Төтенше жағдай

Ауа райының ыстығы 50 градусқа жетсе төтенше жағдай жарияланады

  • Ауа райының ыстығы 50 градусқа жетсе төтенше жағдай жарияланады

    Ауа райының ыстығы 50 градусқа жетсе төтенше жағдай жарияланады

Шілденің нағыз шіліңгір ыстық күндері биыл Қазақстанның барлық аумағында сезілуде. Еліміздің түкпір түкпіріндегі тұрғындар ауа райының қатты ысып кетуіне байланысты төтенше жағдай лар қызметінен ескерту хабарламалар да алып үлгерді. Еліміздің Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да күннің аптап ыстығына орай сақтық шараларын күшейтіп, тұрғындарға барынша ескерту жасап үлгеруде. Өйткені «күннің қатты ысуы төтенше жағдайларды көбейтуге түрткі болады» дейді.

Расында да күннің ыстығынан қашқан халық тауға барып от жағып өрт қаупін тудырса, тұрғындардың суға қарай ағылуы салдарынан суға кетіп, құтқарушылардың көмегіне жүгінетіндер де арта түседі екен. Сондай-ақ қатты ыстық салдарынан денсаулығы сыр беріп, аурухана төсегіне таңылатындар да жетерлік көрінеді.

«2019 жылдың 13-22 шілде аралығында еліміздің Төтенше жағдайлар қызметі тарапынан «Қазгидромет" РМК филиалының 2019 жылғы 18 шілдедегі ҚҚ № 1 дауылды ескертуі негізінде ескертеді! Күндіз 19-22 шілде күндері Алматыда 35-37 градусқа дейін күшті ыстық болады деп күтіледі» делінген хабарлама Алматы қаласының тұрғындарына да келді. Қазір алматылық тұғындар деміне нан пісіп тұрған қаладан қашып, тауға, суға кетуде. Аптап ыстық күндер еліміздегі жүрек қан-тамыры ауруына шалдыққандар үшін қиынға соғып тұр. Аномальды ыстық ауа райының салдарынан қан қысымы бар адамдар ауруханаға түсіп қалып жатса, ыстық ауа райы денсаулығына кері әсер ететін кейбір жандар барынша күннен қорғанып бағуда. Сәл күн ысып бастаса, іле шала артынан бұлтты күндер келе қалатын алматылықтар ұзақ уақыт бойына аптапты күндерге шыдай алмай жатқаны да рас. Осы орайда айта кетер жайт, ұзақ мерзімді аномальды ыстық және құрғақ ауа райы, ол сыртқы температураның +32 °C және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендігімен сипатталады. Медицина мамандары «бірінші кезекте аномальды температура мен гипертермияның құрбандары болып, ағзаның қызып кетуі мен сусыздануын қиындататын егде адамдар табылады. Тәуекел тобына сондай-ақ ыстықтан асқынатын созылмалы аурулармен ауыратын адамдар, аяғы ауыр аналар мен балалар, сондай-ақ салмағы артық адамдар кіреді» дейді. Демек осы топтағы адамдарды мұндай ауа райынан барынша сақтандыру қажет.

Әлия Амангелдіқызы, Алматы қаласы №10 емхананың терапевт-дәрігері:

- Шілденің ыстық, аптапты күндері кейбір адамдардың денсаулығы үшін айтарлықтай қауіп төндіреді. Сондықтан алдын алу шараларын жасау арқылы, мұндай күндерден аман есен өтуге болады. Ең алдымен далада күннің астында болу уақытыңызды шектеңіз. Әсіресе күннің ең ыстық сағаттарында күндізгі сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін ұзақ уақыт, күннің астында жүруден сақтаныңыз. Күн сәулесінің тікелей астында жүрген кезде терінің көп бөлігін жауып жүруге тырысу қажет. Ыстық күндері физикалық жүктемені уақытша төмендету немесе оларды ерте таңертеңге немесе кешкі уақытқа ауыстыру керек. Далаға шыққан кезде табиғи маталардан тігілген және ашық түсті жеңіл киім кию керек. Киімнің жағасы кен болған жөн. Далада міндетті түрде жазғы қалпақ, панама, орамал және т.б. басыңызды көлеңкелейтін бас киімдер киген жөн. Күннен қорғайтын көзілдірік, қолшатыр пайдалану керек. Көп мөлшерде сұйықтық ішу қажет. Атап айтсақ тәулігіне кемінде 1,5 литр сұйықтық ішу қажет. Құрамында қант, энергетикалық сусындары бар газдалған сусындар мен сұйықтықтарды қолданудан аулақ болыңыз. Жаңа дайындалған тағамды ғана ішіңіз, өйткені күннің ыстығында бәрі тез бұзылады және сол себепті өте оңай уланып қалуға болады. Дайындалған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға болмайды, ал азық-түліктерді әсіресе тез бұзылатындарын сатып алған кезде олардың соңғы жарамды мерзіміне назар аудару керек. Аса ыстық ауа райында қиын сіңірілетін өнімдердің орнына көкөністер мен жемістер сияқты «жеңіл» тағамдарға баса назар аудару керек. Спиртті ішімдіктерді ішуге тыйым салынады, өйткені олар ағзада су тапшылығын тудырады. Денеңізді барынша салқындатуға тырысыңыз. Салқын душ қабылдаңыз. Қолдарыңыз мен бетіңізді сумен жиі шаю керек. Аптапты күндері ең алдымен денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.


Мамандар осылай дейді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары ескерту жасаған шілденің 13-22-сі аралығында денсаулығы күрт нашарлаған науқастардың жедел жәрдемді күннің ыстығына орай жиі мазалағанын жоққа шығармайды. «Қан қысымы көтеріліп, жүрек қан тамыры ауыратын науқастардың асқынулары көп байқалып отыр дейді» – дейді Алматы қалалық №7 клникалық ауруханасының кезекші терапевт маманы Марал Әшірбекқызы. «Ауа температурасы 50 градустан жоғары орын алса, төтенше жағдай жарияланады. Дегенмен де 43-45 градус ол да өте ыстық болып есептеледі. Сол себептен біз барлық халықты хабардар етіп отырмыз. Ауа райының тым ысып кетуіне байланысты жасалған ескертулерге тұрғындар ерекше көңіл бөлгені жөн» – дейді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Демек ыстық күндері өз денсаулығыңызға абай болыңыз!


«Сарыағашта аптап ыстықтан көшедегі бағдаршам еріп кетті»

Әлеуметтік желі қолданушылары Шымкенттің ыстығына тіпті, жұмыртқа пісіруге болатынын айтып, жарысуда. Әлеуметтік желілердің бірінде аптап ыстықтан көшедегі бағдаршамдардың еріп жатқаны түсірілген видео да пайда болды. Алайда ресми орындар артынша бұл жаңалықты жоққа шығарды. Дегенмен бағдаршам ерімесе де оңтүстіктегі ыстық ауа райын тұрғындар үшін оңай тимей тұр. Ел арасында «аптап ыстық алпыс градусқа дейін көтеріледі екен»,-деген алып-қашпа әңгіме де желдей есіп тұр. Бірақ әзірге синоптиктер бұл болжамды жоққа шығарып та, дәйектеп те отырған жоқ. Тосын оқиғалардың алдын алу мақсатында «Қазгидромет» мамандары мен төтенше жағдай саласының қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп жатқандарын ғана жеткізді.


Күннің ыстығы өрт қаупін де тудыруда

Шілдеде термометр бірнеше рет ауа қысымының 40 градусқа жеткенін көрсетті. Адамдар ғана емес, табиғат та ыстықтан зардап шегуде. Аптап ыстыққа байланысты өңірлерде сақтық шаралары қолға алынуда. Жасыл шөп сарғайып, сәл ғана ұшқыннан жануға дайын тұр. Қазірдің өзінде біраз аумақтағы шөптердің сарғайғаны байқалады. Сондай-ақ күннің ыстығынан қаладан қашып, тауға тығылған көпшілік те далада тамақ пісіріп, от жағу арқылы өрт қаупін тудыруда. Сондықтан төтеншелік мамандар тауға демалушылардан өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды ерекше өтініп сұрауда.

Күннің қатты ысуы да оттың өздігінен тұтанып, жануына соқтыруы әбден мүмкін екенін мамандар жоққа шығармайды. Бейберекет өшірілмей тасталған темекінің тұқылы, сіріңке, демалыс кезінде от жағып сөндірмей кету, тіпті қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін білмегеннің өзі өрттің шығуына алып келеді. Дала өрттерінің зардабы өте үлкен. Себебі дала өрті күшейе түссе, тек материалдық шығын келтіріп қана қоймай, адам өміріне, экологияға, жан-жануралар мен өсімдіктерге қауіп төндіреді.

Осы орайда айта кетер жайт, 2019 жылдың басынан бері мемлекеттік ормандық қорда жалпы аумағы 0,5435 га құрайтын 3 өрт орын алып, жалпы аумағы 3277 га жерде далалықта өрт оқиғалары тіркелген. Сондықтан дала жұмыстарына тартылған адамдарға орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары туралы нұсқау берілуі тиіс, өрт сөндіру бекеттеріндегі техниканы да жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажеттілігі сезіледі.

Ауа райын болжаушылардың сөзіне сенсек, мұндай аптапты күндер әлі де қайталануы мүмкін. Сондықтан аптапты күндерге дайын болып, төтеншелік мамандар ұсынған қауіпсіздік ережелерін сақтауға барынша дайын болыңыздар!

Қуаныш Ерсұңқар

 




Көрілген: 1514    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.07.2019, 12:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31