Төтенше жағдай

Мамандарды техногенді апаттардың көбегені алаңдатады

  • Мамандарды техногенді апаттардың көбегені алаңдатады

    Мамандарды техногенді апаттардың көбегені алаңдатады

Елімізде табиғи қауіпті апаттар жиі орын алып жатады. Әсіресе сейсмикалық қауіпті аймақтарымызда жер сілкінісі, жауын шашын молынан түсетін өңірлерімізде су тасқыны, орман және дала алқаптарындағы өрттер, қарлы борандар және тағы басқа төтенше жағдайлар осы саланың мамандарының дабылына жиі себеп болады. Өкінішке қарай табиғи және техногенді апаттар метериалдық шығын жағынан ғана емес, кейде адам шығынына да себеп болып тұрады.

Әрине әлем бойынша төтенше жағдайлардан 100 пайыз сақталған ел жоқ. Алайда Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының тиянақты дайындығы төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондықтан жыл сайын орын алатын төтенше жағдайлардың қайталанбасы үшін еліміздің төтенше жағдайлар қызметі дайындықтарын пысықтап, барынша олардың алдын алуға тырысады.

Атап айтар болсақ, 2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы көктемгі су тасқыны кезінде 559 тұрғын үй бұзылып, оның 443 толығымен қирап қалған.

2013 жылдың 16 қаңтарында болған қатты дауыл мен су тасқынынан Шымкент облысының Созақ ауданы жапа шекті. Жұмсалған шығындар көлемі 800 млн теңгеден асады. Дәл осы жылдың 24 қаңтарында Жамбыл облысында соққан сұрапыл дауыл елді 2,5 млрд шығынға ұшыратты. Метеорологтардың айтуы бойынша дауыл тауда қаттырақ орын алған. 2013 жылдың 28 қаңтарында 6,3 балл жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысында орын алды. Құрбан болғандар туралы ақпараттар болған жоқ. 2014 жылдың 31 наурызында Қарағанды облысы Көкпекті су қоймасындағы бөгет бүлініп, сол маңдағы Көкпекті ауылының 149 үйді су басып, 5 адамның өмірін жалмаған. Жалпы келген шығын 1 млрд тенгені құраған. Қарап отырсақ кез келген төтенше жағдайдың зардабы үлкен. Дегенмен төтеншелік мамандар мұндай кездері ең алдымен адам шығынының орын алмауы үшін бар күш-жігерлерін салады. Басты мақсат адам өмірі, ал келтірілген материалдық шығындар екінші кезектегі мәселе саналады.
Осы орайда маман Нұрболат Әліммырзаұлы "төтенше жағдайдың салдарымен күресуден гөрі, алдын алған тиімді" деген пікірде.
Нұрболат Айекешов, әлеуметтанушы:
- Қоғамдағы түбегейлі трансформациялық өзгерістер жағдайында, табиғи ортаның техногендік төтенше жағдайлардың әсеріне ұшырауы, табиғи апаттардың жиілеуі халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер етері сөзсіз. Сондықтан халықтың көңілі жайланып, алаңсыз өмір сүруі үшін жағдай жасалуы керек. Бұл да болса төтеншеліктердің қосымша міндеті деуге болады. Халықтың алаңсыз өмірі үшін «Аймақтардағы төтенше жағдайлардан келетін қауіптің халықтың әлеуметтік өзін-өзі сезінуіне әсері» тақырыбында сауалнамалар жүргізіліп, олардың көңілін жайландыру үшін жұмыстар жүргізеді. Осы секілді кеше ғана аяқ асты Арыс қаласында орын алған жарыластардан соң қалаға қайта барғысы келмеген көпшіліктің көңіл күйін де түсінуге болады. Өйткені халықтың көңілінде үрей қалып қойған. Мамандар алдағы уақытта Арыс қаласымен де арнайы мамандар жұмыстар жүргізетінін ескертуде. Бұл бағытта жұмыстар жасалып та жатыр. Арыстық балалардың демалыс орындарына жіберілуі де төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында ұйымдастырылып жатқан шаралар. Демек кез келген нәрсенің салдарымен күрескеннен гөрі, алдын алу әрқашан да тиімді саналады. Осы орайда мемлекет тарапынан төтенше жағдайлардың алдын алуға және оның салдарларын жоюға бағытталған жұмыстарды халықтың айтарлықтай бөлігі жоғары санаса, енді бір тобы жүргізіліп жатқан жұмыстарға көңілдері тола бермейді. Дегенмен айта кетер жайт, айналамызға қарап отырып-ақ, кез келген төтенше жағдайдың өз салдары болатынын түсіне білуіміз керек. Және жалпы қоғам төтенше жағдайдың алдын алуға барынша бейімделуі керек.


Жүргізілген зерттеу нәтижелері мемлекет тарапынан төтенше жағдайларды шешуге байланысты жұмыстардың жеткілікті дәрежеде жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, азаматтардың әлі де болса өздерінің әлеуметтік қауіпсіздігіне селқос қарайтындықтарынан хабар берді. Соның дәлелі еліміздегі тұрғындардың көбісі қаііпсіздік ережесін сақтай бермейді. Соңғы жылдарды бағамдасақ елімізде ең жиі орын алатын төтенше жағдай су көшкіндері екен. Тек қана соңғы 70 жыл ішінде олардың 600 түрі болып, олардың басым бөлігі түрлі қауіп туғызған. Тигізген залалдары бойынша екінші орында тұрған қар көшкіні. Жерді тұрақты түрде рационалды игермеу осы көшкіндерді тудырады. Олар тау-кен өндірістері, автокөлік магистралдары, инфраструктура объектілері бар халықтың неғұрлым тығыз орналасқан жерлеріне қауіп тудырып отыр. Сондықтан елімізде қар көшкіні су тасқынынан болатын қауіпке машықтандыру қажетірек секілді. Статистикаға сенсек, материалдық тұрғыдан халықтың тұрмыс жағдайына неғұрлым көп зиянын тигізген техногендік процестер болып есептеледі. Сөзімізді маман пікірімен түйіндесек.


Ардақ Әлімұлы, Экономист:

-Қазақстанда қауіпті болып есептелетін таукен, химиялық, мұнай өндіру, атом-энергетикалық және басқа да өндіріс салаларының 363450 объектісі бар екен. Кәсіпорындық және басқа да апаттар, өрттер, жарылыстар, құрылыстар мен үйлердің бұзылуы, су қоймасының ашылып кетуі сияқты техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың көзі болып табылатын осындай нысандарда қауіпсіздік шаралары күшейтіле берілуі керек. Өндірістік жарылыстар, таудағы кен орындарын игеру және мұнайды және газды өндіру «қолдан жасалған сейсмикалық жағдайға» жер сілкіністеріне алып келеді. Сондықтан кен орындарындағы қауіпсіздік шарасы басты мәселе болуы керек. Әлеуметтік қауіпсіз ортаны қалыптастыру әлеуметтік сала мамандарының басты міндетіне айналуы тиіс. Қазір арыстық тұрғындардың жағдайын бағамдай келе, халықтың әлеуметтік тұрғыдан өзін жақсы сезінуін қалыптастыру әлеуметтік қорғау шараларының кеңінен жүргізілуін талап етеді. Жалпы бірінші кезекте азаматтар туындап отырған қиындықтар туралы және қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы толық ақпараттар алып отыруы тиіс. Қоршаған ортаның ластануы, техногендік зиянды әсерлер туралы мемлекеттік және жергілікті органдарға жеке тұрғыда немесе ұжымдық тұрғыда ақпарат беріп, орын алып отырған мәселелердің шешілуін талап етіп отырулары тиіс. Әрбір жеке адамның азаматтық позициясын белсенді етіп қалыптастыру әлеуметтану мамандарынан аянбай көп еңбек етуді талап етеді.


Мамандар осылай дейді. Әрине салыстырмалы түрде алғанда елімізде орын алған төтенше жағдайлардың саны айтарлықтай көп емес. Шекараның арғы бетіндегі елдерде күн сайын, түрлі жағдайлардың орын алып жататынын ескерсек, төтенше жағдайлардың тіркеліп отыруы қалыпты жағдай. Әйтсе де олардың алдын алып, төтенше жағдайдың салдарын жойып отыруы күн тәртібіндегі мәселе болуы тиіс!
Қуаныш Ерсұңқар

 




 




Көрілген: 197    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 16:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31