Өрт оқиғалары көбейіп тұр

Өрт оқиғалары көбейіп тұр

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жақында «еліміздің он өңірінде өрт қаупі бар» деп мәлімдеме жасады. Шын мәнінде өрт - материалдық шығыны жоғары тілсіз жау екенін ескерсек, оның салдарымен күрескеннен гөрі, алдын алудың әлдеқайда тиімді екенін сезіне түсеміз. Дәл қазір елімізде тым аптап ыстық күндердің тіркелуіне байланысты Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында өрт қаупі белгіленді. Және аталмыш аумақтарда төтеншелік мамандар қырағылықтарын күшейте түскен.

Ал осыған дейін Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында он шақты аумақтың орман шаруашылықтарында құрғақ шөп пен ормандар өртеніп, дер кезінде сөндірілген. Соның өзінде тіркелген өрттер 10 мың га жерді шарпып үлгерген. Бұл өрттерді жоюға орман шаруашылығы, ерікті өрт сөндіру құрылымдары, Төтенше Жағдайлар қызметінің күштері тартылып, жалын дер кезінде ауыздықталған.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар қызметіне тиесілі ұшақтармен өңірлерді аралап шығу кезінде бірнеше жерден далалықтан өзінен өзі тұтанған табиғи өрттер, яғни қураған, құрғақ шөптердің жануы байқалған. Жыл сайын табиғи өрттер мемлекетке үлкен материалдық залал әкеледі. Биылғы жылдың басынан бері 296 орман және 13 дала өрті тіркелген. Табиғи өрттердің туындау қатерін болдырмау мақсатында төтеншелік мамандар барын салуда. Соның арқасында өткен жылмен салыстырғанда орман және дала өрттері былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәл-пәл азайған. Дегенмен еліміздің төтеншелік мамандары төтенше жағдайдың алдын алу, орман және дала өрттерін болдырмау мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізуде.

Биылғы жылы орман және дала алқаптары мен демалыс орындарында 3 300-ден астам бірлескен рейд жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған 558 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы орайда төтенше жағдайлар қызметі мамандары орман және далалық алқаптарда жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастамауды, май сіңген және бензин сіңдірілген сүрту материалын қалдырмауды өтініп сұрайды.

Алдағы уақытта жергілікті жерлердегі өрт сөндіру бекеттерінің санын көбейту мақсатында жергілікті атқарушы өңірлерге тапсырма да берілді. Өйткені елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктеріне жатады.

Сондай-ақ астаналық Төтенше жағдайлар департаменті БАҚ өкілдерімен бірлесіп өрт қауіпті кезеңде құрғақ шөптердің жануының алдын алу бойынша арнайы баспасөз мәслихатын да өткізді. Тұрғындарға құрғақ шөптің жануына жол бермеуге қатысты негізгі ережелер түсіндіріліп, үгіт жаднамалары таратылды.

Көбінесе құрғақ шөптің жануына отты абайсыз қолдану, сөндірілмеген темекі тұқылы, балалардың отпен ойнауы себеп болып жатады екен. Тұрғындардың қоқыс өртеуі, шала сөнген темекі тұқылын тастай салуы секілді жағдайлар да құрғақ шөптің өртенуіне әкеліп соғып жатады екен. Срндай-ақ өкінішке қарай, орман мен дала алқаптарының, шабындық жерлері мен жайылымдардың жүздеген гектарларының өртенуі көбінесе табиғатқа жаны ашымайтындардың әрекетінен болады екен. Демалуға барған адам толығымен сөндірілмеген темекі тұқылын қураған шөптерге лақтырып, бірі ошақта тамақ пісіріп, оттың толық сөнгеніне көз жеткізбестен жөндеріне кетеді. Дәп осыдан, орман өрттері мен дала өрттері туындайды.
Көбінесе үлкен тас жолдардың бойында өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерінің де көлік терезесінен темекі тұқылын тастай салуы немесе бензин сүрткен шүберегін лақтыра салуы да өрт қаупін тудырып жататын көрінеді. Ал иесіз аумақтарды көбінесе адам бола бермейтіндіктен қараусыз өрт беталды жанып, мемлекетке айтарлықтай зор шығын әкеліп жатады. Сондықтан төтеншелік мамандар «мұндай кездерде өртті бірінші көрген кез келген адам өрттің алдын алуға ұмтылып, өрт сөндіру қызметіне телефон соға салса дұрыс болар еді» дейді.

Дархан Әпсеметов, Алматы қалалық өрт сөндіру қызметі маманы:

- Орман және дала алқаптарындағы өрттер көп жағдайда қараусыз жанып, біраз аумақты қамтып үлгереді. Сондықтан кез келген адам өртті көре сала арнайы өрт сөндіруші мамандарды шақырып, өзі де төтенше жағдайдың алдын алуға ұмтылса дұрыс болар еді. Дала өрттерін сөндіру кезінде жалынды қаптармен, басқа да қолда бар құралдармен өшіріңіз; Егер техника болса, оны пайдалануға тырысыңыз, өрт учаскесін жыртыңыз немесе қорғаныс жерді жыртуды жүргізіңіз; Ең алдымен оттың таралуын тоқтату керек, одан кейін ең қарқынды жану орындарындағы отты сөндіру керек. Бұл ретте су ағысын жалынға емес, жанған жерге бағыттау керек. Өрт болған жағдайда Өртке қарсы қызметке 101 нөмірі бойынша хабарласыңыз!

Еркенұр Қонысбай 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста