Батутқа бақылау күшейді

Батутқа бақылау күшейді

Биылдан бастап жазғы демалысында батутқа барғысы келетін баламыз үшін алаңдамасақ та болады. Өйткені осы маусымнан бастап еліміздегі әр батут арнайы тіркеуге алынып, қатаң қадағаланып, балалардың ойын-сауық бизнесімен айналысатындарға қатысты жаңа тәртіп енгізілуде. Соңғы бір-екі жыл көлемінде еліміздегі батуттарда қайғылы жағдай орын алып, тіпті төтенше жағдай салдарынан балалардың ажал құшуы еліміздегі батуттарға қатысты қандай да бір шара қабылдауға жетелеген еді. Сондықтан кішкентайлардың ойыны қызатын кезеңде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін «ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондар қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары» атты жаңа ұлттық стандарты енгізілді.
Таяуда ғана 10 маусымнан бастап бекітілген құжат негізінде аттракционға келушілердің қауіпсіздігіне, аттракциондарды және үрмелі жабдықтарды ұстап тұруға және төтенше жағдайсыз пайдалануға қатысты техникалық талаптар заңды күшіне енді. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жасалып жатқан бұл өзгерістерден ата-аналардың күтер үміті зор болып отыр. Сонымен қатар балалардың ойын сауық құралдарын пайдаланудың жаңа стандартына сай оларды уақытылы тексеріп отыру мәселесі де тәртіпке келтірілді. Алдағы уақытта ережеге сай олар үнемі тексерістен өтіп отырады. Құжатта апаттар, төтенше оқиғалар және жазатайым жағдайларды зерттеу тәртібі де бекітілген. Жасалынып жатқан жұмыстар нәтижесінде алдағы уақытта балалардың ойын алаңдарындағы төтенше жағдайлар жойылып, балалар қауіпсіздігі талапқа сай боларына сенім мол!
Бұдан былай аттракциондарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ендігі кезеңдері мынадай болады: біріншіден, мысалы, даладағы үлкен батут қожайыны дайындаушының ұсынымдарына сәйкес, аттракционды орнатып, бекітіп, ретке келтіреді. Осыдан кейін аттракцион жергілікті әкімдікте есепке қойылуға тиіс. Аттракционды жергілікті атқарушы органдар тіркету үшін аттракцион немес батут иесі оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірнеше құжат ұсынады. Осы құжаттар талапқа сай болса, аттракционның да қызметіне күмәнмен қарауға негіз жоқ. Өйткені содан соң ғана техникалық куәландыру жүргізіліп, оны қолдануға иесі рұқсат ала алады. Ал оны қолдану ережесін бұзғандарға қатысты жауапкершілік бұрынғыдан да күшейтіле түскен. Жаңадан күшіне енген заңға сай енді аттракцион иесі қандай да бір қайғылы оқиға орын алып, төтенше жағдай туындамаса да қауіпсіздік ережесін сақтамаса бірден жауапқа тартылады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ойын алаңдарының әрқашан талапқа сай болуы үшін осындай қатаң қадағалау қажет-ақ еді. Осы уақытқа дейін бұл мәселенің қай мекеменің құзырына қарайтыны белгісіз болғандықтан батут иелері бетімен кетіп, ата-аналар бірнеше жерге хат жазып, батуттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өтінген болатын. Нәтижесінде жоғарыда атап өткендей аттракциондар мен батуттарды қолданудың ұлттық стандарты енгізілді.

Қатаң қадағалау ғана жауапкершілікті арттырады
Жасыратыны жоқ, осыған дейін балалардың ойын алаңдарында төтенше жағдай туындап, бірнеше рет қайғылы жағдай тіркелді. Мәселен көктемде ғана Қарағанды қаласында батут аударылып, бір бала мерт болды. Екі бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Осыдан соң Төтенше жағдай комитетінің төрағасы Владимир Беккер «Жақын уақытта батуттарға қатысты талапты күшейтеміз. Көптеген саябақтардағы атракциондар ескіріп кеткен. Ешқайсында техникалық құжаты жоқ. Қауіпсіздік ережелері сақталмайды. Сондықтан, кәсіпкерлерге ескі атракциондарды жаңартуды міндеттейміз» деген болатын. Тіпті арнайы ұлттық стандарт заңды күшіне енгенше балаларды аттракциондарға отырғызбай, батуттарға апармауға кеңес берді. Осыдан соң еліміздің барлық өңірінде балалардың ойын алаңдарының қауіпсіздігіне орай Төтенше жағдайдың алдын алу және жою бойынша комиссия отырыстары өткізілді.

Маман не дейді?
Мырзабек Бекберді, заңгер:
- Расында да, соңғы жылдары батуттарға қатысты төтенше жағдай көбейіп кетті. Балалардың ойын құралдарын қолдануына орай арнайы ұлттық стандарттың енгізілуі талай төтенше жағдайдың алдын алуға ықпал етері анық. Өйткені бұл жерде кәсіпкерлер алдыңғы орынға өздерінің бас пайдасын қойып, қауіпсіздік ережелеріне назар аудара бермейді. Ең болмаса жергілікті атқарушы билік тарапынан қажағалау болмады. Қандай да бір төтенше жағдай орын ала қалса, төтеншеліктер таяқ жеп жатты. Сондықтан еліміздің Төтенше жағдайлар комитетінің мұрындық болып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы заңды құжаттың қабылдануы үлкен қуаныш болып отыр. Мысалы, өндіруші зауыт батутты бекітудің нақты тәсілдері мен құралдарын көрсеткен. Жерге қазық қағылады. Ал асфальт немесе соқпақ тастар болса, ол жерге батутты ұстайтын блоктар қойылады. Ол блоктардың салмағына дейін жазылған. Сосын батуттың жанында термометр және желді өлшеу құрылғысы болуы шарт. Желдің жылдамдығы шамадан асып кетсе, батутты қолдануды дереу тоқтату қажет. Мұның бәрі оны өндіруші зауыттың қолдану ережесінде жазылған. Алайда оны орындаған батут иелері болмады. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, батутқа мінетін балалардың жасы ғана емес, салмағы да ескерілуі шарт. Ал елімізде ешқандай жерде батутқа баланың салмағын өлшеп мінгізіп жатқанын көрмейсіз. Бұл қарапайым ереже. Мәселен батуттың бір жерінде салмағы ауыр біреу қатты секірсе, жанында тұрған салмағы кішкентай бала батуттың сыртына ұшып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан ұлттық стандартқа сай енді батутқа секіретін әрбір баланың салмағы да өлшеніп отырады. Осындай ережелер сақталғанда ғана төтенше жағдай орын алмайды. Әйтсе де барлық ата-аналар, алдымен, батуттардағы қауіпсіздік шараларына үнемі назар аударса екен. Балаларын оған отырғызатын кезде ауа-райына да, батуттың жағдайына да, ол жерде ойнап жүрген балалардың санына да баса назар аудару қажет.

Ойын алаңдарында төтенше жағдайға орын жоқ!
Төтенше жағдай комитетінің басшысы «Былтыр батутқа қатысты 9 төтенше жағдай орын алды. Қанша дабыл қақсақ та, заңды құжатқа қолымыз жетпей қойды. Биыл қабылданған аттракциондар мен батуттарды қолдану кезіндегі ұлттық стандарт батуттарға қатысты қайғылы жағдайдың алдын аларына сенім мол» дейді.
Осы жылдың мамыр айында батуттың жарылуы салдарынан Қарағанды қаласында қайғылы жағдай орын алса, сәуір айында Ақтау қаласында жағалауда орналасқан батуттың аяқ асты желі шығып, балаларды басып қала жаздаған. Ата-аналардың балаларды жедел түсіріп алуының арқасында, төтенше жағдайдың алдын алып, балалар аман қалған. Ал өткен жылы Нұр-сұлтан қаласында батут қатты жел салдарынан аударылып қалып, бес бала түрлі дене жарақаттарын алған. Сондай-ақ былтыр Талдықорған қаласында батутың қуысына түсіп кеткен қыз бала, тұншығып ажал аузынан әзер аман қалған. Бұл секілді мысалдарды тізе берсек өте көп болатын. Ендігі жерде «Аттракциондар қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары» атты жаңа ұлттық стандарты төтенше жағдайлардың алдын аларына сенім мол!
Айта кетер жайт тіпті кейбір елдерде тыйым салынған аттракциондар біздің елімізде емін еркін жұмыс істеп жатыр екен. Мәселен Tagada әлемдегі ең қауіпті аттракциондардың бірі және АҚШ пен Аустралияда оны қолдануға тыйым салынған. Адамдардың қауіпсіздігін жеткілікті деңгейде қауіпсіз ете алмайтындықтан тыйым салынған аттракционның біздің елімізде әлі күнге жұмыс істеп жатуы мамандарды алаңдатып отыр. Көптеген адамдар қолы шығып кетіп, құлап, жарақат алып жататын аттракцион жақын уақытта біздің елімізде де қолданыстан шығуы мүмкін. Осы уақытқа дейін тиісті қадағалау шараларының болмауы елімізде аса қауіпті аттракциондардың да жұмыс істеуіне жол берген. Дәл қазіргі таңда тиісті құжат қабылданған соң жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бүгінгі күні Алматы қаласында 14 батут тіркеліп, ұлттық стандарттар енген соң, комиссия шешімімен талапқа сай деп танылмаған бір батут өзінің жұмысын тоқтатқан.
1-шілдеден бастап күшіне енген заңнамадағы басты талап бойынша ендігі жерде саябақтар мен ойын алаңдарындағы атрракциондардың қауіпті жерлері арнайы таяныштармен және қоршаулармен қамтамасыз етілуі керек. Егер бұл балапқа сай болмаса атрракцион жұмысын тоқтатады. Осыған дейін тіпті бекітілмеген, жай ғана үрленген батутардың жүмыс істеп келгенін төтенше жағдайлар қызметінің комиссия отырысы әшкерелеп берді.

Батуттардың техникалық жағынан ғана емес санитарлық жағынан да қауіпсіздігі қадағалануы керек
Ата-аналардың айтуынша көптеген батуттардың санитарлық жағдайы көпшіліктің көңілінен шыға бермейді екен. Батуттардың айналасындағы ата-аналарды да сөзге тартып көрдік. «Дезинфекциялау тұрмақ күнделікті жуып-шайылмаған батуттарды ұстаған балалар қолдарын аузына да салады, үстерін де ұстап кір қылады. Сосын ауырып қалады», сондықтан «ұлттық стандарттар арқылы олардың тазалығына да көңіл бөлінсе екен» дейді.
Осылайша батуттардың есебі мен бақылауға алу жұмысы қолға алынды. Қазір төтеншеліктер еліміз бойынша барлық батуттарды есепке алып, олардың иелеріне оны пайдалну ережесін түсіндіру үстінде. Бүгінгі күнге дейін жалпы республика бойынша 339 аттракционы тексерілген. Оның ішінде 84-і - стационарлы, 254-і - үрлемелі батут екені белгілі болып отыр. Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы алдағы уақытта бұл статистика әлі де өсе түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Өйткені балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында аттракцион мен батуттарды есепке алу, бақылау қадағалау жұмыстары енді қолға алынды.
Барды баласының аузына тосып, баладан ештеңе аямаған ұлт ретінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы да еліміз үшін өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралардан күтер үміт мол!
Қуаныш Ерсұңқар
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста