Төтенше жағдай

Екібастұзда пәтер арзандады

  • Екібастұзда пәтер арзандады

    Екібастұзда пәтер арзандады

2016 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметі «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысына өзгерістер енгізгені белгілі.


Аталған өзгерістермен жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ, елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес бағдарламаны іске асыру жүктелген болатын.


Осыған сәйкес, Павлодар облысында халық игілігін көздеген бірқатар іс қолға алынды. Соның бір бағыты тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету болып табылады.


Тұрғындарды баспанаымен қамтамасыз ету бағытында Екібастұзда бірнеше тұрғын үй салынған еді. Таяуда сол үйлердегі пәтерлердің әр шаршы метрі 135 мың теңгеден 100 мың теңгеге арзандады.


- Тұрғындардың жағдайына түсіністікпен қарап, тұрғын үй құны арасындағы айырманы өтеу бойынша шығындарды өз мойнына алғаны үшін Екібастұз қаласының әкімдігіне алғысымыз шексіз. Енді тұрғындарға бастапқы жарнаны төлеуге жеңіл болады. Несие мөлшері де біршама азаяды. Салымшылар 1 бөлмелі пәтерден 1,5 миллион теңге, 3 бөлмелі пәтерден 2,6 миллион теңге үнемдей алады, - дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы Павлодар облыстық филиалы басшысының орынбасары Ботагөз Камарова.


Пәтер рәсімдеуге өтініш қабылдау 12 қыркүйектен бастап 7 қазанға дейін жүргізіледі. Әзірге 110 адам баспана алуға ниеттеніп отыр.


Десе де олардың барлығы пәтер кілтіне қол жеткізеді деуге болмас. Кімнің бағы жанады, оны компьютер анықтап береді. Салымшылар baspana.kz сайты арқылы өзіне ұнаған пәтерді таңдап, өтініш қалдыра алады. Баспана алу үшін ҚР азаматтығы немесе оралман статусы болуы шарт. Сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның есепшотында алғашқы жарна ретінде баспананың кепілді құнының 20 пайызы болуы қажет. Қала берді, соңғы алты айда зейнетақы қорына қаражат үздіксіз аударылуы тиіс. Тұрғын үйді үлестіру кезінде ескерілетін тағы бір фактор – балл көрсеткіші. Балл депозиттің ашылу мерзімі мен уақытылы толтырылуына байланысты есептелінеді.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Екібастұз қалалық №1 қызмет көрсету орталығының басшысы Арман Нұрғаламовтың айтуынша, үйді салған мердігер ұйым 2 жыл кепілдік береді. Бұған дейін салынған баспаналарда ондай мәселелер туындамапты. Сондықтан тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ.


Екібастұздағы 9-шы шағын ауданда бой көтерген тұрғын үйлерде жалпы саны 30 бір бөлмелі, 90 екі бөлмелі және 60 үш бөлмелі пәтер бар. Әу баста «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы өкілдері 1 бөлмелі пәтердің бағасы 6 021 000 теңге (44,60 шаршы метр) екенін хабарлаған болатын. Баспана бағасы арзандатылғаннан кейін 1 бөлмелі пәтердің бағасы 4 460 000 теңгеге бағаланып отыр. Алғашқы жарна 892 мың теңгені құрайды. 2 бөлмелі пәтер 5 420 000 (алғашқы жарна – 1 084 000 теңге) теңгеге, 3 бөлмелі пәтер 7 500 000 (алғашқы жарна – 1 500 000 теңге) теңгеге тең.


Кезекте тұрғандарға да талап бірдей. Кезегің келсе, банк сұраған алғашқы жарнаны жинақтауың қажет. Қаражатты банкке бірден салуға болады. Қысқасы, үй аламын десең, банкті айналып өте алмайсың. Мамандар баспананы қайталама нарық арқылы сатып алудың айтарлықтай артықшылығы жоқ екенін айтуда. Бір бөлмелі жаңа пәтердің шаршы метрі 100 мың теңге болса, қайталама нарықта 98 мың теңгеге бағаланып отыр.


Жалпы, бүгінде 9 мыңға жуық екібастұздық «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да есепшот ашып, қаражат жинап отыр. Оның барлығы дерлік Екібастұз қаласынан үй аламын деп жоспарлағандар емес. Қомақты қаржы жинақталса, еліміздің кез келген қаласынан баспана алуға мүмкіндік бар.


Жанаргүл Қадырова,

Павлодар облысы


 




Көрілген: 679    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.10.2018, 15:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30