Төтенше жағдай

Ақтоғайда мелекеттік бағдарлама аясында атқарылған істердің барысы қалай?

  • Ақтоғайда мелекеттік бағдарлама аясында атқарылған істердің барысы қалай?

    Ақтоғайда мелекеттік бағдарлама аясында атқарылған істердің барысы қалай?

Ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдарды және кенттерді дамыту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау және кеңейту, орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту, ауылдық инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй салу жөніндегі шараларды іске асыру жолымен жүзеге асырылатыны Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында кең көлемде нақты жоспарлармен айтылған. Сондықтан ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту жөніндегі шараларды іске асыру кезінде табиғи-климаттық жағдайлар, ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандандырылуы, ауылдық инфрақұрылымның дамығандығы, жол қатынасы және басқалар ескерілуі қажет. Осылайша нақты жоспарларымен жасақталған бағдарламаның аясында атқарылып жатқан жұмыстардың көлемі өте үлкен. Бір ғана Қарағанды облысында жасалаған жұмыстардың өзі неге тұрады. Облыс көлеміндегі игі істерді айтпағанның өзінде, Ақтоғай ауданында атқарылған жұмыстардың ауқымы да орасан. Биылдың өзінде Ақтоғай ауданында жол жөндеу жұмыстарына 500 млн теңгеден астам қаржы бөлініпті. Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуованың айтуына қарағанда бұл сомадан аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 360 млн теңге қарастырылған. Ал, облыстық маңызы бар жолдарға – 150 млн теңге жұмсалыпты. Негізгі жұмыстардың барлығы аяқталуға жақын қалған.

Орташа жөндеу жұмыстары Ақтоғай-Шылым-Ақжарық, Нарманбет-Айыртас бөліктерінде, Бектау-Ата кентіне апарар жолдың 12 шықырымында жүргізілді. Сонымен қатар орташа жөндеу Ақтоғай кентінің үш көшесінің бойында жасалды.

Ақтоғай ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1 052,0 шақырымды құрайды. Оның 179-ы республикалық маңызы бар жолдар, 389-ы облыстық және 296 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.

Жалпы ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру кезінде қолданыстағы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, облыстар мен аудандардың аумақтарын дамыту бағдарламаларын қаржыландыру тетіктері пайдаланылатынын айта кеткен жөн. Бұл мәселе өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша іске асырылады. Бұл ретте ауылдық аумақтарды дамыту бойынша барлық бюджеттік инвестициялық жобалар өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органмен және басқа мүдделі орталық мемлекеттік органдармен кешенді дамыту жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларына сәйкестігі тұрғысынан келісіледі.

Сонымен қатар, «Туған жер» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер Ақтоғай ауданында бірнеше нысандар салып жатыр. Атап айтқанда Ақтоғай ауданында жақын арада жаңа мешіт, сүт қабылдау бекеті және әлеуметтік базар пайдалануға берілмек.

200 адам сыятын жаңа мешіттің құрылысы маусым айында басталған. Ол «Ақтоғай өнімдері» ЖШС-нің қаражатына салынуда. Аталған жобаның жалпы құны 150 миллион теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары қазір қарқынды түрде жүріп жатыр.

Ал, «Бахтияр» шаруа қожалығының қаражатына сүт қабылдау бекеті мен әлеуметтік базардың құрылысы салынуда екен. Демеушілер сонымен қатар ауылдық мектептерге де қолдау көрсетіп төрт мектептің 12 кабинетінде күрделі жөндеу жасалып, оқу жабдықтары сатып алынған, барлық керек жарақпен қамтамасыз етілген.

Міне ел үшін істелген сауапты іс деп осындай кезде айтылса керек. «Туған жер» бағдарламасы арқылы да көптеген жұмыстар жасалып, халық игілігіне айналғаны көңіл қуантады.


 


Нұрлы Еділов




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

сенбі, 06.10.2018, 22:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31