Төтенше жағдай

Арыстағы жарылыс: Жағдай толық бақылауда

  • Арыстағы жарылыс: Жағдай толық бақылауда

    Арыстағы жарылыс: Жағдай толық бақылауда

Арыс қаласындағы аяқ асты орын алған жарылыс бүкіл қазақ елін алаңдатты. Бір күн ішінде еліміздің барлық күштік құрылымдары ғана емес, төтеншеліктер, қарапайым халық жабылып жүріп апаттың алдын алуға, көпшіліктің қайғысын аз да болса жеңілдетуге барларын салып тырысуда. Бүгін сағат 12.00-дегі жағдай бойынша әскери бөлім аумағында жарылыстар тіркелген жоқ. Төтенше жағдайды және оның салдарын жою орнында ІІМ-нің күштері мен құралдарының тобы жеке құрамнан 1263-тен астам адам мен 187 бірлік техникадан құралған адамдар жұмыс ңстеуде. Оның ішінде:

азаматтық қорғау органдарынан 363 қызметкер және 49 бірлік техника;

полициядан 358 қызметкер және 75 бірлік техника;

Ұлттық ұланнан 542 әскери қызметші және 63 бірлік техника.

Арыс қаласының аумағында ТЖК өрт сөндіру қызметінің күштері 45 өртті жойды. Таратып айтар болсақ 21 тұрғын үй, 9 шаруашылық құрылыс, 15 табиғи өрт өшірілді. Қазіргі уақытта өрт қаупі сейіліп келеді.

Түркістан облысы полиция департаментінің, Ұлттық ұлан №6506 әскери бөлімінің күштері Арыс қаласын (6 блок-Бекет, 75 наряд) қоршап, патрульдеу жұмыстарын жүргізуде.

Полиция департаменті 2 тонау фактісінің алдын алды: 24 маусымда Арыс қаласында Жетісай ауданының үш тұрғыны ұсталды, олар сағат 18.00-де Әкімбеков көшесіндегі дүкеннен халық тұтынатын тауарларды ұрлады және сағат 19.00-де айналма жолда қой ұрлады (барлығы 2 факті), одан кейін облыс ІІД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының инспекторлары оларды ұстады. "Көршінің үйіндегі өртті пайдаланып, қойының басын үйітіп алуға тырысатындарды", осындай қысылтаяң шақты өз мүдделері үшін пайдалануға тырысатындармен құқық қорғау орындары айналысуда. 

Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдана отырып жүргізген аэровизуалды барлаудың нәтижесінде әскери бөлімнің аумағында 9 жану ошағы сақталатыны анықталды. Сондықтан әзірге қауіп сейілмегендіктен, қалаға халықтың кіруіне рұқсат берілмей отыр. Еліміздегі барлық сала өкілдерін осы бір төтенше оқиғаға жұмылдыру арқасында қазіргі таңда ел ішінде қауесет сөздер де тыйылып, халық біршама сабырға келуде. 

Төтенше жағдай орнында ТЖК Апаттар медицинасы орталығы 17 адамға шұғыл көмек көрсетті. Атап айта кетер жайт, барша халықтың жұмылуының арқасында қазіргі таңда еліміздегі кейбір мамандар бір күндік жалақыларын аударып, кейбір қайырымды жандар өз беттерімен көмек қолын созып, зардап шеккен халыққа көмек көрсетуде. 

Эвакуациялау пункттерінде 1946 (- 554 адам) адам орналастырылған, оның ішінде: Шымкент қаласында - 613, Түркістан облысының аудандарында - 1333 адам. Алматы қаласының ТЖД ұжымы Алматы қаласының өрт сөндіру Қызметімен бірлесіп, оқ-дәрі жарылысынан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

1300 Алматылық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, жалпы сомасы 3 млн. 732 мың теңге көлеміндегі бір күндік еңбек ақыларын аударды. Қаражат «Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қорына жіберілді. Одан бөлек еліміздегі әншілер мен өнер адамдары, қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдар, журналистер, мұғалімдер басқа да сала мамандары ақша жинап, заттай, азық-түлікпен төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуде. 

Сонымен қатар, Алматы қаласының ТЖД-де 24 маусымнан бастап «Шұғыл желі» (278-20-83, 278-20-84) жүйесі ұйымдастырылып, онда психологтар мен төтенше жағдайлар мамандары 100-ден астам қоңырауды өңдеді. Қала тұрғындарына ақшаны қалай және қайда аударуға болатынын, Түркістан облысына пойыздардың қозғалысы және т.б. қалпына келтірілгені туралы түсіндірілді.

Әкімдік және Алматы қаласының ТЖД-мен Арыс қаласындағы терезелері сынған, кейбір үйлердің шатырлары бұзылған 7 мыңдай үйге көмек көрсету мақсатында қажетті құрылыс материалдарын (сылақ қоспалары, су эмульсиясы, әрлеу және шатыр материалдарын, шыны құрал саймандарды) қабылдау үйлестірілген.

Қазіргі таңда көмек бергісі келгендер болса, Алматы қаласы Сүйінбай даңғылы 224 үйде орналасқан «Алматы қаласының құтқару Қызметі» МҚК-да құрылыс материалдарын қабылдау үшін арнайы құрылған пунктке хабарласа алатыны хабарлануда. Сонымен қатар әр қалада жекелеген халық өз беттерінше қолдарына түскен гигиеналық заттарын, жеңіл желпі киімдерді осы пунктерге тасуда. Уақыт өткен сайын қауіптің арты сейілуде. Ең бастысы Төтенше жағдайлар қызметінің барлық құрылымдарды едел жедел, іске қосуының арқасында төтенше жағдайдың салдары аз уақытта қалыпқа келуде.
Қуаныш Ерсұңқар


Көрілген: 440    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 21:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30