Төтенше жағдай

Бейбіт күннің батырлары

  • emer.smstudio.kz

    emer.smstudio.kz

Күнделікті өмірде аяқ асты жер сілкінісі тіркеліп, техногенді апаттар орын алып, алапат өрт оқиғалары мен қылмыстар жиі тіркеліп жатады. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметінің күндіз түні жұмысы қызу жүріп, тыным таппайды. Мәселен өрт өндірушілер зардап шеккендер мен жараланғандарға көмек көрсету үшін қызыл жалынның қақ ортасына түсіп, жылдам әрі батыл әрекет етуі шарт. Құтқарушылар да түрлі төтенше жағдайлармен бетпе бет келіп жатады. Қаншалықты қауіптілігіне қарамастан басты мақсаты адамдарды төтенше жағдайлар кезінде еш зардапсыз құтқарып алуға тырысады.
Шын мәнінде өрт сөндірушілер де, құтқарушылар да құтқару шараларында экстремалды жағдайда, ауыр құрал-жабдықтарды иыққа асқан күйде, өрт сөндірушілер судың бар жоғына, үстіне құйылып жатқанына, өртенген шатырдың үстіне құлайын деп жатқанына қарамастан көздеген мақсатына жетуге ұмтылады. Құтқарушылар да әжетханаға түсіп кеткен бала, құлыптанып қалған адам, жол-көлік оқиғасы кезінде жол апатының қаншалықты ауыр, жан түршіктірерлік болғанына қарамастан мақсатын жүзеге асыруға тырысады.
Сол секілді полиция қызметкерлеріне де ештеңеге қарамастан қоғамдық тәртіпті қорғау міндеттелген. Қатардағы қызметкер күн сайын қылмыстық ортадан табылып, тәуекелге бел буады. Төтенше ждағдай қаншалықты қауіпті болғанына қарамастан өзінің қызметін мүлтіксіз орындауға тырысады. Терроризммен күрес, тұтқынға алынған азаматтарды босату, қауіпті қылмыскерлерді ұстау, қарсыластың тылындағы барлау операциялары, полиция және арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің міндеттері мұнымен шектелмейді. Төтенше жағдай кезінде қауіпті тезірек сейілту үшін түрлі жағдайларға дайын болуға тырысады. Көп жағдайда, құтқарушыларға темір есік кілтеніп, үйде кішкентай балалардың жалғыз қалып қойғандығы жөнінде қоңыраулар келіп түседі екен. Үлкендердің қарауынсыз қалған сәби үшін, ашық қалған терезелер, сіріңке, тоқтар, газ, тұрмыстық заттардың барлығы қауіп төндіреді. Сондықтан мұндай құтқару жұмыстары кезінде әрбір минут қымбат саналады. Сондай-ақ, кішкентай сәби қатты қорыққан соң, психологиялық тұрғыдан жарақат алу мүмкін болғандықтан құтқарушылар барынша тез, жылдам әрекет етуге тырысады.
Сәлима Қойшиева, Алматы қаласы құтқарушылар қызметінің өкілі:
- Көп жағдайда кішкентайлардың қараусыз қалуы төтенше жағдайдың туындауына ықпал етіп жатады. Сондықтан ешқашан балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Есі кірмегендіктен бала терезеден түсіп кетуі де, газды ашық қалдыруы да, сіріңкемен өрт қаупін туғызуы да, өзі құдыққа, әжетханаға түсіп кетуі де мүмкін. Мұндай жағдайларда қайғылы жағдай туындауы ықтимал. Осы орайда егер сіздің үйіңізде кішкентай бүлдіршін өсіп келе жатқан болса, қараусыз қалдырмауларыңызды өтінеміз! Бұл сіздердің балаларыңыздың өмірін қорғап қана қоймай, отбасыңызды қайғылы жағдайдан қорғайды. Біздің жұмысымыз табиғи апаттардың, авария мен жойқындардың салдарын болдырмау және жою, қаланы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сенімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Алматы қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, олардың теріс салдарының ауқымын төмендету мәселелері бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Алматы қаласының сейсмикалық қауіпсіздігі, су тасқыны жағдайы, көшкін, сел және сырғыма қауіпсіздігі, Алматы қаласының гидротехникалық құрылыстарының жағдайы, қаланың ашық аудандарында құрғақ шөптердің тұтануы, таудың орман алқаптарында өрттің жойылуына дайындығы, Алматы қаласының су қоймаларында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Алматы қаласының тұрғындары арасында жылыту маусымы кезінде көміртегі тотығы мен табиғи газдан улану жағдайларын болдырмау бағытында тұрақты түрде жыл он екі ай жұмыстар тоқтамайды.
Қуаныш Ерсұңқар



Көрілген: 381    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.07.2019, 10:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31