Газға қатысты сақтық шаралары күшейтілуі керек

Газға қатысты сақтық шаралары күшейтілуі керек

Өрт, су, газ – қайсысы болмасын қауіпсіздік шарасын сақтамасаң келетін қауіп орасан зор. Соның ішінде газды тұрмыста қауіпсіз пайдалану – адам өмірі үшін аса маңызды. Алайда, көгілдір отынды пайдаланушылардың барлығы дерлік техникалық қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді. Мұндай салғырттықтың соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы әбден мүмкін.
Соған қарамастан тұрғындар ең болмаса өздерінің жеке басының қауіпсіздігі үшін қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді. Мәселен Қостанай облысының 37 елдімекені «газды пайдалануда» техникалық қызмет үшін шарт жасаспаған. Соның салдарынан, Қостанай облысында былтыр 32 қайғылы жағдай тіркелген. Нәтижесінде, 384 азамат зардап шегіп, 147 адам қаза тапқан. Көгілдір отыннан келетін қауіптің алдын-алу мақсатында Төтенше жағдайлар қызметі көптеген түсіндіру жұмыстары мен тұрғындар арасында арнайы жиындар өткізеді. Қазір еліміздің газ тартылмаған аумақтарында газ тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ал тұрмыста пайдаланатын газдың қауіпсізідігін қамтамасыз ету тұрғындардың жауапкершілігіне байланысты.
Кеше ғана Алматы қаласында жеке үйде газ атылып, жарылыс тіркелді. Жарылыс салдарынан үйдің күл-талқаны шығып, қабырғалас көрші екі үйдің шатырларына да ішінара зақым келді. «Іздестіру-құтқару және қирандыны жинау жұмыстары дереу ұйымдастырылды. Үйінді астынан бір әйел табылды. №7 бөлімнің өрт сөндірушілері 49 жастағы әйелді қиранды арасынан алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Дененің термиялық күйіктерімен ол 4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шегуші осы үйде жалғыз тұрған. Жарылыстың алдын-ала себебі - газ тетігінің ашық қалуы. Оқиға орнында газдың апаттық-құтқару қызметі жұмыс істеуде», - деп хабарлайды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті. Оқиға орнына: 1 ит бригадасы, 8 құтқарушы, құтқару қызметінің 2 техникасы, 17 өрт сөндіруші, 4 техника, сондай-ақ өзара әрекеттесу қызметтері тартылған. Осы орайда төтеншелік мамандар газ жарылысының салдары ауыр екенін айтып дабыл қағуда.
1 текше метр газдың жанып кетуі үшін оған он есе көп ауа қажет. Сондықтан газ қондырғылары тұрған бөлменің дұрыс желдетілуі аса маңызды. Мұржалар әр үш ай сайын тазалануы керек. Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздік ережесін сақтамастан өз бетінше әрекет етуі де газ жарылысына себеп болып жатады екен. Мәселен Шымкенттегі әл-Фараби ауданында 780 көпқабатты және 15 мыңнан астам жер үй бар. Сараптама мәліметтеріне сүйенсек, газдан улану, жарылыс секілді жағдайлар көбіне көпқабатты үйлерде болады екен. Оның басты себебі, пәтерлердің біраз бөлігі өз алдына дербес қазандық орнатып алған. Сондықтан Төтенше жағдайлар қызметі мамандары қауіпсіздік шараларын тұрғындарға жеткізу, оны түсіндіру жұмыстарын жыл сайын күшейтіп келеді. Жыл сайын жұртшылыққа сақтық талаптары жазылған 900 мыңнан астам нұсқаулық пен 7 мыңдай ескертпе қағаз таратылады. Бірақ тұрғындар салғырттығынан газдан улану, газ жарылу оқиғаларының көрсеткіші азаймай отыр. Былтырғы жылыту маусымында Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша 35 адам газдан уланып қайтыс болды. Сондықтан басты талап - газ жабдықтарын өз бетінше орнатуға болмайды, міндетті түрде газ компаниясының маманын шақырту керек. Ал газ жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуіне үй иесінің өзі жауапты екенін естен шығармауымыз керек.
Алмат Әбдіғаниев, Төтенше жағдайлар қызметі маманы:
- Оқыс жағдайларды талдау кезінде мұндай оқиғалардың бәрі дерлік қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, ережелерге немқұрайлы қарағандықтан, газ құрылғыларын пайдалану ережелерін елемегеннен болатынын байқауға болады. Тағы да еске саламыз, өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеу үшін табиғи газды пайдалануда төмендегі ережелерді сақтаңыз:
- газ құрылғыларын пайдаланған кезде терезе ашық болсын;
- пешті жағар алдында жұқа қағаз таяқшамен мұржаны тексеріңіз, яғни мұржа таза болуы керек;
- жұмыс істеп тұрған газ құрылғысын кішкентай балалар бар жерде қараусыз қалдырмаңыз;
- қолдан жасалған газ құрылғысын қолданбағаныңыз жөн, тек зауыттан шыққан құрылғыны ғана пайдаланыңыз;
- газ құрылғыларын өздігіңмен жөндеуге, тасымалдауға болмайды;
- ҚР «Газ және газбен қамтамасыз ету» Заңының 19 бабы, 5 бөліміне сәйкес, техникалық қызмет көрсету үшін арнайы маманлданған ұйыммен келісімшарт жасаңыз;
улы газды (СО) және метанды (СН4) газдануды автоматты бақылау жүйесін орнату);
- тұрғын үйлерге алғаш рет табиғи газ жіберілердің алдында тұтынушылар газ құрылғыларын, газ мұржасы мен жылыту пешін, газбен су жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдаланудың нұсқаулықтарымен толық танысу керек. Пәтерде газдың иісі шықса:
- барлық газ крандарын жабу;
- бөлмелерді желдету;
- от тұтандырмау, электр құрылғыларды қоспау және өшірмеу
- 104 апаттық газ қызметіне хабарласу керек.

Қуаныш ЕРМЕКОВА
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста