Төтенше жағдай

Арқалық қаласында атқарылып жатқан ауқымды істер мол

  • Арқалық қаласында атқарылып жатқан ауқымды істер мол

    Арқалық қаласында атқарылып жатқан ауқымды істер мол

Қостанай облысында өңірді дамытудың бағдарламасына сәйкес ілкімді істер атқарылуда. Атап айтар болсақ келесі айдан бастап Арқалықта ет комбинаты іске қосылмақ. Бұл ет комбинатының жұмысы 1997 жылы тоқтап қалған еді. Өткен жылы индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында өндірістің жұмысы қайтадан жандана бастаған болатын.

Өндіріс орны жылына бір мың тонна дайын өнім өндіреді деп жоспарланып отыр. Ет өндеу кешенінің мал сою пунктіне сэндвич панельдер орнатылып, жылу және жарық жүйесі жүргізілген, ғимараттың төбесін жабу және сыртқы көрнісін әдемілеу жұмыстары аяқталған. Комбинатқа қажетті түрлі жабдықтар да сатылып алынған, енді қалған біршама жұмыстары біткен сон бірден іске кірісіп кетуге дайын тұр. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласына келіп атқарылып жатқан осындай істермен танысып шықты.

Сонымен қатар аймақ басшысы іс-сапар барсында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы жиын өткізіп, келелі мәселелерді талқылады.

Жиында Арқалық қаласының әкімі Елдар Күзембаев баяндама жасап атқарылып жатқан істер туралы тура сөз қозғады. Ол баяндамасында индустриялық-аграрлық бағыт - Арқалық қаласы экономикасының басты көрсеткіші екеніне тоқталып, өнеркәсіп орындары қала өндірісі үлесінің 50%-дан астамын құрайтының, өткен 8 айда қала 5 млрд 726 млн теңгенің өнімін шығарғанын, қаланың экономикасына 1 млрд 469 млн теңге инвестиция салынғаның тілге тиек етті.

Қала басшысының мәліметтеріне қарағанда биыл тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру аясында қала бюджетінен 45 миллион теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі төленіпті. Соынмен қатр жыл басынан бері тұрғын үй құрылысының 1 мың 724 шаршы метрі пайдалануға берілген. Жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік қорғау шараларымен 1 мыңнан астам адам қамтылған. Ресми тiркелген жұмыссыздықтың деңгейі 1,8%-ға жетіп отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда Арқалық қаласының ауыл шаруашылығы саласы да айтарлықтай өсе түскен.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев оңтүстік аудандардағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы да баяндама жасады.

Атқарылып жатқан істерді саралаған Архимед Бегежанұлы Арқалық қаласының индустриялық-аграрлық бағытын жоғары бағалай келіп, жекелей көрсеткіштер бойынша кейбір басшылардың жұмысына сыни пікірлерін де айтып өтті, бірқатар тапсырмаларын да берді.

«Қаладағы ет комбинатының жұмысын көрдік. Енді Арқалыққа осындай тағы да 3-4 әлеуетті өндіріс орнын салу керек. Міне сондықтан да шағын және орта бизнесті дамыту өте маңызды. Тағы бір мәселе, санаулы жылдан соң қала құраушы өндіріс орны ТБРУ-дың жұмысы тоқтайды, ал ғимараты бос қалмас үшін облыстағы қарқыны нашар зауыттарды Арқалыққа көшіру керек. Бір сөзбен айтқанда, өнеркәсіп орнына «екінші дем» беру қажет. Сондықтан тынымсыз еңбек етіңіздер. Қажет болса, инвесторларды тартамыз. Мекеме басшылары, xалықпен етене байланыста жұмыс істесін», – деді облыс әкімі жиын соңында.

Жалпы алғанда қаладағы атқарылып жатқан ауқымды істер көңіл толтырарлықтай. Бұндай істер еліміздегі өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жасалған жұмыстардың нәтижесі деуге болады. Бағдарламады шағын қалалардың экономикалық өсу жолы, жай күйі нақты талқылана отырып көрсетілген болатын.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 813    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.09.2018, 18:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31