Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету жоспары әзірленіп жатыр

28 шілде 2020, 10:27

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн Үкімет отырысы барысында айтты.


5 шілдеде енгізілген шектеу шараларынан бергі үш апта ішінде 35 951 жаңа вирус жағдайы тіркелді. Жалпы, тіркелген жағдайлар деңгейінің төмендегені байқалады (29%). Жағдай тұрақталып келеді, қазір тәулігіне орташа есеппен 1600 жағдай анықталуда. Сонымен қатар, ауруханалардағы төсек-орынды қамту деңгейі де 43%-ға төмендеді, оның ішінде реанимациялық төсек-орын көлемі 27%-ға. Ал, жазылып шыққандар көлемі 63%-ға артты. Осылайша, денсаулық сақтау саласына түскен негізгі салмақ азайды, - деді ол.


Министр Қазақстанда карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету жөніндегі жоспар әзірленіп жатқанын жеткізді.
Карантиндік шараларды жұмсартудың әзірленген критерийлеріне сәйкес, министрлік инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішін, яғни, бір науқастың оқшаулауға және коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек-орын қорын қамту пайызына дейін қанша адамға вирус жұқтырғанын қадағалап отыр, - деп мәлімдеді Алексей Цой.


Министр үш апталық карантин ішінде инфекцияның репродуктивті көрсеткіші 1,2 - ден 0,99-ға дейін төмендегеніне тоқталды.

Ауруханалардағы төсек-орынды қамту пайызы 90%-дан 47%-ға дейін төмендеді. Осылайша, Денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің жоғарыда көрсетілген оң динамикасы карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету мүмкіндігін көрсетеді, - деп атап өтті ол.

 

BAQ.KZ