Қоғамдық палата

Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты Өкілімен кездесті

  • Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты Өкілімен кездесті

    Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты Өкілімен кездесті

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомура бастаған делегациямен кездесті. 


Сондай-ақ, делегация құрамында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Тұрақты Өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, Орта Азия бойынша БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының үйлестірушісі Дмитрий Фрищин, БҰҰ Даму бағдарламасы Тиімді басқару департаментінің директоры Константин Сокульский болды.

Кездесу барысында министр Н. Ермекбаев БҰҰ Даму бағдарламасымен конструктивті ынтымақтастық орнатудың өзектілігін, сондай-ақ тұрақты түрде өткізілетін кеңестер мен байланыстардың айрықша маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек министр ведомстваның дін, азаматтық қоғам саласындағы қызметі, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы баяндады.

Тараптар БҰҰ Даму бағдарламасының жастар саясаты, азаматтық қоғам және радикалдық экстремизмге қарсы іс-қимыл салалары бойынша қолға алған жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомура кездесуге қатысушыларды БҰҰ Даму бағдарламасының «Орта Азиядағы зорлық-зомбылық бағыттағы экстремизмнің алдын алу мақсатында жергілікті қауымдастықтардың тұрақтылығын нығайту мен трансшекаралық ынтымақтастық» және «Адам капиталын дамыту үшін тұрғындарды волонтерлық қызметке тарту және азаматтық қатысуды нығайту» жобаларының міндеттері мен іске асыру тетіктері туралы айтып берді.

Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылағаннан кейін тараптар жастар арасындағы экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ халықты волонтерлық қызметке тарту мәселелерін шешу жолында тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді.


 




Көрілген: 929    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.02.2018, 18:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30