Төтенше жағдай

Алматының төтеншелік мамандары талапқа сай!

  • Алматының төтеншелік мамандары талапқа сай!

    Алматының төтеншелік мамандары талапқа сай!

Алматы еліміздегі ең ірі қалалардың бірі. Табиғаты жайлы, тіршілікке қолайлы болғандықтан әсем қалаға келушілердің, тұрақтап қалуға тырысушылардың да қатары азайған емес. Ал халқы көп қаланың төтенше оқиғалары да көп болатыны айтпаса да түсінікті. Осы орайда Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің тіршілігі қашан да қайнап жатады деуге болады.




Төтеншеліктердің техникасының талапқа сай болуының маңызы зор!


Төтенше жағдайға жалаң қолмен төтеп беру мүмкін емес. Осы орайда Алматы қаласына қарасты төтеншелік қызметтің құрамында 141 бірлік автотехника бар, оның ішінде 82 бірлік негізгі, 27- сі арнайы және 32 бірлік қосымша өрт сөндіру техникалары. 2017 жылы жергілікті атқарушы бюджеттен 17 бірлік автотехника, 40 бірлік 4 сағаттық әсері бар тыныс алу аппараттары алынған. Төтенше жағдайлар Департаменті гарнизонына үш «АЛ-32» автосатылар, тез жүретін сегіз автомобиль және төрт өрт автоцистерналар бірлігі және басқа да техникалар жергілікті басқарушы әкімдік тарапынан берілген. «АЛ-32» автосатылары көпқабатты ғимараттардағы өртті сөндіруге, адамдарды сыртқа шығаруға, ал жол таңдамайтын автоцистерналар таулы жерлер мен бау-бақ массивтеріндегі өртті сөндіруге арналған. Осы орайда айта кетер жайт, мегаполис қалада күн өткен сайын биік ғимараттардың көбейіп келе жатқанын ескерсек, көпқабатты ғимараттарға арналған өртті сөндіруге арналған заманауи техникалардың маңызы зор. Тез жүретін «Тойота Хайлюкс» автомобильдері шағындығына қарай автокептелістерден жылдам өтіп, өрт болған жерге негізгі күш келгенше бұрын жетеді. Олар судың аз болуына қарамастан өрттің алдын алуға барынша ықпал етеді. Сондықтан Төтенше жағдайлар қызметіне қарасты техникалардың заманауи сұранысқа сай жабдықталып отыруының маңызы зор. Осы орайда өткен жылы 10 өрт сөндіру техникасына және құралжабдықтарын алуға қаражат бөлінген. 2019 жылдың I тоқсанында Алматы қаласының аумағында төтенше жағдайлар критерийлеріне сәйкес табиғи және техногенді сипаттағы 15 төтенше жағдай тіркелген. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметімен шақырту бойынша оқиға орнына 758 шығу болған. Оның 152-сі өрт оқиғасы болса, авариялық-құтқару жұмыстары бойынша- 50, өрт есебіне алынбайтын жанулар- 488, жалған шақыртулар- 61 рет болып, 2 адам құтқарылып, төтенше жағдай орнынан 267 адам эвакуацияланған.


Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, азаматтық қорғаныс бөлімшелерімен бірге 21 оқу жаттығу, 38 командалық штабтық жаттығу, 31 арнайы тактикалық жаттығулар, 6 төтенше жағдайлар бойынша жаттығулар, 842 сейсмо, 307 сел бойынша жаттығулар өткізген. Мұндай жаттығулардың төтенше жағдайлардың алдын алуда маңызы зор екенін айта кеткен жөн. Өйткені алдын ала тәжірибе жүзінде көргендіктен төтеншеліктерге шақырту болған жағдайда ол жерлерде әрекет ету оғайға түседі.


"Цифрлы" Төтенше жағдайлар қызметі

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті елімізде жүргізіліп жатқан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрлы технологияға да уақытында бейімделіп кетуімен ерекшеленеді. Мәселен қалада диспетчердің автоматтандырылған жұмыс орны іске қосылған, бұл қоңырауды қабылдау мен өңдеуді және бөлімшелердің төтенше жағдай орнына бару уақытын 3 есеге азайтып- 3 минуттан 40 секундқа дейін қысқартқан. Төтенше жағдай кезінде әрбір минуттың санаулы екенін ескерсек бұл қызмет төтеншеліктердің жұмысын айтарлықтай арттырып отыр деуге болады. Сондай-ақ Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сандық радио байланыс енгізілді, оның аясында «Smart диспетчер» функциясы орнатылды. Ол GPS-навигатордың көмегімен жылжымалы және автомобиль радиостанцияларының орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді. Ол сонымен қатар бақылауды (қозғалыс бағыттары) тіркеуге көмектеседі. Төтенше жағдайда, өрт сөндірушілер бір рет басу арқылы SOS сигналын бере алады, бұл диспетчердің назарын аударады және зардап шеккен өрт сөндірушіге оның тұрған жеріне көмек жіберуге мүмкіндік береді.


3 жылдың ішінде оңтүстік астанада қамту аумағы 70% құрайтын 347 дабыл қаққыш орнатылды, Ағымдағы жылы тіректерге 210 дабыл қағу-сөйлеу қондырғылары орнатылды, олар қаланың 95% -ын қамтиды. Бейне қабырғаға қаладағы барлық дабыл қаққыштарға арналған мониторинг функциясы кіріктірілген. Дабыл қаққыштың жұмысының жай-күйі түрлі түсті диапазонмен көрінеді және кезекші диспетчерге әрбір дабыл қаққыштың күйін желіде бақылауға мүмкіндік береді.


Тұрғындарды жедел құлақтандыратын «Darmen» жобасы іске асырылды. Жоба Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен Алматы қаласының Даму Орталығы және «I2NIK» ЖШС әзірлеуші қазақстандық компаниямен бірлесіп Smart Almaty тұжырымдамасын іске асыру бойынша жүзеге асырылды.


Сел тасқынынан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сел тасқынының қауіпті интерактивті Картасы жасалды. Карта әр түрлі жиіліктегі сел тасқындарының таралу шекараларын анықтауға және картада көрсетілген сел тасқынына ұшыраған объектілерді және келер қауіпті бағалауға мүмкіндік береді.


Алматылық төтеншеліктер "қалғымайды"

Жаппай демалу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, уақтылы әрекет ету, көмек көрсету, таулы орман алқаптарындағы апаттардың алдын-алу, сонымен қатар экожүйелердегі өрттерді дер кезінде анықтау және жою мақсатында Алматы құтқарушылары оңтүстік астананың іргелес жатқан таулы-орманды аймақтарында патрульдеу жұмыстарын жалғастыруда.




Алматы қалалық ТЖД-і таулы-орманды аймақтарда қатты ыстықтың салдарынан өрт қаупінің әлі де сақталғанын хабарлайды. 2019 жылы өртке қауіпті кезең басталғаннан бері 90-нан астам өрттің және ашық оттардың алдын алу жұмыстары жүргізілді, табиғатты қорғау полициясымен 7 әкімшілік материал толтырылып, таулы ауданында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы 4370 жадынамалар таратылды, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қуаныш Ерсұңқар  




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 00:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30