Теміртауда газ жарылып, үш пәтердің қабырғасы опырылды

16 тамыз 2022, 16:49

Теміртауда бес қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан үш пәтердің қабырғасы опырылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 12:08-де Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы, 5/2 мекенжайында болған.

Бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының шығуы салдарынан үшінші және төртінші қабаттар арасындағы №30, 34 пәтерлер мен екінші және үшінші қабаттар арасындағы №26, 30 пәтерлерде еден аралық опырылған. Үш пәтерге зақым келген, – делінген Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарламысында.
Ведомствоның хабарлауынша, подъездің барлық тұрғыны көшеге көшірілді: 53 адам, оның ішінде жетеуі бала.

Үш тұрғын мен 1989 жылы туған бір пәтер иесі зардап шегіп, олар Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды.