Аттракциондарды абайлап қолданайық!
Еліміздің төтенше жағдайлар саласының өкілдері жыл он екі ай халықтың қауіпсіздігі үшін алаңдаулы. Өйткені жылдың қай мезгілінде болмасын, тұрғындарға төнер қауіп көп. Жаз келсе төтеншеліктер тұрғындарға аттракционды қолданудың да өзіндік ережесі бар екенін ескертеді, ата-аналармен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіптің алдын алу мақсатында жұмыстар жасайды. Өйткені жазда жаппай қолданысқа енетін аттракциондардан да айтарлықтай қауіп бар көрінеді. Осы орайда жаз келсе барлық баланың жазғы ойын алаңдарына асығатынын ескере отырып, дәл қазіргі кезеңде төтенше жағдайлар саласының мамандары республика бойынша аттракциондар мен батуттардан келетін қауіптің алдын алу мақсатында арнайы рейдтік шаралар жүргізуде.
Төтеншелік мамандар бүгінгі күні өз тараптарынан қауіптің алдын алу үшін батут иелерімен аттракциондарда қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету туралы әңгіме жүргізіп, қауіпсіздіктің сақталуы үшін жұмыс істеуде. Ата-аналарға да мұндай жерлерде балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертіп, батут иелерінен батуттарды дұрыс орнатуға және олардың сенімді нығаюына ерекше назар аударуды талап етіп отыр. Аттракционды құрастыру (құрастыру және орнату), баптау және реттеу (дайындаушының ұсынымдарына сәйкес), техникалық куәландыру, аттракционды есепке қою, аттракционды пайдалануға беру және аттракционды пайдалану сияқты аттракциондарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету кезеңдері бойынша «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандарты талаптарына сәйкес ұсыныстар жасап, талап етуде. Балаларымыздың көкейінде ойын алаңдары қауіпті мекен ретінде сақталып қалмасы үшін дәл қазіргі таңда республика бойынша жүргізіліп жатқан рейдтердің маңызы зор!
Қуаныш Ерсұңқар