Күннің күрт ысуы дала өрттеріне себеп болуда

Күннің күрт ысуы дала өрттеріне себеп болуда

Дәл қазір еліміз бойынша қалыптасқан ыстық ауа райы жоғары өрт қауіптілігіне себеп болуда. Мәселен, 6 тамыз күні елімізде биылғы жаз бойынша ең жоғарғы ыстық ауа райы болып, республика бойынша 3 табиғи өрт және 20 дала өрттері тіркелген. Атап айтар болсақ Қостанай және Павлодар облыстарында 2 табиғи өрт, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарындағы 9 дала өрттері Төтенше жағдайлар комитетінің толық бақылауында. Және оларды жою бойынша шаралар жүргізілуде.
Бұдан басқа, 6 тамыз күні Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы табиғи өрттер және құрғақ шөптің жану оқиғалары тіркеліп, жойылған. Аталған өңірлерде өрттің жалпы ауданы 440 га құраған. Өртті жоюға Төтенше жағдайлар Департаментінің ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылып, өрт тез арада сөндірілген. Дегенмен Төтеншелік мамандар халықтан дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр. Өйткені ыстық ауа райымен қоса табиғи өрттердің туындауының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанып жатқан сіріңке, мылтық атудан кейінгі тығынның бықсуы, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен ұшқын ұшып, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағайдың ойнауы секілді жағдайлар да өртке себеп болып жатады.
Егер қауіпсіздік ережесін сақтасақ көптеген өрттердің алдын алуға болады. Соңғы жылдары бейқамдықтың салдарынан тіркелген орман өрттері ну жасыл желектің түбіне жетті. Қазақстан жер ресурстары бай болғанымен, орманның алып жатқан бөлігі 4,2 пайызды ғана құрайды. Бұл дегеніміз енді 100 жылда орман жоқ болады деген үлкен қауіп-қатерге әкеп соғып отыр. Сондықтан қазірден бастап, жаппай көгалдандыру жұмысымен айналысып, қатаң тәртіпті ұстана отырып, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды талап етуіміз керек. Мәселен Ақмола облысында жыл басынан бері 50 мың гектарға жуық орман өртенген. Орман өртінің басым бөлігі Бурабай ауданында тіркелген. Бұл облыста жыл басынан бері ғана 48 мың гектардан астам аумақты қамтитын 34 орман өрті тіркеліпті. Өрт салдарынан мұндағы 14 қалың тоғайдың орны күлге айналған. Сонымен қатар, 500 мың гектардан астам шабындық жер отқа оранған көрінеді.


Алексей Советов, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
- Күннің ысуы ғана емес кейде адам факторы да орман және дала өрттеріне себеп болып жатады. Өкініштісі осы. Орман өрті көп жағдайда алдын алу шараларының уақытында жасалмауынан болады. Өкінішке қарай, орман өрті көрсеткіші өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға дейін өсті. Дегенмен, шабындық жерлердің тұтануы 20,3 пайызға төмендеген. Ал далалы аймақтардың өртенуіне жол берілмеді. Облыс аумағындағы шабындық жерлердегі өрттің басым бөлігі, яғни 11 оқиға Ерейментау ауданында болды. Сондай-ақ, Бурабай және Целиноград аудандарында - жеті, Біржан сал ауданында - алты, Бұланды және Көкшетау қаласында – төрт, Зеренді және Атбасар аудандарында - үш, Степногорск қаласында – екі, Астрахан, Егіндікөл және Ақкөл аудандарында бір-бір өрт оқиғасы тіркелді.


Департамент басшысының айтуынша, мобильді топтардың құрамындағы 28 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 23-і ескерту алса, бесеуі 208 395 теңге сомасында айыппұл төлеген. Өртке қарсы күресетін құрамдар қайта даярлықтан өтіп, өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілуде. Облыс аумағында еріктілерден құралған 208 құрылым жұмыс істеп, онда 1141 адам қызмет етуде. Олардың қолында негізгі 53 және бейімделген 396 өрт сөндіру техникалары, 70 өрт мотопомпалары, 1 мыңға жуық өртке қарсы құрал-жабдықтар бар.
Негізі өртің өршу процесі күз айында көп тіркеледі. Сондықтан Төтенше жағдайлар комитетінің жұмысы алдағы айларда тіпті қыза түседі. Жалпы елімізде өртпен күресті күшейту мақсатында Төтенше жағдайлар Комитетінің заманға сай жарақтандыру жұмыстары жыл өткен сайын күшейтілуде. Яғни соңғы жылдары республиканың өрт-құтқару бөлімшелерін инновациялық-техникалық қайта жарақтандырудың белгіленген нәтижелеріне қол жеткізілді. Қазіргі заманғы талаптарға сай келетін өрт сөндірудің жаңа және тиімді технологиялары енгізілді. Өртке қарсы қызметті қайта жарақтандыру іс-шараларының іске асырылуы жедел қызметтердің өрттерге және басқа төтенше жағдайларға ден қоюының ұтқырлығы мен жеделдігінің артуына алып келді, ол өз кезегінде өрттерді оқшаулау мен жою уақытын қысқартуға, олардың салдарынан адам және материалдық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелерінде әртүрлі мақсаттағы 2591 техника, оның ішінде негізгі және арнайы 1769 өрт автомобильдері және қосалқы 822 техника бар. Сондықтан өртке қарсы қызмет өкілдерінің жұмысы нәтиделі болып, алдағы уақыттарда өрт оқиғаларының азаярына үміт мол.
Қуаныш Ермекова
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста