Төтенше жағдай

Жамбыл облысы республикадағы алдыңғы төрттіктің қатарында

  • Жамбыл облысы республикадағы алдыңғы төрттіктің қатарында

    Жамбыл облысы республикадағы алдыңғы төрттіктің қатарында

Жамбыл облысында экономиканың басты бағыттары өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салалары бойынша облыстық көрсеткіш республикадағы алдыңғы төрттіктің қатарынан көрініп отыр. Бұл көрсеткіш өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында облыстағы атқарлып жатқан істердің жемісі деуге нақты негіз бар.

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметтеріне қарағанда жыл басынан бері орын алған негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталған. Нақтырақ айтқанда, есепті кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 106,3 пайызды құрап отыр.

Өңірдің экономикалық дамуы ойдағыдай. Дегенмен, бірқатар жекелей көрсеткіштер көңіл көңшітпейтіні жасырын емес. Айталық, өңдеу өнеркәсібінің тамақ өнімдерін, тоқыма, киім, резеңке және пластмасса мен металл бұйымдарын және өзге металл емес минералдық өндіру салаларында теріс динамика бар деп айтуға болады.

Мамандардың мәліметіне сүйенсек, өнеркәсіп саласында Т.Рысқұлов ауданынан басқа барлық өңірлер өсім байқатқан. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 5,2 пайызға артқанымен, Мойынқұм ауданында бұл көрсеткіш қысқарғаны анықталған. Мал шаруашылығының жалпы өнімін Қордай, құрылыс саласында Сарысу мен Қордай, инвестиция бойынша Қордай, Талас, Мойынқұм, Шу аудандары өткен жылмен салыстырғанда көрсеткішті төмендетіп алған.

Сондай-ақ экономика салаларындағы оң үрдіс бюджетке кірістердің ұлғаюына ықпал еткен. Атап айтсақ, мемлекеттік бюджетке түсімдер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға өсті десек, оның ішінде жергілікті бюджетке түсім 16,3 пайызды құраған. Бұл бағытта барлық аудандарда өсімге қол жеткізілген.


Ал тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде дейтін болсақ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, облыс бойынша 44 648 салымшылармен 9,95 млрд.теңге жинақталған. Ағымдағы жылы тапсырылатын 800-пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үйлерден пәтер алуға 1039 азамат ниет білдірді. Олардың, 308 өтініші қолданып, 14 қыркүйектегі мәліметіне сай 228 азаматтың төлем қабілеттігі бойынша растау алынған. Қалған пәтерлерді(572 пәтер) сату мақсатында, 17 қыркүйектен бастап өтініштерді қабылдау туралы хабарлама берілген.

Сондай-ақ, «7-20-25» бағдарламасы аясында, екінші деңгейлі банктерге 125,7 млн.теңгеге 11 өтініш түсіп, 69,9 млн теңгеге 7 өтініш бойынша несие берілген.

Облыстағы оқу орындары жатақхана қажеттілігі мәселесін түбегейлі шешу үшін нақты жоспарлар жасаған. Атап айтсақ, ТарМУ мен ТарМПУ-де бұл мәселенің шешілу жолдары қарастырылып, жатақхана салу көзделуде. Ал ТИГУ «Тараз» қонақ үйін сатып алу арқылы жатақхана мәселесін шешіп отыр. Өз кезегінде колледждер де осы орайда жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар, жиында «Шағын несие беруді көбейту», облыс тұрғындарын газдандыру бастамалары негізінде атқарылып жатқан жұмыстар да айтарлықтай нәтижелі екенін айтқан жөн.




Нұрлы Еділов




Көрілген: 923    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.10.2018, 14:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30