Өңірлік рейтингте Семей қаласы орта серпінді дамуы бар аймаққа жатқызылды
Өңірлік саясат ұлттық экономиканың маңызды нүктелері деп танылған экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендердің дамуы мен өсуіне ықпал етіп келеді. Еліміздегі 2020 жылға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасының басты бағыты да дамытуды және қолдауды қамтитын ұтымды аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналып отыр. Осы бағыттағы жұмыстың тіиімділігін арттыру үшін еліміздегі аймақтардың әртүрлі ерекшеліктері ескеріліп макроөңірлерге бөлінген. Ал осы макроөңірлер еліміздің экономикалық өсуіне әртүрлі денгейде өз үлестеріп қосып жатыр. 2020 жылға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасының Орталық-Шығыс макроөңірі бөлігіне көз жүгіртсеңіз оңтайлы қоныстандыру жүйесін құру және өңірлік инфрақұрылымды нығайту және урбандалудың жоғары деңгейін ескере отырып, макроөңір қалаларын сапалы дамытуға басым көңіл бөлінетіндігі айтылған. Сонымен қатар ірі өнеркәсіптік қалаларда экономиканың сервистік секторлары – бизнес қызметтер, ақпараттық технологиялар, ғылыми-білім беру қызметтері, жоғары мамандандырылған медицина және басқалары дамып, тұтастай алғанда, экономиканы және қоныстандыру жүйесін дамыту, өндіріс күштерін орналастыру аумақтық дамытудың бірыңғай өңіраралық схемасы шеңберінде жүзеге асырылып келеді.
Осы айтылған мәселелердің қалай іске асып жатқанын бақылап көру үшін бүгін макроөңірлердің бірі ретінде Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары рейтингісінің 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы қорытындыларына көз жүгіртіп көрелік. 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аудандар мен қалалар арасындағы ішкі өңірлік рейтингте Семей қаласы 7 орынды иеленіп, орта серпін дамуы бар аймаққа жатқызылыпты.
Ал, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13 көрсеткіштің ішінен 5 көрсеткіш бойынша нәтижелер биыл жақсарған. Олар: - құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 174% (104,5%), негізгі капиталға салынған жеке меншік инвестициялардың нақты көлем индексі - 136,3% (89,9%), мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны – 137% (110%), шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының өсу қарқыны – 116,1% (110,8%), мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған 1-6 жастағы балалар санының өзгеруі – 110,8% (101,5%);
- жағымды динамикаға қарамастан 5 көрсеткіш бойынша өткен жылдың деңгейіне жетпеу байқалуда: өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 103,4% (106,1%), қала бюджетінің меншікті кірістер көлемінің өсу қарқыны – 105,5% (123,1%), қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу қарқыны – 100,4% (101,3%), 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі – 97,1% (94,3%), қылмыстылық деңгейінің өзгеруі – 92,2% (75,8%);
Ал құрылыс қызметіне келер болсақ осы жылдың қаңтар-тамызында құрылыс жұмыстарының көлемі қосымша бағалауды есепке алғанда 21713,7 млн теңгені құрапты, бұл 2017 жылдың қаңтар-тамызындағы деңгейден 1,7 есеге көп.
Мердiгерлiк жұмыстардың құрылымында 83,1% – құрылыс-монтаж жұмыстары, 3,1% – күрделі жөндеу.
Объектілер мен қуаттарды іске қосу. 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында қалада тұрғызылған тұрғын үйлердің жалпы аумағы 52375 ш. метрді құрады.
Тұрғын үй құрылысына 7464,6 млн. теңгенің инвестициясы жұмсалды, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 209,6% құрады.
Жылдың басынан 52375 ш. метрлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді салу мемлекеттік және мемлекеттік емес секторының субъектілерімен жүргізілген.
Міне біз осы көрсеткіштерге көз жүгіртіп салыстыра келіп, өңірдегі дамудың айтарлықтай екеніне көз жеткіздік. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы жаңа өңірлік саясатты іске асырудың құралы, оның мақсаты әрбір өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде өңірлердің орнықты дамуы үшін жағдай жасау екені анық. Атап айтсақ бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, яғни тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды – энергия және жылу көздерін, газбен, жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға, өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ өңірлерді функционалдық типологиясына және экономикалық әлеуетіне сәйкес дамытуға бағытталған. Сондықтан еліміздегі өңірлер дамуының оң көрсеткіштері осы бағдарлама аясында жүйелі жүргізілуіне байланысты деп түйіндеуге болады.
Нұрлы Еділов