Төтенше жағдай

Алматы құтқарушылары 500-ден астам адамды эвакуациялап, 33 адамның өмірін құтқарды

  • Алматы құтқарушылары 500-ден астам адамды эвакуациялап, 33 адамның өмірін құтқарды

    Алматы құтқарушылары 500-ден астам адамды эвакуациялап, 33 адамның өмірін құтқарды

Ағымдағы жылдың сегіз айында Алматы гарнизоны мен Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары 500-ден астам адамды эвакуациялап, 33 адамның өмірін құтқарыпты.Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің аудандық бөлімдерінің инспекторлары ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті полиция қызметі және «Алматы қаласының құтқару қызметі-109» мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, қаладағы су айдындарына жаз бойы шолу жұмыстарын жүргізді. Ондағы мақсат - демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру болатын.


Су айдындарының қатарында Үлкен Алматы, Есентай, Проходная, Кіші Алматы өзендері, сондай-ақ, Сайран, Бент, Әуежай көлдері және Үлкен Алматы су арнасы бар.


Су айдындарының көбісі шомылуға арналмаған. Бірақ, соған қарамастан, балалар да, ересектер де барып, суға шомылатындары жасырын емес.


Осыған байланысты, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ата-аналарды сақ болуға шақырды.


«Балаларыңызға көңіл бөліңіздер. Олардың жаз уақында қай жерде немен айналысып жүргенін сұраңыздар. Балаларыңызбен тағы да сөйлесіп, оларға сақтық жолдарын түсіндіріңіздер. Су жағасына жалғыз өздерін жіберуге болмайды. Суда шомылғанда тентектік жасауға жол бермеңіздер. Балаларыңызды көзден таса етпеңіздер. Олармен жиі әңгімелесу қажет», - делінген хабарламада.


Құтқарушылар шолғын жүргізу барысында су жағасындағы демалушыларға 1020 жадынама таратып, суда шомылғанда сақ болуға шақырды. Сондай-ақ, өрт қаупі маусымының басталғанын ескере отырып, құтқарушылар алдын алу рейді барысында тұрмыста және таулы-орманды жерде өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде 800-ден астам жадынама таратты. Сондай-ақ алматылық құтқарушылар қысқы кезеңде тау өзендерінде жиналған мұз құрсауларын тазалаумен қатар құтқарушылар өзен арналарын адамның тұрмыс – тіршілігіне байланысты әртүрлі қоқыс қалдықтарынан тазалауда. Атап айтқанда қоқыс арасында тұрғындардың тікелей өзен арналарына тастаған тұрмыстық техникасының, жиһаз, автокөлік шиналары және басқа да ірі көлемді заттардың қалдықтары кездеседі. Мұндай қалдықтардың өзендерде жиналуы Алматы қаласының аумағындағы көшелердегі тұрғын үйлерді, қора-жайларды су басып қалу қаупіне әкеледі.


Өзендерді қоқыс басып қалуға қатысты қаламызда штаттан тыс жағдайға жол бермеу үшін құтқарушылар бірнеше алдын алу шараларын жүргізді: өзендердің жағалауларын күшейту, өзен арнасының түбін күрделі инженерлік техниканың көмегімен тереңдету және қоқыстан тазалау жұмыстары. Мұндай жұмыстар күн суыту жағдайында өзен арналарынан қала аумағындағы каналдарға судың құйылуын азайтады, яғни температураның төмендеуі кезінде өзендерде жиналып қалған мұз су ағысына кедергі келтіріп, жиналған мұз құрсаулары су деңгейінің көтерілуіне әсер етеді.


Өзен арналарын қоқыстан тазалаудың алдын алу шараларын құтқарушылар қаланың барлық аударындарында жүргізді. Алатау ауданында ТЭЦ-2 аумағы мен «Алғабас» шағын ауданындағы Қарғалы өзенінің арнасы тазаланды. «Шаңырақ-2» шағын ауданында Тереңқара өзені мен Үлкен Алматы каналы арнасында тазалау жұмыстары жүргізілді.


Әуезов ауданында Райымбек даңғылынан «Алтын бесік»шағын ауданына дейін және Жандосов көшесінен Шаляпин көшесіне дейінгі аралықта Қарғалы өзені арнасы тазаланды.


Алмалы ауданы – Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі аралықтағы Есентай өзені.


Бостандық ауданы – М-1 және М-2 арналары, Үлкен Алматы өзені.


Жетісу ауданы – Галилей, Летняя, Бөкейханов, Серіков көшелері бойымен Есентай өзені, «Айнабұлақ-2», «Көкмайса» және «Көкжиек» шағын аудандары.


Медеу ауданы – Тиіксай, Терісбұлақ, Ботбасай, Үлкен және Кіші Алматы өзендері.


Түрксіб ауданы – «Қайрат» және «Жас Қанат» шағын аудандарындағы Жарбұлақ өзені.


Наурызбай ауданы – Қарғалы, Тастыбұлақ және Ақсай өзендері.


Орын алған штаттан тыс жағдайларға шұғыл түрде әрекет ету аудандық әкімдіктер мен қалалық ТЖД-нің қолдауымен жүргізілуде.


Қазіргі уақытта Алматы қаласын су басып қалу қаупінің болмауына қарамастан, құтқарушылар тағы бір маңызды міндеттің алдын алып отыр, яғни күзгі су тасқыны кезеңінің басталуы алдында қалалық өзен арналарын қалыпты жағдайға келтіріп отыр. Мысалы, Жетісу ауданындағы Есентай өзенінің арнасын тазалау жұмыстарына жеке құрамнан 6 адам және 4 бірлік техника қатыстырылды.


Алдағы су тасқыны кезеңіндегі ықтимал ТЖ зардаптарын жою дайындығын қамтамасыз етудің алдын алу шараларын жүргізу бойынша Алматы қаласының «109» қызметінде қажетті арнайы техника, мотопомпалар, инертті материал мен қаптардың қажетті қоры дайындалған.


 




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.09.2019, 23:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30