Күннің ысуы салдарынан табиғи өрт қаупі күшеюде

Күннің ысуы салдарынан табиғи өрт қаупі күшеюде

Бірнеше күннен бері күннің қатты ысуына орай еліміздің барлық өңірінде өрт қаупі күшейіп тұр. Қатты қызған, өртке бейім құрылыс материалы да, сарғайып, қурап тұрған шөп те өртке бейімділігімен өрт қаупін күшейтіп, төтеншеліктерді күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүрлеуде. Әйтсе де еліміздің басты қалаларында өрт оқиғалары тіркеліп үлгерді. Төтенше жағдай қызметіне қарасты өрт сөндіруші мамандар әбжіл қимылдап, өрт салдарын жойып, өздерінің қырағылығын танытты.

Сондай қауіпті өрт оқиғасы Алматы қаласында тіркелді. Алматыдағы Жетісу ауданында лак өнімдерін өндіретін қоймадан өрт шығып, жалынды сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылған. Аталмыш өрт оқиғасының басты қауіптілігі ауаға зиянды заттың таралуымен ерекшеленген. Алматыдағы өртенген лак өнімдерінің қоймасынан кейінгі ауа атмосферасына жоспардан тыс талдау жүргізіп және оның нәтижесін жариялаған "Қазгидромет" мекемесі ауадан атмосфералық ластану деңгейін байқаған. 18 шілде күні «Қазгидрометтің» Алматыдағы филиалы мен экология департаменті өрт алған аумақтағы ауа атмосферасының сынағын зерттеу нәтжесінде азот диоксиді бойынша шекті рұқсат етілген концентрацияның көтерілгенін, Алмалы ауданы аймағында азот диоксидінің асқынулары болғанын байқалған. Ауаға радиоактивті зиянды заттардың таралуына орай төтенше жағдай ретінде қарастырылатынын ескерсек, Алматы қаласындағы өрт оқиғасы мамандарды алаңдатқаны рас. Алайда өрт қаупі де, ауаға азот диоксиді бойынша шекті рұқсат етілген концентрацияның көлемінен тыс болуы да тез сейілді. Ал Көкшетау өңіріндегі тіркелген өрт табиғи салдардан туындаған көрінеді. Күннің қатты ысуы салдарынан таудың адам аяғы жетпес ұшар басынан түтін байқалған. Төменді өрт сөндіруші мамандар жақын маңда дайын тұрғанымен, алғашында біраз абдырап қалған. Кербез Көкше тауының 1 гектарға жуық шамасын өрт жалмап үлгерген. Рас 850 метр биіктіктегі Жеке батыр тауының ұшар басындағы тілсіз жауды ауыздықтау төтеншеліктерге оңайға түспеген. Сондықтан өрт сөндіру көліктері тек төменде су жеткізіп берумен айналысып, ал тау басындағы өртті сөндіруге тікұшақтар тартылған. Адам аяғы жетпеген, тұмса табиғаттың, ну орманның өртке орануы жергілікті тұрғындардың көңілін түсіргенмен, төтеншеліктердің дер кезінде қимылдап, өртті тез ауыздықтап үлгергеніне разы. Осы орайда айта кетер жайт, Бурабай тауы секілді жерлерге өрт кезінде адамдардың жақындауы мүмкін болмағанымен, бүгінгі күні талапқа сай жабдықталған өрт сөндіру көліктерінің, тікұшақтардың көмекгімен өртті тез арада сөндіре алуы көңіл қуантады. Жүсіп Әлімқожаев, Шучинск қаласының өрт сөндіру қызметінің маманы: - Таудың ұшар басынан түтін аяқ асты тұтанған. Негізі мұндай жерлерде, адамдардың демалыс аумақтарында өрт сөндіру қызметі әрқашан сақадай сай тұрады. Алайда 850 метр биіктікке су тасымалдау оғай боламағандықтан тікұшақтың қызметіне жүгінуге тура келді. Қазәуеқұтқару қызметіне қатысты тікұшақ 11 тонна су шашып, таудың үстін төрт рет айналып, өртті толық ауыздықтады. Мұндай кездерде аптап ыстық пен аңызақ жел отты өршітіп, қурап тұрған шөп қайта-қайта тұтана беретіні рас. Сондықтан аптап ыстық күндердегі өрт екі есе қауіпті. Өрт сөндіруші мамандарды қызыл жалын жақындатпай бір қинаса, қатты ыстық күндердегі далалықтағы өрттер сөну орнына өрши түсіп, күннің ыстығымен қайта жанып есті шығарады. Сондықтан өрттің толық сөнгенін өз көздерімен көру үшін өрт сөндірушілер мен орманшылар тау басына жаяу шығып та көрді. Қосымша 60 шақты өрт сөндіруші мамандар да оқиға орнына жаяу көтерілуде. Жаз аптабының кейде апатқа ұрындыратыны бар. Аспан айналып жерге түсетін ыстықта өрт шығу ықтималдығының жоғары болатыны елдің бәріне белгілі. Әсіресе табиғаттың байлығы саналатын орман алқаптарының, далалықтағы егін өрттернің де бір сәтте отқа орану қаупі осындайда туындайды. Алматы облысында да жазық дала отқа оранған. Тілсіз жау 40 гектар жерді шарпыған. Абырой болғанда, алапат өрттен зардап шеккен адам жоқ. Ал куәгерлердің айтуынша,тасбақа, қоян, сарышұнақ сынды сонда мекен ететін жануарлар тірідей жанып кеткен. Өртенген аумақ - Алматы-Бақанас тас жолының бойындағы далалы жер. Аптап ыстықта қураған шөп қаулай жанған. Қатты соққан жел өртті одан сайын үдете түсіпті. Құтқарушыларға лаулап жанған отты 7 сағатта әрең ауыздықтаған. Ыстық ауа райына орай Алматы облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілеріне ескерту жасады. "Алыс сапарға жол жүруді таңертең немесе кешке, яғни күн жоқ кезде жоспарлау қажет. Дәрі-дәрмекті жүксалғышта емес, өзімен бірге қобдишасында ұстаған жөн және тәтті сусын емес, таза су ішуге кеңес береміз. Себебі тәтті сусын адамды шөлдете береді. Сондай-ақ күннің ыстығынан асфальт өз сапасын жоғалтады және тайғақ болады. Сондықтан жолда барынша абай болу керек. Көліктің суыту жүйесін үнемі бақылап, термометрдің »қызыл« аймаққа шығуына жол бермеу керек. Дизельді отын мен бензин жоғары температура кезінде буланады. Бұл өрттің шығуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, барлығын алдын-ала тексеріп отыру қажет. Күннің аптап ыстығында жүрек-қантамыр және созылмалы аурулары бар жүргізушілерге осы кезеңде жол жүруден бас тартуға кеңес береміз. Көлікті жүргізіп келе жатып өзін жайсыз сезінетін болса, жүргізуші көлікті тоқтатуы керек. Жағдайы нашарлаған жағдайда тез арада 112 немесе 102 құтқару қызметіне қоңырау шалғаны жөн. Сондай-ақ ыстық ауа райында көптеген адамдарда бастың айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық пайда болып, ұйықтау қаупі артатынын еске саламыз» делінген Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қуаныш Ерсұңқар

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста