Еліміз экспорт көлемін арттыра бастады

31 шілде 2022, 22:07

Дүние жүзін аласапыранға салып, экономиканың дамуына, тауар айналымына, экспорт пен импорт көлемінің өсуіне тұсау болып отырған оқиғалар әлемде жетерлік. Еліміздің үкіметі Президент тапсырмасына сай нәтижелі шешімдер қабылдап, осындай сәттерде кездескен қиындықтардан жол тауып өтіп, тиімді жұмыс атқарып отыр. Бұндай сындарлы сәттерде заман талабына сай кейбір шешімдерді жаңа қырынан қарастырып,  көптеген жоспарды қайта жасақтауға тура келді. Кәсіпкерлікті, бәсекелестікті және осы саладағы түрлі ұлттық жобаларды іске асыру жолында мемлекет тарапынан отандық өнеркәсіптер мен өндірістерге, кәсіпорындарға мол мүмкіндік пен қолдау үнемі білдіріліп отыр. Ішкі сұранысты толығымен өтеп, халықты жұмыспен қамту жолында тың бастамалар көтеріліп, жаңадан жұмыс орындары ашылып, нәтижелі істер атқарылуда. Сауда-саттықтың айналымын арттырып, экспорттың көлемін ұлғайту мақсатында және өңірлік интеграцияны ілгерілету, сауда инфрақұрылымын дамыту жолында да жасаланып жатқан жобалар мен істер көптеп саналады. Осындай нәтижелі жұмыстың арқасында экономикамызда нақты өсімнің барына көз жеткізіп отырмыз.

«QazTrade» АҚ-ның таратқан мәліметіне жүгінсек еліміздегі тауар айналымы биылғы жылдың қаңтар мен мамыр айларының аралығында 51,3 миллиард долларды құрап отыр екен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы айларымен салыстырып қарағанда  40,7 пайызға, яғни 36,5 миллиард долларға жоғарылаған. Ал экспорттың  көлемі қаңтар мен мамыр айларында 59,1 пайызға жоғарылап, 34,2 миллиард долларға жеткен.

Экспорттың өсуіне жеке-жеке тоқталып өтсек, шикі мұнай 91,2 пайызға, ферроқорытпалар 61,1 пайызға, уран 2,6 есеге, мыстан жасалған мыс және катодтар 25,3 пайызға, бидай 61,3 пайызға, тас көмір  92,5 пайызға жоғарылаған.

Ал биылғы жылдың қаңтар айы мен мамыр айында еліміздегі импорттың көлемі 14,4 пайызға артып 17,1 миллиард доллар болған.

Импорттың өсуіне де жеке-жеке тоқталатын болсақ автомобильдерге арналған шанақтарда 2,4 с. т., бөлшек саудадағы өлшенетін дәрілік заттар 41,6 пайызға, мыс кендері мен концентраттары 11,6 есеге, қара металдардан өндірілген өзге де заттар 2,2 есеге, бөлшек саудада бөлшектеп өлшеуге арналған бөлшектер мен керек-жарақтар 2,2 есе өскені байқалады. Сонымен қатар, автомобильдер мен тракторлар 45,1 пайызға, ұшқын арқылы от алатын іштен жанатын қозғалтқыштар 2,3 б. көлемінде ұлғайған. Ал телефон аппараттарын сырттан тасмалдау көлемі 21,9 пайыз өсімді көретіп отыр.

Еліміздегі шикізаттық емес тауарлардың айналымы биылғы қаңтар айы мен мамыр айы аралығында 25,3 миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткіш былтырғы дәл осы уақытпен салыстырып қарағанда 20,4 пайызға өсіп 21 миллиард долларға жеткені байқалады.  

Ал шикізаттық емес тауарларды экспортау көлемі 34,7 пайызға жоғарылап, 9,7 миллиард долларға өскен. Ал импорт тауарлар 12,9 пайызға артып, 15,5 миллиард долларға өскен.

Бұл көрсеткіштер ел экономикасында ілгерілеу барын білдіреді. Бұндай жетістіктерге жету мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамыту  жолында жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесі екені белгілі.

Асыл Ахметов