Орман өрттері көбейіп тұр

Орман өрттері көбейіп тұр

Алдын алу жұмыстарына қарамастан елімізде орман және дала өрттері жиі тіркелуде. Ормандағы өрт табиғат апаты десек те, оның себебі мен салдары көп жағдайда қауіпсіздікті сақтамағандықтан болатыны сөзсіз. Әсіресе шілденің шіліңгір ыстығында қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты республика бойынша жоғары өрт қауіптілігі сақталды. Мәселен 21 шілде күні еліміз бойынша 33 табиғи өрт оқиғасы, 20 шілде күні 27 табиғи өрт тіркелген. Тіпті кейбір өңірлердегі өрттер бірнеше күнге созылуда. Мәселен Жамбыл облысында тұтанған өртті ауыздықтау жұмыстарының жүргізіліп жатқанына бірнеше күн болды. Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылынан 50 шақырым қашықтықта «Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ аумағында құмды жердегі құрғақ шөп пен сексеуіл жануда.
Өртті жоюға ТЖД, «Мойынқұм, Байзақ, Меркі, Қосқұдық, Қордай және Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері» КММ, Мойынқұм ауданының ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 233 адам және 50 бірлік техника, «Қазавиаорманкүзеті» РМК МИ-2 тікұшағы жұмылдырылуда. 21 шілде күнгі жағдай бойынша өрттің алдын ала ауданы 34 мың га құраған. Бір қуанарлығы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарындағы 13 табиғи өрт ТЖК бақылауында, онда өрттерді жою бойынша шаралар қабылдануда. Бұдан басқа, 21-22 шілде күндері Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы табиғи өрттер жойылды. Аталған өңірлерде от шарпыған аумақтың жалпы ауданы 403 га құрады. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылынан 100 шақырым жердегі Луговой орман шаруашылығының аумағында да құмды жерде құрғақ шөптің жануы орын алып, Мерке ауданы Сарықоба орманшылығы аумағына өтіп, алдын ала мәлімет бойынша 8 мың га аумақта өрт шықты. Өртті сөндіруге 177 адам мен 35 бірлік техника жұмылдырылды, олар ТЖД, ЕӨҚҚ, «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ, «Луговое орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ күштері мен құралдары пайдаланылған. Ал 10-17 шілде аралығында Облыс әкімдіктерінің және басқа да мемлекеттік орман иеленушілердің қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында 19 орман өрті тіркелген. Оның ішінде Ақтөбе облысы бойынша 5 өрт; Батыс Қазақстан облысы бойынша 9 өрт; Қостанай облысы бойынша 2 өрт; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 1 өрт; Бурабай МҰТП бойынша 2 өрт тіркелген. Жалпы жыл басынан бері еліміз бойынша ормандарда жалпы ауданы 22 403,25 га болатын 394 орман өрті оқиғасы тіркелген. Оның ішінде орман өрті 9 573,99 га, оның ішінде орманмен көмкерілгені 7 103,59 га, оның ішінде жоғарғы 1209,04 га, орман емес 12 829,26 га құраған. Жалпы залал 1 883,5 млн.теңгені құрады.
Облыстық атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік орман иеленушілердің қарамағындағы ормандарда жалпы көлемі 10 282,14 га өрт шарпыған. Жалпы саны 216 орман өрті тіркелген. Оның ішінде орман өрті 5 388,53 га, ал орманмен көмкерген 4 369,42 га. Жоғарғы 135,69 га, орман емес 4 893,61 га, жалпы залал көлемі 50 773,8 мың теңгені құрады. Былтырғы жылы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы ормандарда жалпы ауданы 12 121,11 га өрт шарпыған. Оның ішінде орман өрті 4 185,46 га, оның ішінде орманмен қамтылған 2 734,16 га, жоғарғы орман өрті 1073,35 га болды. Орман емес ауданы 7 935,65 га, шығын клемі 1 832 738,4 мың теңгені құрады.
Өрт кезінде төтенше жағдайлар қызметкерлері жарақат алатын кездер де кездеседі. Мәселен жақында Жуалы Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің екі қызметкері жарақат алған. Жалпы орман өрттері табиғи өртке жатқанмен өрт тұтануына адам факторы әсер ететінін естен шығармауымыз керек. Орманда өрт шығу себептерін сараптағанда, ол көбінесе адамдардың өз кінәсінен болатыны анықталған. Жекелеген тұрғындардың немесе орман жұмысшыларының бұл мәселеге үнемі бейқамдық танытатыны өкінішті. Сондықтан, өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, олармен қатар қоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс. Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі - бірінші кезектегі мәселе. Орман шаруашылықтарының барлығында орманды өрттен қорғау жоспары болады. Жоспарда орманның түрі, ортаның рельефі, су, теміржол, автомобиль жолдарының жақындығы ескеріледі. Орман шаруашылығын өрттен қорғаудың сызбасы жасалады. Төтенше жағдай қызметкерлері жергілікті тұрғындармен өрттің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ағаш, жалпы бүкіл өсімдік атаулы көмірқышқыл газын жұтып, орнына оттегі бөледі. Адам мен жан-жануар сол оттегімен тыныс алып, орнына көмірқышқыл газын шығарады. Сондықтан адамзаттың тыныс алуын қамтамасыз етіп отырған орман шаруашылығын көп болып қорғау парыз.
Аршат Әділгерей, эколог:
- Өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар жатады. Орман өрттерінің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар: төселе жанатын, шарпи жанатын және дауылды өрттер. Әр өрттің жану жолы әртүрлі деңгейде қарастырылады. Орман өрттерінің алдын алу шараларының ең маңыздысы – қолдан жасалған өртті азайту. Ормандағы өрттердің бәрі сыртқы себептерден болады. Әйтпесе, орманның ішінде өрттің көзі жоқ. Рас, орманның жануы кейде найзағайдан да болады, бірақ өртті орманға негізінен адамдар әкеледі. Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан, оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажет. Орман өрті жедел өтеді және тез таралады. Қалың ағаш ішіндегі өрт минутына 3-4 метр жылдамдықпен таралып, 10-14 сағатта үлкен аумақты шарпиды. Оның ішіне кіру де, өрт сөндіру техникаларын енгізу де – қиын шаруа. Кез келген апатты жағдайда тұрғындарды қорғау шаралары қаралады. Елді мекенге тақалған өртті тоқтата алмаған жағдайда мемлекеттік қызмет адамды, мүлікті және малды қалай қорғау керектігін, не істеу қажеттігін, ал қажетті жағдайда эвакуациялау туралы алдын ала хабарлайды.


Қуаныш Ермекова
 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста