Балалардың терезеден құлауы алаңдатып тұр

Балалардың терезеден құлауы алаңдатып тұр

Соңғы жылдары елімізде пластик терезелердің көбеюі балалардың қауіпсіздігіне кесірін тигізіп тұр. Әсіресе жаздың күндері терезені торға сеніп ашық қалдыру салдарынан оған сүйенемін деп терезеден құлап кету оқиғаларын көбейтуде. Мәселен 2019 жылы 2-13 жас аралығындағы балалардың үйлердің терезесінен құлаған 100-ден астам оқиғасы тіркеліпті. Мұндай оқиғалар Төтенше жағдайлар комитетін де алаңдатып отыр. Балалар қаншалықты қауіпті екеніне қарамастан ашық терезелерге ұмтылады. Сондықтан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары арнайы рейдтер ұйымдастырып, жиі алдын алу шараларын өткізуге мәжбүр.
Алайда құтқарушылар жүргізген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, осындай оқиғалардың саны өсе түсуде. Мәселен, ағымдағы жылдың 4 айы ішінде көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен 2-ден 8 жасқа дейінгі 14 бала құлаған. Қарағанды қаласында мұндай 3 оқиға, Нұр-Сұлтан қаласында 3, Павлодарда 2, Жамбыл облысында 2, Алматы қаласында 2, Батыс Қазақстан облысында 1, Ақтөбе өңірінде 1 оқиға тіркелген. Сондықтан Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары халықпен жұмысты одан әрі күшейтті. Терезелерде арнайы бекітпелі жүйе болуы қажеттігін қазір көппәтерлі тұрғын үйлердің иелеріне ескертілуде. Осы орайда айта кетер жайт, балалар үйде болғанда бірінші кезекте олардың ата-анасы қауіпсіздік қағидаларын сақтау керек. Әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлауының қауіп-қатерін азайтуға арналған шараларды білуі қажет. Терезелерді бекітіп, балконды барынша балаға қауіпсіз ету жағын қарастыру керек. Терезедегі москиттік торларға сенбеу керек. Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.
Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз. Бала терезені өз еркімен аша алмау үшін терезеге арнайы бекіткіштер орнату қажет.
Егер сіз балаңызға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны мықтап ұстаңыз, баланың шұғыл қимылдарына дайын болыңыз, алақанды құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз. Балалардың әрқашан да шалт қимылдайтынын ұмытпаңыз. Мамандардың айтуынша қазіргі пластикалық терезелер адам өміріне ыңғайлы етіп жасалғанымен, балалардың қауіпсіздігі ескерілмеген.
Өйткені Төтенше жағдайлар қызметінің профилактикалық жұмыстарына қарамастан әлі де болса балаларға қатысты қайғылы оқиғалар тіркелуде. Мысалы өткен тәулікте 20 шілдеде Алматы қаласында 2018 жылғы бала терезеден құлап кетіп қайтыс болды, Қызылорда және Қостанай облыстарында 2013 жылғы қыз бала және 2016 жылғы бала жоғарыдан құлау нәтижесінде алған жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Барлық жағдайларда балалар үлкендердің қарауынсыз қалып, москит торына сүйкенген. Бұл бір-ақ тәулікте тіркелген жағдайлар.
Жалпы жыл басынан бері 21 шілде күнгі жағдай бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен 1-8 жас аралығындағы 68 бала құлап кеткен. Осы фактілер орын алғанда 6 қаза тауып, ал қалған 62 бала ауруханаларға жатқызылған. Статистиканы сөйлетер болсақ, Қарағанды қаласында 13, Нұр-Сұлтан қаласында 13, Батыс-Қазақстанда 6, Шымкент қаласында 1, Алматы қаласында 6, Қызылордада 5, Атырауда 4, Жамбылда 4, Шығыс Қазақстанда 4, Қостанайда 3, Ақмола облысында 2, Ақтөбе өңірінде 2, Павлодарда 2, Алматы облысында 2, Маңғыстау жерінде 1 оқиға тіркелген. Сондықтан статитикасы көп өңірлердің Төтенше жағдайлар қызметі халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарына дайындалуда. 
Айжан Әлімханқызы, педиатр:
- Бұрынғы үйлерде терезелер толық ашылмайтын, тек жоғарыдағы кішкене бөлігі желдеткіш ретінде ашылатын. Ал қазіргі үйлерде орнатылған пластикалық терезелердің ортасы толық ашылады және оны ашуға күш те қажет емес. Сондықтан ата-аналар тек жоғары жағы ашылатын терезе орнатқаны жөн. Бала терезені өз күшімен аша алмайтындай құрылғылармен жабдықтау керек. Балалар есін білмейтіндіктен оның қауіпсіздігіне ата-анасы жауапты. Балалар үйде болғанда бірінші кезекте олардың ата-анасына қауіпсіздік қағидаларын сақтау керек. Әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлауының қауіп-қатерін азайтуға арналған шараларды білуі қажет. Өз үйі бала үшін ең қауіпсіз жер болуы керек. Төтенше жағдайлар қызметі тарапынан ескерілетін ережелерді де ескерген жөн. Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, себебі назарыңызды бірнеше секундқа басқа жаққа аударсаңыз болғаны, ол бала өміріндегі соңғы сәтке айналуы немесе мүгедек болып қалуы мүмкін. Терезені тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбау - балалар сенімді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді, содан кейін олармен бірге сыртқа құлайды. Баланың өздігінен терезені ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлпын орнатыңыз. Баланың терезе астына кірмеуі және төмен түспеуі үшін терезе жанына жиһаз қоймаңыз. Балкон немесе бөлме аралық шыны есіктердің жанында жинау барысында заттарды ретсіз қоюға болмайды, себебі бала сүрініп, жарақат алуы мүмкін. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйрету керек. Ересек балаларды кішілерге қарауға үйрету қажет. Терезенің астына жасыл көшеттер отырғызған жөн, әсіресе, егер сіз жеке үйде тұрсаңыз, онда бала терезеден түскен жағдайда жарақатты жеңіл алуын қамтамасыз етеді. Терезелерге баланың өз бетінше терезесін ашуға кедергі келтіретін кілті бар блокираторлар немесе терезе тұтқаларын орнатқан жөн. Бір сөзбен айтқанда үй жағдайында төтенше жағдайдың алдын алуға тырысқан жөн. Төтенше жағдайлардың алдын алу – күні бұрын жүргізілетін және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін мүмкіндігінше барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Айта кетер жайт, Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше, 2014 жылға дейін Қазақстанда терезеден құлаған балалардың есебі жүргізілмеген – мұндай оқиғалардың барлығы «балалар жарақаты» ретінде саналған. Кейінгі жылдары жүргізіле бастаған статистикаға қарап мамандар терезелердің бала өміріне аса қауіпті бола бастағанына алаңдаулы. Сондықтан жыл сайын полиция мен төтенше жағдай қызметкерлері «Терезені жабыңыз – үйде бала бар» атты арнайы акция өткізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы рейдтер ұйымдастыруда.
Қуаныш Ермекова
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста