Төтенше жағдай

Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД басшысының орынбасары: «Төтенше жағдайлардың саны азайып келеді»

  • Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД басшысының орынбасары: «Төтенше жағдайлардың саны азайып келеді»

    Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД басшысының орынбасары: «Төтенше жағдайлардың саны азайып келеді»

Төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы әрқашан қарбаласқа толы, ауыр. Алматы қаласы бойынша жылдың басынан бергі тіркелген төтенше жағдайларды айтпай-ақ, соңғы бір ай көлемінде тіркелген төтенше жағдайларды сараптайтын болсақ, Көктөбедегі бірнеше рет қайталанған өрт, осы өрттің салдарынан адам өлімінің тіркелуі, Талғар тауларының өртенуі, Қарғалы өзенінің тасуы салдарынан төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды көшіру секілді төтенше жағдайлардың орын алуы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар қызметін біршама қарбаласқа түсіріп тастағаны анық. Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр, жоғарыдағы төтенше жағдайлардың қайталанбасы үшін, алдын алу бағытында қандай жұмыстар ңске асырылуда. Көкейдегі сұрақтарға жауап алу үшін Алматы қаласы Төтенше Жағдайлар Департаменті басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков мырзадан арнайы сұхбат алған едік.

- Мегаполис тұрғындарының ұйқысының тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайларға жауапты сала тарапынан қандай жұмыстар атқарылуда?


- Су тасқыны салдарын болдырмау және жою жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында Төтенше Жағдайлар Департаменті 2016 жылы жалпы саны 67 жиі су шаятын жерлерді есепке алған болатын. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қала әкімдігімен Алатау, Наурызбай, Бостандық және Түрксіб аудандарындағы төтенше жағдайлардың салдарын алдын-алуға және жоюға 2017-2018 жылдар үшін 12,7 млрд. теңге бөлінді, онда жалпы ұзындығы 24 км арық жүйелері, атап айтқанда 2017 жылы -12,3 км, 2018-11,7 км және 13 км өзен жағалаулары қалыпқа келтіріліп, 1 бөгеттің айналасы бекітілген. Жоспар бойынша қаланың 8 ауданында 2019 жылы 73 км арық жүйелері салынды және қайта жаңартылды, 19 км өзен жағалаулары абаттандырылды. Сөзім дәлелді болу үшін назарыңызды төмендегі суреттерге аударғым келеді. 






«2017-2020 жылдарға арналған су тасқынының қаупін алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасы шеңберінде екі жыл ішінде Кіші Алматы, Жарбұлақ, Есентай өзендеріндегі 7 көпір 901 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді және 30 млн. теңгеге шағын өзендер мен су қоймаларының аймақтарына су қорғау белдеулерінің жобаларына түзету жүргізілді.




Осылайша, 2017-2018 жылдары қабылданған жүйелік шаралар нәтижесінде 67 жердің 55-де су тасқынының қатері мен қауіптері жойылды. Енді биыл қалған жерлер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Суреттерден қарап отырғаныңыздай ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ!

- Ал биылғы жылы қауіпті деп танылған, су шаюға бейім қалған 12 жер бойынша қандай жұмыстар атқарылды?

- 2019 жылдың басынан қаланың 5 ауданында яғни, Бостандық, Түрксіб, Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары бойынша 49,5 км арық жүйелерін қайта құру және салу жұмыстары басталды. Бұдан басқа, Үлкен және Кіші Қарасу өзенінің ұзақтығы 6,2 шақырымды 683 миллион теңгеге және Есентай өзенінің 2,1 шақырымында 5,1 миллиард теңгеге тұрақтандыру және жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Тағы да суреттен байқап отырғаныңыздай су шаюға бейім, төтенше жағдайға тудыруға жиі себепкер болатын жерлер саны азаюда!




- Шыны керек жауын шашын мол болатын көктемгі мезгілде су тасқыны қала тұрғындарын бір дүрліктіріп жатады. Бұл бағытта қандай шаралар атқарылуда?

- 2019 жылы су тасқыны кезінде Алматы қаласының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесі жұмыс жүргізілді: Алматы қаласының азаматтық қорғаныс қызметінің дайындығы тексерілді. Күштер мен құралдар тобы құрылды, жеке құрамнан жалпы саны 5019 қызметкер, әртүрлі мақсатта 1375 техника, 3 бірлік жүзу бассейні, сондай-ақ 82 бірлік мотор сорғысы және 83 бірлік автономды электр станциялары жұмылдырылды.

- - Алматы қаласының аумағында Ұлттық гвардияның жеке құрамын тартып, жергілікті деңгейде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары түзетілді.

- - қаланың азаматтық қорғау қызметімен 10000 мешок қап, 714 тонна құм, 10 тонна саз, 35 тонна дизель отыны және 30 тонна бензин дайындалды.

- Қарғалы өзені тамыз айынының басында төтенше жағдайға себеп болды...

- Иә, оныңыз рас. Сол төтенше жағдайға дейін де біз қол қусырып отырған жоқпыз. Бірнеше рет Алматы қаласының ТЖД-і Қарғалы өзенінде алдын-алу жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, әдетте Қарғалы өзенінің сағасы секундына 20 текше метр су жіберуге мүмкіндігі бар. Биыл жазда күн ыстық болғандықтан, мұздықтар еріп, су деңгейі көтерілген. №1 морена көлі Қарғалы өзенінің жоғарғы ағысындағы Қарғалы мұздығының қазіргі заманғы мореналық мұздығында 3520 метр биіктікте орналасқан. Көлдегі судың көлемі 77,2 мың м3, максималды тереңдігі - 12,1 м, ауданы - 25,4 мың м2 құрайды. Көл тұрақсыз, яғни мезгіл-мезгіл толтырылып тұрады. Көл ағынды судың ішкі ағып өту арналары арқылы серпіліске нақты қауіп төндіреді. Сонымен, аталған көлдің тасуы 2015 жылғы 23 шілде күні болды, бұл Алматы қаласына айтарлықтай экономикалық залал әкелді. Одан соң алдын алу жұмыстары пысықталып отырды. Ағымдағы жылы көлдегі су деңгейі маусымның басынан бастап тез көтеріле бастады, осыған байланысты, аталған көлге үстіміздегі жылдың 6 маусымынан бастап авариялық бригаданың қатысуымен тез арада алдын-алу жұмыстарын бастау туралы шешім қабылданды. Суды айдау үшін өнімділігі жоғары 6 сорғы және суды өздігімен ағызуға арналған сифон жіптері тартылды. Сонымен қатар, экскаватордың көмегімен қосымша дренаждық канал ұйымдастырылды. Осылайша, профилактикалық жұмыстар басталғаннан бастап 1,6 млн м3 су айдалды, бастапқы көлемі 77,23 мың м3 болатын. Егер бұлақтар болмағанда, көл 20 рет судан босатылатын еді. Содан соң су деңгейі 3,3 м-ге төмендетілді. Алайда, соңғы 2 айдағы тұрақты температураның жоғарылауына байланысты, 2019 жылғы 14 тамыз күні аталған көл қолданыстағы ішкі мореналық каналдар арқылы босатылды, судың массасы 26 мың м3 құрады. 2015 жылы төмендеген массаның көлемі - 30 мың м3 болатын. Жағдайды салыстыру үшін цифларды баяндап отырмын. Жақында төтенше жағдай орын алғанда Қарғалы шатқалының тұрғындары сиреналық-дыбыстық құрылғылар арқылы жедел арада құлақтандырылды. СДҚ- локальды, тек шатқалда ғана іске қосылады. Халықты құлақтандыру үшін дауыс зорайтқыш байланыстарымен Наурызбай ауданының өрт сөндіру бөлімшелері, жол-патрульдік экипаждары жіберілді. Зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттері Наурызбай ауданында, Бостандық ауданындағы мектептерде, Шахмерденов көшесіндегі № 175 орта мектеп, және Жандосов көшесі мен Яссауи көшесінің қиылысындағы №158 орта мектебі дайындыққа келтірілді. Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінің бойындағы учаскеде газ беру тоқтатылып, электр қуаты ажыратылды. Төтенше жағдайларды жою бойынша жедел штабы құрылып, Азаматтық қорғаныс Қызметтері Алматы қаласы ТЖД-ің жағдай және дағдарыс орталығында атқарылатын жұмыстарды талқылауға жиналды. Алматы қаласының құтқару Қызметі, ҚазАвиаҚұтқару Борты және Ұлттық Гвардияның жеке құрамы дайындыққа келтірілді. Алматы қаласы ТЖД-ің барлық жеке құрамы, күштері мен құрылымдары дабылмен көтерілді. Сел болған кезде су тасқыны орын алатын, шамадан тыс толып кетуге бейім 3 ауданнан (Наурызбай, Әуэзов, Алатау) 8 учаске алдын-ала анықталып, төтенше жағдайда жедел арада жететін 59 бірлік техника мен 216 адам күштер мен құралдар тобы дайындалды, олардың бір бөлігі сигнал алғаннан кейін судың еркін өтуін қамтамасыз ету үшін өзеннің бойындағы белгіленген жерлерге жіберілді. 11 сағат 29 минутта бөгеттің жоғарғы бөлігінде және Қарғалы өзенінің арнасында су шығыны 2 есеге, 5 м3 / с-тан 2 м3 / с дейін төмендеді. Көлде және бөгет аймағында жағдайды «Қазелденқорғау» су бекеттерімен Алатау ауданындағы төменгі бөгетке дейін бақыланып отырады. ТЖД-і су басу қаупі бар аймақтарға бақылау жүргізіп отырады. Қаладағы өзен арнасының бойында орналасқан жеке тұрғын үйлер мен аулаларды су басу оқиғалары тіркелген жоқ. Қазір өзен суына қатысты ешқандай қауіп жоқ. 2015 жылы болған селдің себебі, Қарғалыдан төмен қарай өзеннің маңайы дұрыстап бекітілмеген болатын. Қазіргі кезде ол жұмыстар толығымен жасалды. Қарғалы платинасынан төмен қарай бетоннан арнайы канал салынған. Оның су өткізетін күштілігі 20 метр кубты құрайды. Су тасқыны кезеңіне 7328 адам, 1639 техника, 300 құрал, 107 мотопонда, 137 автономды электростанса, 29 720 қап, 677 тонна құм, 42 тонна дизель отыны және 34 тонна дизель дайындалды. Табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың салдарын жоюға Алматы әкімдігі резервінде 5 млрд теңге қарастырылды.

- Қалада өрттер де жиі тіркеліп жатады. Оның алдын алу бағытында қандай жұмыстар атқарылды?

- Өткен жылы қалада шыққан 727 өрттің 413-і тұрғын үй секторында болған. Айтып келмейтін тілсіз жаудың салдарынан көз жұмғандардың 75 пайызы – газдан уланғандар. Сондықтан соңғы екі аптада 23 мың үйді аралап шыққан төтенше жағдайлар қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақыларын улы газды анықтайтын 100 дабыл құралын сатып алуға аударған. Ол көбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін орнатылады.

- Тұщымды әңгімеңізге рахмет! Төтенше жағдайлар көп тіркелмесін деп тілейік!

Еркенұр Қонысбай!


 




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

сенбі, 31.08.2019, 03:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30