Қоғамдық палата

Нұрлан Ермекбаев: Тұрғындарды алаңдататын мәселелердің мониторингі жүргізілуде

  • Нұрлан Ермекбаев: Тұрғындарды алаңдататын мәселелердің мониторингі жүргізілуде

    Нұрлан Ермекбаев: Тұрғындарды алаңдататын мәселелердің мониторингі жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.

Министр өз сөзінде мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, 2017 жылдан бастап азаматтық сектор өкілдерімен бірлесе тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелер бойынша мониторингілеу және мәселелерді жинақтау жұмыстары жүргізілуде.




«Бүгінгі күні біз бақылауға алуды қажет ететін 130-дан астам өзекті мәселелерді анықталды. Олардың қатарында жер телімдерін пайдалануды қатаң бақылауға алу, Жанар-жағар май, азық-түлік өнімдерінің және әлеуметтік маңызы бар қызметтерінің бағаларының өсуі, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, өңірлердегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысының сапасын арттыру қажеттілігіне қатысты мәселелер бар», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Министр өз сөзінде қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатқандығын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қалыптастыру мен бағалау үрдісіне азаматтарды міндетті түрде қатыстыру нормалары ұсынылғанын атап өтті.

«Заң жобасында бірқатар жаңашылдықтар бар. Соның бірі, енді жергілікті атқарушы органдар үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды қаржыландыру операторымен тікелей келісімшарт жасау арқылы қаржылық қолдау көрсете алады. Ал бұл жерде оператордың қызметін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» атқарады. ҮЕҰ өкілдерінің пікірлері бойынша, аталған әдіс әлеуметтік жобаларды қаржыландырудың ең тиімді механизмі, бұл халықтың көп шоғырланған жерлерін барынша қамтуға және шұғыл әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деді Н. Ермекбаев.




Министрдің айтуынша, аталған жұмыстар белсенді азаматтарды, ҮЕҰ-ды, меценаттарды біріктіруге серпін болмақ, және аймақтарды дамыту үшін ортақ идеяларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Өңірге жұмыс сапары барысында Нұрлан Ермекбаев Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысына қатысты. Сондай-ақ, Орал қаласындағы жастар мен оқушылар сарайына қарасты «Бастау» коворкинг орталығына барып, белсенді жастармен кездесті.


Алаш айнасы




Көрілген: 1400    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.11.2017, 11:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30