Балаңызды төтенше жағдайдан сақтаңыз!

Балаңызды төтенше жағдайдан сақтаңыз!

Жыл сайын жаз маусымында статистика қайғылы оқиғамен басталады: себебі, балалар биік қабаттардағы ашық тұрған терезелерден құлап кетеді. Биыл қалада осындай 5 оқиға тіркелді, нәтижесінде балалар жарақат алды, олардың кейбіреуі- өлімге әкеліп соқты!

Бұл жағдай көбіне ересектердің терезелер мен балкондарды күндіз-түні ашық қалдыруынан орын алады. Тәуекелділігі жоғары аймақта 5 жасқа дейінгі балалардың табиғи қызығушылығы басым болады, олар өмірлеріне төнетін қауіпті білмейді.

Сонымен, 2 тамызда екі бала терезеден құлады - Медеу ауданында 4 жасар бала бес қабатты үйдің 5-қабатынан құлап, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кетті. Сол күні, Әуезов ауданында екі жасар қыз бала терезеге орнатылған тормен қоса құлады. Басы ашық жарақат алған сәби ауруханаға жеткізілді, соңынан комаға түсті.

Осы жағдайларға байланысты, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті ата-аналарға төмендегідей ережелерді ескертеді:

- егер терезе 12,5 см.-ден артық ашық болса, балаңыз терезеден құлап кетуі мүмкін;

- кең ашылуға мүмкіндік бермейтін терезе құлыптарын орнатыңыз;

- балаларға терезелерден алыс ойнауды үйретіңіз;

- балаларды үнемі бақылауда ұстау керек;

- терезеге орнатылған торлар балалардың құлап кетуіне қорған бола алмайды;

- терезені ашуға мүмкіндік бермейтін шектеулер қойыңыз. 

Негізгі қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз Өрт пеш пен электр жылытқыштарын пайдалану ережелерін сақтамауының себебінен болады. Ал негізгі қауіп – өрттің өзі емес, көмірқышқыл газы. Жанармай жағылған кезде көмірқышқыл газы шығарылады. Уытты, бірақ иісі жоқ. Сондықтан адамдар көбіне өрттен емес, тұншығып өледі. Бұл әдетте тұрғын үйлердегі пештің мерзімінен бұрын жабылуына байланысты болады. Көмірқышқыл газының концентрациясына байланысты адам 3-30 минутта өліп кетуі мүмкін. 2. Балалардың сыртынан құлыптап кетпеңіз! Негізінен ересектер, балаларды жалғыз қалдырып, есікті құлыптайды. Бұл дегеніміз, бала өрт өршімей тұрып алдын ала білсе де үйден сыртқа шығу мүмкін емес. Құтқарушылардың үнемі айтатыны, оқиға орнына уақытылы жеткенімен ол үйдің есігінің жабық болуы балаларды құтқаруға кедергі. Сондықтан, міндетті түрде бір кілтті үйде қалдырып, немесе есіктің ашылуына мүмкіндігін қарастыру қажет. Қанша адамның өмірін жалмаған Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығында орын алған өрт те сол жабық есіктердің кесірінен орын алғандығын естен шығармаңыз. 3. Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар, әсіресе түнде ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынған еді. Алайда, бұл ереже заңнамада көрінбеді. Әрине, кейде ересектер шұғыл шаруамен үйден кетуге тура келеді. Расында балаларға өрттен де басқа қауіп көп. Мысалы, Астанада баланың үйдің терезесінен құлаған оқиға жиі болады. Бұл жағдайда әдетте ата-аналар келесі бөлмеде жүреді. Балаға түнде қауіп көп. Өйткені, айналада құтқаруға келетін адамдар болмауы мүмкін (көршілер, жаяу жүргіншілер). Көптеген елдерде шын мәнінде баланы жалғыз қалдыруға тыйым салынған. Мысалы, АҚШ-та федералды заң жоқ, бірақ әрбір штат жасын өздері анықтайды: Небраскада 7 жасқа дейін, Иллинойс штатында 14 жасқа дейін баланы жалғыз қалдырмайды. 4. Балаңызбен әрекет алгоритмін жасаңыз Сіздің балаңыз үйде жалғыз қала ма, жоқ па бәрібір, ол қауіпсіздік ережелерін нақты білуі керек. «Сіріңкемен ойнауға болмайды» деген сияқты қарапайым ескертпелермен шектеліп қалмаңыз. Ол төтенше жағдай кезінде баратын іс-әрекеттерін нақты білуі тиіс. Мысалы, қауіп туындаған жағдайда алдымен ата-ананы емес, өрт сөндірушілерді (жедел жәрдем, полиция) шақыру керектігін ескертіңіз. Сондай-ақ, бала өзінің тегі мен жақын туыстарының мекен-жайын, телефон нөмірлерін білуі керек. Балаларды қауіпсіздік ережелеріне жүйелі түрде дағдыландыру; балаңызбен бірге қауіпсіздік нұсқаулықтарын плакатқа жазыңыз. Оны көрнекі жерге іліп қойыңыз. Сонымен қатар қызметтердің телефон нөмірлерін жазып (101, 102, 103), есте сақтауға ықпал етіңіз. Балаңызды қауіпсіздік техникасы бойынша оқытуға жіберіңіз. Мектепте сынып сағатын ұйымдастырып, балалармен интерактивті форматта (ойын, викторина) төтенше жағдайлар тақырыбын талқылау керек. 5. Жаңа технологияны қолданыңыз Әртүрлі гаджеттер мен мобильді қосымшалар енді өмірді жеңілдетіп қана қоймай, адам өмірінің қауіпсіздігіне де бақылау жасай алады! Біріншіден, егер бала жалғыз қалдырса, ол смартфонға немесе төтенше жағдайларда SOS түймесімен ақылды сағаттарға ие болуы керек. Үйде пешті немесе тұтанғыш құрылғыларды пайдалансаңыз, оны өшіруді еске салатын таймер (оятар) орнатыңыз. Қауіпсіздік үшін үйде арнайы түтін анықтағыш құрылғы (датчик) орнатыңыз. Егер үйіңізде ол құрал болса, онда бөлек газге арналған анықтағыш орнату керек. Сарапшылар түтін анықтағыш құрылғыны төбенің ортасына орнатуға кеңес береді. Көмірқышқыл газын өлшеуге арналған құрылғы - тыныс алу жолының деңгейінде немесе жылыту құрылғысының жанында болады. Мысалы, жатын бөлмесінде құрылғы кереуеттің биіктігімен бірдей жерде болса, ал бала бөлмесінде құрылғы бала қозғалысына байланысты. Сонымен қатар, AppStore және Google Play-те қауіпсіздік туралы, соның ішінде балаларға арналған ойындар, көптеген бағдарламалар бар. Пештерді қолдану бойынша әртүрлі толық нұсқаулар мен қосымшалар бар. 6. Балаңызды өрт кезінде әрекет етуге үйретіңіз Егер өрт немесе жану белгісі (түтін, безгегі, ыстың иісі және т.б.) анықталса, бала ересек адамға немесе «101», «112» өрт сөндіру қызметінің нөміріне дереу хабарлауы керек. «Бала қорыған жерге өш». Балаға тыйым салып, болмайды деген сайын сол жердің дәмін татқысы келіп тұрады. Сондықтан, балаға «Болмайды» деуден көрі, оның себебін түсіндіріп, одан төнген қауіп туралы айтудан жалықпаңыз. Балалар бұл кеңестерді есте сақтауы өте маңызды. «Жаман айтпай жақсы жоқ». Біз қауіптің алдын аламыз және өрт бола қалған жағдайда баланың өмірін сақтай аамыз. Үйдегі мүлік пен бағалы заттан көрі баланың өмірі маңызды.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста