баспана алу үшін 9 300 456 теңге салып, сол ақшасын енді қайтарып ала алмай жүр. Себебі, келі­сімшарт бойынша бір жылдың ішінде салынып бітуі тиіс баспананың құ­рылысы әлі аяқталмаған. Баспана мердігері – осыған дейін де шу болған ASI инвес­тициялық құрылыс компа­ниясы. Әлі күнге дейін үйдің салынып бітпеуіне байланысты әрі отбасындағы қаражат тапшылығынан 4-5 ай бұрын екіжақты келісімшартты бұзған. Соған байланысты 60 күн ішінде барлық сомма 2 немесе 3-ке бөлініп иесіне қайта­рылуы керек болған. Алайда шағымда­нушы толық соммасын ала алмай отыр. Құзыр­лы органдардың табалдырығын тозды­руының нәтижесінде ғана әзірше 500 мың теңгесі қолына тиген. 


Бұған қатысты депутат партия атынан «ТК-Жағалау» тұрғын үй құрылыс ком­паниясының басқарма төрағасына хат жазуға және сол хаттың көшірмесін Астана әкімдігіне жіберуге кеңес берді.


Әсем Бегімова көп балалы санат бойынша 2010 жылдан бері баспана алу кезегінде тұр. Сол уақытта кезектегі тізім бойынша 8 мыңның айналасында болса, қазір кезегі 4558-ге ғана жылжыған. Бүгін­де 7 баламен баспана тауқыметін тар­тып жүргеніне қарамастан, әкімдік­тегілер тұрғынның жағдайы жақсы деп шығарып салған. Әсемнің айтуынша, жергілікті органда оның 3 баласы ғана көрсетілген екен, қалған балалары құ­жатта жоқ.


Аталған мәселе бойынша астаналық әйелдің өтініші қабылданды және қала әкімдігіне жіберілетін болды. Сондай-ақ қабылдауға келген Зәуреш Ниетәлиева Қарағанды медицина универ­ситетінде оқитын қызын Астанаға ауыс­тыруға көмек сұрады. Одан бөлек, қаражат жетіспеушілігі мәселесі де көлденең тұр. Осыған байланысты Ден­саулық сақтау министрлігі атына хат жазылатын болды. Депутат Бейбіт Мамраев қабылдауға көмек сұрап келген барлығының мә­се­лесін тыңдап, жазбаша түрде өтініш­терін қабылдап, қолданыстағы заң аясында кеңес берді.


Міне осындай қабылдаулар, атқарылған түрлі істер Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде жиі болып жатады. Азаматтар өзін мазалаған сауал бойынша кез келген уақытта мемлекеттік және құқық қорғау огандары, партия басшылары мен халық қалаулыларының жеке қабылдауына кіре алады.


Алаш айнасы


 




Көрілген: 1451    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.11.2017, 12:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30