Аймақ

Маңғыстауда бес жүздей отбасыға пәтер кілті табысталды

  • Маңғыстауда бес жүздей отбасыға пәтер кілті табысталды

    Маңғыстауда бес жүздей отбасыға пәтер кілті табысталды

Баспана мәселесін қай заманда да өзекті. Үлкен қалалардан бастап шағын қалалар мен ауылдарда баспана мәселесін шешу үшін жасалып жатқан жұмыстар көңіл толтырарлық. Өйткені өзекті мәселенің түйткілді түйінінің тарқату үшін елімізде түрлі бағдарламалар арқылы тұрғын үй мәселесі жолға қойылып келеді десек те болады. Атап айтсақ Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында да аймақтарда мемлекеттің қаражаты есебінен тұрғын үй салу жағы анық айтылған. Сонымен қатар бағдарламада тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру тетігі арнайы қосымша ретінде жазылып мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Өңірлерде мемлекеттің қаражаты есебінен тұрғын үйлерді іске қосу көлемдерін негізге ала отырып, осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде үй салу комбинаттарының оңтайлы саны, өте тиімді технология, өндірістің қуаты, қаржыландыру схемасы мен құрылымы мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының құралдары есебінен қаржыландыру айқындалған. Ал биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді және өзіне тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа тетіктерін және бұрын қабылданған мемлекеттік және салалық: «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған және Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламалардың тетіктерін біріктірді. Бағдарлама елдегі халықтың әр тараптарының тұрғын үй мәселелерін кешенді шешуге бағытталып жасалған. Бұлайша нақтылап отырған себебіміз, осы бағдарламалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасап көргенде игі істің арқасында қаншама жандар баспаналы болып қуанышқа кенеліп жатқанына көз жеткіздік.

Барлығын тізіп талдап шығуды мақсат тұтпай мысал ретінде кеше ғана Маңғыстауда бес жүзге ге жуық отбасының баспаналы болғанын айтып өтсек те болар. Қазақстан Ипотекалық Компаниясы Ақтау қаласының 55 жылдық мерекесі қарсаңында кезекте тұрған 478 отбасына 161 бір бөлмелі, 237 екі бөлмелі және 80 үш бөлмелі пәтерлердің кілттерін табыстап қуанышқа кенелтті. Жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 26 122,4 шаршы метр болады. Пәтерлер талапқа сай жасақталып, әдемі әрленген. Барлық пәтерлерге газ плитасы және сантехника толықтай орнатылып қажетті коммуникациялар түгелдей жасалаған. Жаңа тұрғын үй Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жер» бағдарламасының «Сатып алумен жалға беру» бағыты аясында іске асып, пайдаланылуға беріліпті.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Руслан Кәкім қатысты.

Қуанышқа кенелген жандарды құттықтап сөз сөйлеген аймақ басшысы: «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша елімізде 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Сонымен бірге салынатын ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қойылуда. Осыған орай үкіметке, жергілікті атқарушы билік органдарына халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ісін жедел әрі тиімді жүргізу бойынша үлкен салмақ салынып, жауапкершілік жүктелді. Бүкіл еліміздегі сияқты, қазір бұл бағыттағы нақты жұмыстар Ақтау қаласында да іске асырылып жатыр. Ақтау қаласындағы жаңа шағын аудандарды игеру, барлық инфрақұрылымымен жаңадан үйлер тұрғызу, мұның барлығы да түптеп келгенде әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған жоспарлы жұмыстардың нәтижесі», - деп атап өтті.

Ақтау қаласында «Сатып алумен жалға беру» бағыты бойынша бүгінге дейін жалпы ауданы 56664,9 шаршы метрді құрайтын 986 пәтері пайдалануға беріліпті.

Жиында сөз алған «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Руслан Кәкім бірінші кезекте аталмыш компания қазақстандықтардың, халықтың ең осал топтары – көп балалы және толық емес отбасылардың, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, жетімдердің тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру басымдық беретінін айтып өтті.

«Бұл Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылған біздің ортақ ісіміз. Бізге жауапты миссия жүктелді және біз ортақ күш-жігерімізді біріктіре отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынымызды дәлелдей алдық», – деді АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

Баспаналы болған отбасылардың қуанышында шек жоқ. Жаңа тұрғын үйдің сыртқы көрнісі де өте ажарлы болып әрленіпті.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.09.2018, 09:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31