Жылыжай шаруашылығы жыл өткен сайын дамып келеді

Жылыжай шаруашылығы жыл өткен сайын дамып келеді

Жылыжай (ағылшынша - greenhouse) – жеміс-жидектер мен көкөністерді жылдың салқын мезгілдерінде өсіруге арналған арнайы нысан. Жылыжайда жыл мезгіліне қарамастан, тәулік бойына бір қалыпты температура мен ылғалдық сақталады. Ең бастысы жылыту мен желдету жүйесі дұрыс жұмыс істеуі қажет. Жылыжай күн сәулесімен, белогиялық отынмен, техникалық жолмен де жылытылады. Сол секілді жылыжайды желдету табиғи жолмен де, жасанды жолмен де жүзеге асырылуы мүмкін. Жылыжай пайдалану мерзіміне, қолданылған құрылыс материалына, мақсатына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Жылыжайға жабын ретінде әйнек немесе полиэтилен пайдаланылады. Дақылдар жылыжайда топыраққа отырғызылады немесе стеллаждарды пайдалану арқылы өсіріледі.

 

Жасыратыны жоқ, өзіміздің шаруалар халықты көкөніспен, жеміс-жидекпен толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан көкөніс пен жеміс-жидекті көрші Өзбек пен Қытай елдерінен тасымалдауға мәжбірміз. Жыл сайынғы бағаның мың құбылуы да осының салдары. Сондықтан сыртан тасымалданатын көкөніс пен жеміс-жидекке деген тәуелділікті жою үшін елімізде жылыжай шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алуымыз қажет.

 

Министрліктің мәліметінше жылыжай шаруашылығы жыл сайын дамып келеді. Статистика дұрыс-ақ. Алайда жылыжай шаруашылығы еліміздің барлық өңірінде дамып жатыр деуге келмейді. Өкініштісі сол... Өйткені жауапты министрліктің мәліметіне қарар болсақ, жылыжай шаруашылығы тек Оңтүстік Қазақстанда жақсы дамығынан көруге болады. Сандарды сөйлетер болсақ, Түркістан облысында 3 366 жылыжай бар екен. Ол  жылыжайлардың жалпы көлемі 1467,4 гектарды құрап отыр. Бұл еліміздегі барлық жылыжайдың 71 пайызы деген сөз.

 

Алайда, жылыжай шаруашылығы жақсы дамыған Түркістан облысында да жағдай мәз емес екен. Сала мамандарының айтуынша, жылыжайларды жылытуға, жарықтандыруға жұмсалатын шығындардың үлесі өнімнің өзіндік құнының 45 пайызын құрап отырған көрінеді. Ал мұның өнім бағасына тікелей әсер ететін фактор екені түсінікті. Оған қоса, табиғат жағдайына байланысты жергілікті шаруашылық иелері көрші елдерге қарағанда қуат көздерін ұзағырақ пайдаланады екен. Ол аз десеңіз көрші елдермен салыстырғанда, біздің елде электр энергиясының, көмірдің, табиғи газдың бағасы біршама жоғары көрінеді. Сол себепті де біздің шаруалар көрші елдің өндірушілерімен бәсекелесе алмайды. Өйткені көрші елдерде өнімнің өзіндік құны біздегіден әлдеқайда төмен. Соның салдарынан жергілікті жалыжай шаруашылығы иелері олай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынадының күйін кешіп отыр. Өйткені өнімді арзан сатса, шаш етектен шығынға батады, ал қымбат сатса, шеттен келген өніммен бәсекелесе алмай, өнімі өтпей қалады.

 

Сондықтан жылыжай шаруашылығы мамандары жылыжайға қажетті қуат көздерін 50%-ға дейін субсидиялауды сұрап отыр. Сондай-ақ, жергілікті шаруаларды қолдау мақсатында көрші елдерден келетін өнімдерге салынатын салық көлемін ұлғайту қажет деп есептейді. Сонымен қоса шаруашылық иелеріне несие төлеу мерзімін ұзартуды, коммуналдық төлемдерге төленетін тарифті қайта қарауды ұсынып отыр.

 

Солтүстік өңірлерде жылыжай шаруашылығын дамытуға не кедергі?

 

Базбір мамандар еліміздің Солтүстік, Орталық, Шығыс аймақтарда жылыжай шаруашылығын дамыту тиімсіз екенін айтады. Сарапшы мамандардың алға тартып отырғаны аталмыш өңірлерде ауа-райы суық, яғни пайдаланылатын қуат көздеріне жұмсалатын шығын көп. Олардың пайымдауынша, ауа райы суық өңірлерде жалыжай шаруышылығын дамытуға шығын шығарғанша, оңтістік өңірлерде өнім өндіріп, оны солтүстік өңірлерге тасымалдаған тиімді. Алайда мұндай ұсыныс айтып отырған мамандар жол шығынын және тасымалдау кезінде бұзылатын өнім құнын ескермей отырған секілді. Сондай шығындардың салдарынан оңтүстікте өндірілген өнім солтүстіке жеткенде бағасы екі-үш есеге қымбаттап шыға келеді. Соны ескеруіміз керек.

 

Бір қызығы сарапшы мамандардың пікірін кейбір солтүстік тұрғындары өз істерімен жоққа шығарып отыр. Мысалы ретінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысы Сарығаш ауданынан Павлодар облысына көшіп барған Шерзат Райымбековті айтуға болады. Ол есік алдандағы үш сотық жерге жылыжай тұрғызып, 3 млн теңге пайда тауып отыр.

 

 

 

 

Шерзат Райымбековтің айтуына қарағанда солтүстікте кәсіппен айналысып, жақсы өмір сүруге барлық мүмкіндік бар. «Тек ерінбей еңбек етсең болғаны», - дейді кәсіпкер. Кейіпкеріміз тек қызанақ пен қияр ғана емес, есік алдында қауын да өсірген. Демек, ауа райы суық өңірлерде де жылыжай шаруашылығын дамытуға болады.

 

Негізі жылыжай шаруашылығымен айналысам деушілерге мемлекет тарапынан көмек беріледі. Мәселен жылыжай тұрғызуға жұмсалған шығынның 30 пайызын, көкөністерді сақтауға жұмсалатын шығынының 20 пайызын мемлекет субсидиялайды. Сонымен қоса жылыжай шаруашылығын қолдау мақсатында өсіру шығынына ретінде 500 мыңнан 5,5 млн теңгеге дейін қаржылай қолдау көрсетіледі. Одан бөлек тыңайтқыштарға, гербицидтерге, әр түрлі аурулармен күресетін биогенттерге де мемлекеттен субсидия бөлінеді

 

Солтүстік өңірлерде жылыжай шаруашылығын дамытуға мемлекет те мүдделі. Оның мысалы ретінде  Солтүстік Қазақсатн облысында салынып жатқа, құны 7 млрд теңгені құрайтын жылыжай кешенін айтуға болады. Аталмыш кешен «Солтүстік» ӘКК-ден берілген қаржыға бой көтереді. Жоспар бойынша, бұл заманауи кешен 60 адамды жұмыспен қамтып, жылына 3 мың тонна көкөніс өндіретін болады. Сондай-ақ, таяуда ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылға дейін Елорданың айналасында азық-түлік белдеуін құру аясында жылына 10 000 тонна көкөніс өндіретін 2 жылыжай кешенінің құрылысы аяқталуға жақын екенін тілге тиек етті. Бұл мемлекеттің солтүстік аймақтарда жылыжай шаруашылығын дамытуға бет бұрғанының бір көрінісі болса керек.

 

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, ерінбей еңбек етіп, мемлекет берген қаржыны мақсатты пайдаланса, жылыжай шаруашылығын жылы жақта да, суық жақта да дамытуға болады екен.

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста